Кері пропорционалдық шамалар. Математика, 6 сынып, презентация.
Кері пропорционалдық шамалар
«Ақиқат немесе жалған»
Екі санның қатынасы пропорция деп аталады.
Егер екі шаманың біреуін бірнеше есе арттырғанда екіншісі де сонша есе артса, онда мұндай шамалар тура пропорционал шамалар деп аталады.
Заттың бағасы тұрақты болғанда оның құны мен мөлшері тура пропорционал шама болмайды.
Пойыз 2 сағатта 144 км жүрсе, 5 сағатта 350 км жүреді.
Тура пропорционал екі шаманың біреуінің мәндерінің қатынасы екіншісінің сәйкес мәндерінің қатынасына тең.
Жауабы:
Жалған.
Ақиқат.
Ақиқат.
Жалған.
Ақиқат.
Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты
6.1.1.3 қандай шамалар кері пропорционалдық болатынын түсіну, мысалдар келтіру, есептер шығару;
Тапсырма:
Тапсырманы 4 жұмысшы 120 сағатта орындайды. Осы тапсырманы 8, 12, 16 жұмысшы неше сағатта орындайды? Жауапты кесте түрінде жаз:
Кері пропорционалдық шамаларға мысалдар
Тіктөртбұрыштың ауданы тұрақты болғанда оның ұзындығы мен ені;
Құны бірдей заттардың мөлшері мен бағасы;
Арақашықтық бірдей болғандағы жылдамдық пен уақыт.
Шамалардың берілгені бойынша кері пропорционалдықты анықта:
1. Шаршының қабырғасы мен периметрі;
2. Ауданы тұрақты, тіктөртбұрыштың ені мен ұзындығы;
3. Берілген уақыттағы, машинаның жылдамдығы мен жолы;
4. Турбазадан станцияға дейінгі жолдағы туристің жылдамдығы мен уақыты;
5.Ағаштың жасы мен биіктігі;
6. Болат шариктің көлемі мен оның массасы;
7. Кинотеатрдағы сатылған билеттер саны мен кассаға түскен ақша;
8. Машинаның саны мен жүк көтергіштігі;
9. Жол тұрақты болғанда, машинаның жылдамдығы мен уақыты;
10. Тіктөртбұрыштың ені тұрақты болғанда, ауданы мен ұзындығы;
Жауабы:
Кері пропорционалдық шамалар
2; 4;8;9;
Жұптық жұмыс: Сызба бойынша есептер құрастыру
20 жұмысшы 30 күн
Х жұмысшы 5 күн
560 солдат 7 ай
Х солдат 10 ай
Қалыптастырушы бағалау жұмысы
1.х-пен тіктөртбұрыштың ұзындығын белгіле.
у-пен оның енін белгіле.
Ауданы тұрақты болсын. S=24 кв. см
Бұл шамалардың арасында қандай байланыс бар?
Кесте сыз, толтыр.
2.Егер екі шама кері пропорционал болса, онда біреуін бірнеше есе кемітсе екіншісі қалай өзгереді?
3. Ыстық күнде 6 орақшы ыдыстағы суды 8 сағатта ішті. Осындай ыдыстағы сусынды неше орақшы 3 сағатта ішеді? Қысқаша жазылуын жазып, есепті шығар.
Рефлексия.
Синквейн
1 жол – 1 зат есім(тақырыппен байланысты кілтті сөз)
2 жол – 2 сын есім
3 жол –3 етістік
4 жол – 4 сөзден құрастырылған 1 сөйлем
5 жол – кілтті сөзге синоним
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?