Тура пропорционалдық шамалар. Математика, 6 сынып, презентация.


Тура пропорционалдық шамалар

«Не білеміз?»

Екі санның ___________сол сандардың _______________аталады.

Егер берілген қатынастың алдыңғы мүшесін соңғы мүше етіп, ал соңғы мүшесін алдыңғы мүше етіп, орындарын ауыстырып жазсақ, онда берілген қатынасқа ____________ алынады.

Қатынастың екі мүшесін де нөлден өзге бірдей санға _______ немесе ___________, берілген қатынасқа ________шығады.

Екі қатынастың теңдігі ___________деп аталады.

_________________шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне ______.

Жауабы:

Бөліндісі, қатынасы.

Кері қатынас.

Көбейтсек, бөлсек.

Пропорция.

Пропорцияның, тең.

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты

 

6.1.1.2 қандай шамалар тура пропорционалдық болатынын түсіну, мысалдар келтіру, есептер шығару;

Кесте бойынша ойланып, сұраққа жауап іздеңдер.

Жылдамдық 4 м/с тұрақты болғанда уақыт артса, жүрілген жолдың ұзындығы қалай қалай өзгереді?

Тапсырма:

Егер бір дәптер 90 г қағаздан дайындалса, екі, үш, төрт, ..., сегіз

дәптер неше грамм қағаздан дайындалады? Жауапты кесте түрінде жаз:

Тура пропорционалдық шамаларға мысалдар

Заттың бағасы тұрақты болғандағы оның құны мен мөлшері (массасы, ұзындығы, саны)

Тұрақты жылдамдықпен жүргендегі жол мен уақыт;

Шаршының қабырғасының ұзындығы мен оның периметрі;

Заттың көлемі мен массасы.

Шамалардың берілгені бойынша тура пропорционалдықты анықта:

1. Шаршының қабырғасы мен периметрі;

2. Ауданы берілсе, тіктөртбұрыштың ені мен ұзындығы;

3. Берілген уақыттағы, машинаның жылдамдығы мен жолы;

4. Турбазадан станцияға дейінгі жолдағы туристің жылдамдығы мен уақыты;

5.Ағаштың жасы мен биіктігі;

6. Болат шариктің көлемі мен оның массасы;

7. Кинотеатрдағы сатылған билеттер саны мен кассаға түскен ақша;

8. Машинаның саны мен жүк көтергіштігі;

9. Жол тұрақты болғанда, машинаның жылдамдығы мен уақыты;

10. Тік төртбұрыштың ені тұрақты болғанда, ауданы мен ұзындығы;

Жауабы:

Тура пропорционалдық шамалар

1; 3; 5; 6; 7; 10.

Қалыптастырушы бағалау жұмысы

1.х-пен шаршының қабырғасын белгіле.

у-пен оның периметрін белгіле.

Бұл шама х шамасына пропорционал бола ма?

Кестені сызып, толтыр.

2.Егер екі шаманың біреуін бірнеше есе кемітсе, екіншісі қалай өзгереді?

3.Берілген кестелердің арасынан тура пропорционал болатын

тәуелділікті тап және толықтыр.

Нысана



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу