Шамаларды берілген қатынаста бөлу; Математика, 6 сынып, презентация.


Сандарды берілген қатынастарда бөлу.

6.1.2.6

шамаларды берілген қатынастарда бөлу.

Бағалау критерийлері:

-шамаларды берілген қатынаста

бөле алады;

-шамаларды берілген қатынаста

бөлуді есептер шығаруда қолдана

алады.

Мысал: 1

Тосап қайнатуға жидек пен қантты 1:1 қатынаста алу қажет. Сапалы тосап қайнату үшін 5 литр жидекке қанша мөлшерде қант салу керек ?

Тапсырманы оқыңыз.

«1 : 1» қатынаста дегенді қалай түсіндіңіз ?

Ол нені білдіреді ?

Тапсырма сұрағына жауап беріңіз.

Мысал 2

Оқушы саны 2 : 1 қатынасындай болатын торкөз және жол дәптерлер сатып алды. Егер оқушы 24 торкөз дәптер сатып алған болса, қанша жол дәптер сатып алған?

Тапсырманы оқыңыз.

«2 : 1» жазуын қалай түсіндіңіздер?

Қалай ойлайсыздар, ол нені білдіреді ?

Тапсырма сұрағына жауап беріңіздер.

Анықтама

(a : b, ) бұл жазу a және в сандарының қатынасы деп оқылады.

1. «қатынас» сөзін пайдалана отырып төмендегі өрнектерді оқыңыз:

2. Қатынасын табыңыз :

3. Қатынасын қысқартыңыз:

Қасиеті:

Бөлшектің негізгі қасиетін естеріңізге түсіріңіз

Егер бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей санға көбейтсек және бөлсек , бөлшектің мәні өзгермейді.

Шамалардың қатынасы:

Өздеріңіз білетін шамаларды естеріңізге түсіріңіздер.

Жылдамдық,уақыт, арақашықтық ,баға, ұзындық, ені, аудан, периметр,көлем,салмақ т.б.

Тапсырма 1

Оқушыларға, екі дос арасында 60 кәмпитті 2:3 қатынасында қалай бөліп алар еді деген сұрақ қойылды.

Достардың біреуі – ? кәмпит Достардың екіншісі – ? кәмпит

1) 2 + 3 = 5 (бөлік) барлық кәмпит; 2) 60 : 5 = 12 (кәмпит) 1 бөліктегі кәмпит саны; 3) 2 12 = 24 (кәмпит) 2 бөліктегі кәмпит саны, бұл біріншісінікі;

4) 3 12 = 36 (кәмпит) 3бөліктегі кәмпит саны, бұл екіншісінікі.

Жауабы: 24 және 36 кәмпит

Тапсырма 2.

Анасы 3 : 4 қатынасындай өрік және жидек сатып алды. Егер барлығы 2кг 800г жеміс алынған болса, әр жемістің салмағы қандай болғаны?

Шешуі:

Егер өрік 3 бөлік, ал жидек – 4 бөлік болса, онда:

1) 2800 : (3 + 4) = 400 (г) – 1 бөліктегі жеміс.

2) 400 * 3 = 1200 (г) – өрік.

3) 400 * 4 = 1600(г) – жидек.

Жауабы: 1 кг 200 г және 1 кг 600 г

Кезкелген санды  а : в қатынасындай

бөліктерге бөлу үшін:

1) а мен в қосу керек .

2)Берілген санды  (а + в) қосындысына бөлу

керек.

3)Нәтижені  а көбейту.

4)Нәтижені в көбейту.

Тапсырма 3

Ағайындылар құнды қағаз сатып алу

үшін ақшаларын жинақтады, үлкен ағасы

500 доллар, ал інісі 300 доллар салды.

Құнды қағаздың бағасы қымбаттағанда,

Олар қағазды 1000 долларға сатты.

Енді олар ақшаны қалай бөліп алады?

Шешуі:

Салынған ақшалар қатынасын тауып алу қажет. 500 : 300 = 5 : 3 (ағасы мен інісінің салған ақшаларының қатынасы)

1000 : (5 + 3) = 125 (доллар) – 1 бөлік.

125 * 5 = 625 (доллар) – ағасының алғаны

125 * 3 = 375 (доллар) – інісінің алғаны

Жауабы: 625 доллар, 375 доллар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу