Шамаларды берілген қатынаста бөлу; Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді

жоспар бөлімі:

6.1А Қатынастар және пропорциялар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

 Шамаларды берілген қатынаста бөлу;

Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу

мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.6

шамаларды берілген қатынаста бөлу;

 Сабақ мақсаты:

Оқушылар шамаларды берілген қатынаста бөлуді есептер шығаруда қолдана алады.

 Бағалау критерийлері

  • шамаларды берілген қатынаста бөле алады;
  • шамаларды берілген қатынаста бөлуді есептер шығаруда қолдана алады.

 Тілдік мақсаты:

Оқушылар:

Шамаларды берілген қатынаста бөлуді түсінеді, ауызша тапсырмаларды орындай алады.

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз:

қатынастар,санды бөлу,беріген шаманы берілген қатынаста бөлу.

Құндылықтар:

Айналасындағыларға сыйластықпен қарау, сабақта жоспарланған іс-әрекеттерге жауапкершілікпен қатысу.

Пәнаралық байланыс

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны презентация көрсету кезінде қолдану.

Бастапқы білім

Сандардың қатынасы, пропорция, тура және кері пропорционалдық.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

I. Ұйымдастыру:

  • оқушылардың көңілін сабаққа аудару;
  • сабақ мақсатымен таныстыру; оқушылармен бірлесе отырып сабақ мақсатын және бағалау критерилерін анықтау;
  • сабақ соңында оқушылардың нені білу керектігін ескерту;
  • Үй жұмыстарын тексеру;

Презентация

1-3 Слайд

5 мин

10 мин

8 мин

10 мин

8 мин

II. Қайталау. Ауызша.

Мақсаты : Өткен сабақта өткен тақырыпты қайталау, еске түсіру.

III. Жаңа тақырыпты оқыту:

Тексеру тапсырмалары:

Мақсты : Оқушыларды берілген сандарды берілген қатынаста қалай бөлу теориясымен таныстыру.

Жаңа тәсілмен танысу үшін оқушылар мына тапсырманы орындайды.

Оқушыларға, екі дос арасында 60 кәмпитті 2:3 қатынасында қалай бөліп алар еді деген сұрақ қойылды.

Достардың біреуі – ? кәмпит Достардың екіншісі – ? кәмпит - осындай тапсырманы орындай алар ма едік?

1) 2 + 3 = 5 (бөлік) – барлық кәмпиттерді құрайды; 2) 60 : 5 = 12 (кәмпит) – 1 бөлігі;

3) 2 12 = 24 (кәмпит) – 2 бөлігі, бұл достардың біріншісінікі; 4) 3 12 = 36 (кәмпит) – бұл 3 бөлік, бұл достардың екіншісінікі

Санды берілген қатынаста бөлу ережесі:

60 санын 2 : 3 қатынасында бөлу үшін, 60 -ты қатынастың мүшелерінің 2 + 3 қосындысына бөліп, нәтижені қатынастың әрбір мүшесіне көбейтеміз.

Санды а : в қатынасында бөлу үшін:

  • 1) а мен в қосу (жалпы бөлікті табу.)
  • 2) Берілген санды (а + в ) бөлу. (бір бөліктің үлесін табу).
  • 3)Нәтижені а-ға көбейту. (Берілген санның а бөлігінің үлесі)
  • 4)Нәтижені в –ға көбейту . (Берілген санның а бөлігінің үлесі)

IV Топтық жұмыс.

Мақсаты: Берілген санды берілген қатынаста бөлу ережесі тақырыбын бекіту.

– Әрбір топ жоғарыдағы алгоритмді қолдана отырып, өздері тапсырмалар ойластырады, басқа топпен алмастырады.

Топтар бір-бірін бағалайды.

V Жұптық жұмыс

Үш деңгей бойынша тапсырмалар орындайды.

Мақсаты: Оқушының берілген материалды қандай деңгейде меңгергенін бақылау.

1 деңгей

  • 24 санынын:

А) 9 : 3; Б) 4 : 2; қатынастарда бөлу.

  • Мыс және мырыш ерітінділерінің қоспасындағы мыс пен мырыш массаларының қатынасы 2 : 4 қатынасындай. Мыстың салмағы – 19,2 кг болса, мырыштың массасы қандай?

2 деңгей

  • 72 санын

А) 4 : 5; Б) 20 : 16; В) 5 : 3 : 4. қатынаста бөліңіз.

  • Ерітінді массаларының қатынасы 2 : 3 қатынасындай қорғасын мен қалайыдан тұрады. Ерітінді массасы– 32,5 кг болса, ерітіндідегі қорғасын мен қалайының массасын табыңыз.
  • 48 санын

А) 5 : 3; Б) қатынаста бөліңіз.

3 деңгей

  • Ерітінді массаларының қатынасы 2 : 4 қатынасындай қорғасын мен қалайыдан тұрады. Ерітінді массасы– 19,2 кг болса, ерітіндідегі қорғасын мен қалайының массасын табыңыз.
  • 52 санын

А) 6 : 9; Б) қатынаста бөліңіз.

3.Фарфор жасау үшін 60 : 2 : 7 қатынасындай ақ балшықты, құм және гипсті араластырады, 138 кг фарфор жасау үшін осы аталған заттардан қанша мөлшерден алу қажет.

VI Жеке жұмыс

Қалыптастырушы бағалау

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Тапсырма

6.1.2.6 шаманы берілген қатынаста бөлу.

-санды берілген қатынаста бөлу ережесін біледі.

-тапсырмаларды орындауда санды берілген қатынаста бөлу ережесін қолданады.

  • 81 санын 1:3 қатынасындай бөліктерге бөліңіз.

2. Жеміс қоспасын дайындау үшін 7 бөлік алма қоймалжыңын және 2 бөлік алама шырынын алып, 315 г қоспа жасады. Қоспадағы алма шырынының мөлшері қандай?

Презентация

4-8 Слайд

Презентация

9-14 Слайд

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақтың аяғы

2 мин

Рефлексия:

- не білдің, не үйрендің?

- не түсініксіз?

- ары қарай қандай жұмыс қажет?

Үй тапсырмасы: 1.3 1 деңгей № 64,67,

2 деңгей № 65, 67, 69

Қосымша 3

Математика оқулығы

6 сынып

ТА.Алдамұратова,

ТС.Байшоланов

Дифференциация

Жұптық жұмыста мүмкіндігі жоғары оқушыларға қиындығы жоғары, шығармашылық, логикалық тапсырмалар ұсынылады.

Бағалау

Жыл бойында мұғалімнің қалыптастырушы бағалау арқылы, топтық, жұптық және жеке жұмысты орындау нәтижелері бақыланады.

Денсаулық және ТҚ сақтау

Сабақ бойынша кері байланыс

  • Сабақ мақсаты дұрыс қойылған ба?
  • Оқушылар оқу мақсатына жетті ме?
  • Егер жетпесе, неге ?
  • Сабақта саралау дұрыс жүзеге асырылды ма?
  • Жоспардағы қандай кезеңдер орындалмады,неге?

Жалпы баға:

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу