Тура пропорционалдық шамалар. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша материалдар
Қосымша №1.
- Екі санның ___________сол сандардың _______________аталады.
- Егер берілген қатынастың алдыңғы мүшесін соңғы мүше етіп, ал соңғы мүшесін алдыңғы мүше етіп, орындарын ауыстырып жазсақ, онда берілген қатынасқа ____________ алынады.
- Қатынастың екі мүшесін де нөлден өзге бірдей санға _______ немесе ___________, берілген қатынасқа ________шығады.
- Екі қатынастың теңдігі ___________деп аталады.
- _________________шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне ______.
Жауабы:
- Бөліндісі, қатынасы.
- Кері қатынас.
- Көбейтсек, бөлсек.
- Пропорция.
- Пропорцияның, тең.
Қосымша №2.
Сабақтағы қол жеткізілетін оқу мақсаты:
6.1.1.2 қандай шамалар тура пропорционалдық болатынын түсіну, мысалдар келтіру, есептер шығару.
Кесте бойынша ойланып, сұраққа жауап іздеңдер.
Жылдамдық 4 м/с тұрақты болғанда уақыт артса, жүрілген жолдың ұзындығы қалай қалай өзгереді?
Жылдамдық – (м/с) | 4 | |||
Уақыт – (с) | 1 | 2 | 3 | 4 |
Жол – (м) | 4 | 8 | 12 | 16 |
Қосымша №3.
Егер бір дәптер 90 г қағаздан дайындалса, екі, үш, төрт, ..., сегіз дәптер неше грамм қағаздан дайындалады? Жауапты кесте түрінде жаз:
Дәптер саны | ||||||||
Қағаздың массасы |
Тура пропорционалдық шамаларға мысалдар:
- Заттың бағасы тұрақты болғандағы оның құны мен мөлшері (массасы, ұзындығы, саны)
- Тұрақты жылдамдықпен жүргендегі жол мен уақыт;
- Шаршының қабырғасының ұзындығы мен оның периметрі;
- Заттың көлемі мен массасы.
Қосымша №4
- Шаршының қабырғасы мен периметрі;
- Ауданы берілсе, тіктөртбұрыштың ені мен ұзындығы;
- Берілген уақыттағы, машинаның жылдамдығы мен жолы;
- Турбазадан станцияға дейінгі жолдағы туристің жылдамдығы мен уақыты;
- Ағаштың жасы мен биіктігі;
- Болат шардың көлемі мен оның массасы;
- Кинотеатрдағы сатылған билеттер саны мен кассаға түскен ақша;
- Машинаның саны мен жүк көтергіштігі;
- Жол тұрақты болғанда, машинаның жылдамдығы мен уақыты;
- Тіктөртбұрыштың ені тұрақты болғанда, ауданы мен ұзындығы.
Қосымша № 5. Жұптық жұмысты бағалау критерийлері:
- Тапсырманы дұрыс түсінген.
- Тура пропорционал болатын функция табылған.
- Кесте дұрыс толтырылған.
- Графигі дұрыс сызылған.
- Бірлесе жұмыс жасаған кездегі қарым-қатынастары жақсы.
Тапсырма. Берілген функциялардың арасынан тура пропорционалдықты тап. Кесте толтырып, графигін сыз.
Жауабы:
х | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
у | 2 | 4 | 6 | 8 | 10 |
Қосымша №6.
Қалыптастырушы бағалау жұмысы.
- х-пен шаршының кабырғасын белгіле.
у-пен оның периметрін белгіле.
- Бұл шама х шамасына пропорционал бола ма?
- Кестені сызып, толтыр.
- Егер екі шаманың біреуін бірнеше есе кемітсе, екіншісі қалай өзгереді?
- Берілген кестелердің арасынан тура пропорционал болатын тәуелділікті тап және толықтыр.
х | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
у | 2,8 | 5,6 |
х | 0,5 | 1 | 1,5 | 2 | 2,5 | 3 |
у | 60 | 30 |
х | 0,8 | 3,2 | 4,8 | 2,4 | ||
у | 4 | 16 | 20 | 8 |
х | 2 | 0,2 | 1 | 0,8 | ||
у | 4 | 40 | 0,5 | 3,2 |
Қосымша № 7. «Нысана» бойынша оқушылардың бүгінгі сабақты қорытындылау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды