Мәтін есептерді пропорция көмегімен шешу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1А. Қатынас және пропорция | Мектеп: Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы НЗМ |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: |
Сынып: 6-сынып | Қатысқандар саны: |
Сабақ тақырыбы: | Мәтін есептерді пропорция көмегімен шешу |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 6.5.1.2 Процентке берілген есептерді пропорция көмегімен шығару; |
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
|
Жетістік критерийлері | Оқушылар:
|
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Оқушылар сыныппен талдау кезінеде теңдеудің түрін және шешу тәсілін анықтайды.
|
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың бір-бірін сыйлауға, математикалық тілде сауатты сөйлеуге, өз ойларын нақты жеткізе білуге баулу. Оқушыларды ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу. Оқушылардың ойын жеткізе білуін және ой өрісін дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру. |
Пәнаралық байланыстар | Ағылшын тілі, биология |
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қолдану, инженерлік калькулятормен жұмыс жасау. |
Бастапқы білім | Қатынас және пропорция. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин | Ұйымдастыру кезеңі:
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 3 мин 15 мин 25 мин 14 мин
1 мин 12 мин |
Сұрақтар:
Өткен білімдерін тексеру кезінде сингапурлық тәсілді қоолдану.(Сингл Рануд Робин. Бір жауапты айналдыра қайталап шығу.) Оқушының тақырып бойынша хабарламасы: «Ертедегі Грециядағы пропорция» «Пропорция» сөзі латынның proportio деген сөзінен шыққан. Ертеде пропорция туралы оқу пифагорлықтар арасында құрметті орын алған. Пропорциямен олар табиғаттағы тәртіпті және сұлулықты байланыстырған. Сондықтан кейбір пропорция түрлерін олар «музыкалы» және «гармониялы» деп атаған. Евклидтің «Бастамасы» деген кітабында 7-ғасырда бүтін сандар үшін пропорция туралы айтылған. а : Ь = с : d пропорциясынан Евклид келесі пропорцияларды шығарған: b : а = d : с (а+b) : b = (с+d): d а : с = b : d (а-b) : b = (с-d) : d с : (а-b) = с : (с-d) Пропорцияның негізгі қасиеті. Евклид пропорцияның негізгі қасиетін дәлелдеген. Пропорцияны ертеде және орта ғасырларды әртүрлі есептің түрлерін жеңіл шешу үшін қолданған. Кейбір есептің түрлері пропорцияның көмегімен өте оңай шешілген. Пропорция, пропорционалдық тек математикада емес сәулет өнерінде, өнерде қолданылған.
Берілген теңдеулерді шешіп, сәйкес сандар бойынша кестеде бүгінгі сабақтың тақырыбы мен тапсырмалардың мазмұнын анықтауға болады. Мұғалім берілген есептерді оқушылар арасында бір-бірден бөліп беруі керек.
Жауабы:
Мұғалім. Кейбір аурулар дәрумендердің жетіспеушілігенен пайда болады. 1880 жылы орыс ғалымы Н.И.Лунин адамдардың ауыру себептерін ашты. Ол табиғи азық-түліктердің құрамында тірі ағзаға қажетті ертеде белгісіз болып келген заттардың болатынын анықтады. Осы заттарды дәрумендер деп атады. Ол барлық физиологиялық процесстердге қатысып, өмір сүруге қажетті регулятор қызметін атқаратынын байқады. Дәрумендер адам ағзасында пайда болмайды немесе жеткіліксіз түрде пайда болады. Дәрумендер өсуге, дамуға және заттар алмасуына қатты әсер ететін фермент ретінде немесе ферменттер құрамына енеді. Ас құрамында қажетті дәруменнің болмауынан авитаминоз ауруы пайда болады. Қалыпты өмір сүру үшін ас құрамында 20 түрлі дәрумендер болуы тиіс. Олардың кейбіреулерімен танысалық. № 1 тапсырма. 100 г қара қарақаттың құрамында 0,25 г С дәрумені бар. 1 кг қара қарақаттың құрамындағы С дәруменінің қанша грамм болатынын анықта. Егер үлкен адам ағзасына бір тәулікте 0,05 г С дәрумені қажет болса, 1 кг қара қарақат қанша тәуліктік мөлшерлемеге сай келетінін анықта. №2 тапсырма. Қырыққабатты тұздаған кезде ол өзінің салмағының 20% жоғалтады. 10 кг тұздалған қырыққабат алу үшін, 12 кг жас қырыққабат жете ме? №3 тапсырма. Күнделікті адам ағзасына қажетті С дәруменінің массасының Е дәруменінің массасына қатынасы 4 : 1-ге қатынасындай. Егер С дәруменін тәулігіне 60 мг қабылдау керек болса, онда Е дәруменінің тәуліктік мөлшерлемесі қанша болады? №4 тапсырма. 12 жастағы оқушы үшін бір тәулікте ішетін сұйықтың 12,5%-ін сүт тағамдары құрайды.Егер ол бір тәулікте 2 л сұйық ішетін болса, онда қанша сүт, айран ішу керек?
1. Пропорция дегеніміз: 1) екі қосындының теңдігі; 2) екі қатынастың теңдігі; + 3) екі көбейтіндінің теңдігі. 2. Ақиқат тұжырымдаманы анықта: 1) дұрыс пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең; + 2) дұрыс пропорцияның шеткі мүшелерінің қосындысы ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең; 3) дұрыс пропорцияның шеткі мүшелерінің айырмасы ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең;.
1) 2,5 : 5 = 4 + 1; 2) 30 : 5 = 60 : 10; + 3) 48 - 40 = 48 : 6. 4. Пропорцияның ортаңғы мүшелері тең: 3,6 : 1,2 = 6,3: 2,1 1) 3,6 және 6,3; 2) 1,2 және 6,3; + 3) 1,2 және 2,1. 5. Пропорцияның шеткі мүшелері тең:14,7 : 0,7 = 18,9 : 0,9 1) 14,7 және 0,7, 2) 18,9 және 0,9; 3) 14,7 және 0,9. + Бағалау: 5 белгі - «жетті»; 4 белгі- «талпынды»; 3 белгі - «жетпеді». | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин |
VIII. Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек.» Мұғалім стикерлерге өздеріне тілек жазып, бүгінгі сабақтағы өз жұмысын бағалайды. Стикерді тақтаға жапсырады. |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | ||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?