Тура пропорционалдық шамалар. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары4

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Базарбаева Г.Н.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.1.2 қандай шамалар тура пропорционалдық болатынын түсіну, мысалдар келтіру, есептер шығару;

Сабақ мақсаттары

  • Тура пропорционалдық шамалар ұғымымен таныстыру;
  • Күнделікті өмірден тура пропорционалдық шамалар болатын мысалдар келтіру;
  • Алған білімдерін есеп шығаруға қолдана білу;

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Сабақтың соңында оқушылар тура пропорционалдық шамалар ұғымын айыра біледі.
  • Топпен бірлесе жұмыс жасауды үйренеді;

3) Өзіне-өзі бақылау жасай білуге жаттығады;

Тілдік мақсаттар

Оқушыларға:

Арнайы лексика және терминология

Шамалар, тура пропорциналдық, кері пропорционалдық

Диалог жүргізу мен жазуға қажетті сөздер қоры

Тура пропорционалдық шамаларды анықтай білу...

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бір-бірін сыйлауға, математикалық тілде сауатты сөйлеуге, өз ойларын нақты жеткізе білуге баулу. Оқушыларды ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу. Оқушылардың ойын жеткізе білуін және ой өрісін дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Пәнаралық байланыстар

Физика, география, биология, қоршаған өмірмен байланыстыру

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Пропорция, пропорцияның негізгі қасиеті

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылығын ояту (Білу және түсіну)

5 минут

Ұйымдастыру.

(Амандасу, сыныпты түгендеу, сынып оқушыларының сабаққа дайындығын тексеру)

1. Стартер «Не білеміз?»

Мақсат: Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру.

2. Оқушылармен диалог жүргізіп, сабақ мақсаттарын бірлесіп қою.

Мақсаты: Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен танысатындарын және оны өмірмен қалай байланыстыруға болатынын анықтауға жетелеу.

Қосымша

№ 1.

Қосымша №2.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ажырату (Қолдану және талдау)

30 минут

4. Жаңа сабақпен таныстыру.

Мақсаты: Шамалар арасындағы тәуелділік түрінің қандай болатынымен таныстыру.

  • Мысалды талдау.
  • Ережесімен таныстыру.
  • Әріптерді қолданып тура пропорционалдықты жазу.
  • Тура пропорционалдықтың қасиетін анықтап, қорытынды жазу.
  • Есептер шығаруға пропорцияны қолдануды үйрету.

5. Топта зерттеу жүргізу. (Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.)

Мақсаты: Берілген пікірлерді талдап, оның ішінен тура пропорционалдық шамаларды анықтау.

Бағалау: «Бас бармақ» бойынша әрбір топтың пікірлерді талдауына баға беру.

6. Демалыс сәтін өткізу.

(Көздеріне жаттығу жасату.

1.Ең алыс нүктені тауып оған 1-2 секунд қарау.

2. Содан кейін ең жақын нүктеге қарау. Осы жаттығуды бірнеше рет қайталау)

7. Жұппен жұмыс.

Мақсаты: Шамалар арасындағы тәуелділікті көрсететін кесте мен график бойынша қысқаша қорытынды жаза білуге үйрету.

Бағалау. Жұптар арасында критерийлер бойынша бағалау өткізу.

8. Жеке жұмыс. ( Қалыптастырушы бағалау жұмысы )

Мақсаты: Өткен тақырыпты қаншалықты меңгергенін байқау және келесі сабақтағы түзету жұмысының бағытын анықтау.

Оқулық:

Алдамұратова Т.А. 6-сынып, 2-бөлім, 51-53 беттер

Қосымша №3.

Қосымша №4.

Тексеру. Топтар жалпы сыныпқа өз жұмыстарының қорытындысы туралы хабарлама жасайды.

Қосымша №5.

Тексеру. Жұптар бірін-бірі тексереді.

Қосымша №6. Тексеру. Өзін-өзі дайын жауаптары бойынша тексеру және өз жұмысына рефлексия жасау

Кеспе қағаздармен таратып беру.

Соңы

3 минут

1) Сабақты қорытындылау.

2) Үйге тапсырма. Тура пропорционалдық шамалар туралы қосымша материалдар дайындап келу.

Презентация

Қорытынды

2 минут

2) Рефлексия.

«Нысана» бойынша оқушылардың бүгінгі өткен тақырыптарын қорытындылау. Қосымша № 7.

Стикерлер арқылы өз ойларын жазу.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта барлық оқушыларға жағымды әсер ету үшін жағдай жасалды.

Оқушылардың зерттеушілік қасиеттерінің дамуына, өзара бірлесіп жұмыс атқаруына, бірін-бірі тыңдап, көмекке келу немесе сөз саптау, түсініктеме беру, сурет арқылы беруге баса назар аударылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу