Қайталау. Жай бөлшектерге амалдар қолдану. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-сыныптағы математика курсын қайталау. | Мектеп: Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Исиргепова Н; Шайхиева Н.Ш. | |||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Қайталау. Жай бөлшектерге амалдар қолдану. | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.1.2.17 бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды орындау; 5.1.2.18 бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындау; 5.1.2.19 натурал саннан жай бөлшекті азайтуды орындау; 5.5.2.3 жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу; | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
- Аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жаза алады;
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - бұрыс бөлшектерді аралас сан түрінде және керісінше жазуды түсіндіре алады; Пәнге тән лексика мен терминология: жай бөлшек, бөлшектің алымы мен бөлімі, жартысы, ширегі, сегізден бірі(т.с.с),бөлшектерді қысқарту, аралас сандар, аралас санның бүтін және бөлшек бөліктері, бөлшектің негізгі қасиеті, қысқартылмайтын бөлшек, ортақ бөлім, толықтауыш көбейткіш, бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру; Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан ... деп аталады; - жай бөлшектің бөлімі..., ал алымы... білдіреді; -... болғандықтан, ... бөлшегі дұрыс (бұрыс) болып табылады; - бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде көрсету үшін... керек; - аралас санды бұрыс бөлшек түрінде көрсету үшін... керек; - натурал санды бұрыс бөлшек түрінде көрсету үшін, ... керек; - натурал санды аралас сан түрінде көрсету үшін ... керек; - бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру үшін ... керек. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Жұппен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.
| |||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ әдебиеті | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті құралдарды қолдану, интернет ресурстар | |||||
Бастапқы білім | Натурал сан ұғымын білу және натурал сандарға қолданылатын арифметикалық амалдарды орындай алу. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0 - 2 мин | Мұғалім оқушылармен амандасады, сабаққа дайындығын қадағалайды, оқушыларды іскерлік ырғаққа бейімдеу. Мұғалім: Сәлеметсіздер ме оқушылар!Біз бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Мына сөйлемдер біздің сабағымыздың девизі болады: Ұжыммен - ойлау!Шапшаң –шешу!Дәлелді – жауап беру!Бізде бәрі – тамаша болады! (Слайдтағы сөйлемдерді оқушылар хормен айтады) | Презентация | ||||
Сабақтың ортасы 3 – 13 мин
14 – 25 мин
26 – 27 мин 28 – 37 мин | 2.Тірек білімдерін қайталау. Мақсаты – жұмыс істеуге керекті тірек білімдерін қайталау. Ойлау амалдарын, академиялық тілді, сөйлеуді дамытумен жұмыс жүргізу. Оқушылар бөлшектерді қазақ және ағылшын тілінде дауыстап оқиды. Лото Мұғалім: Балалар, біз бүгін ертегі-ойын сабағын өткіземіз. Ал ертегінің атауын лотоны құрастырғаннан кейін білесіздер. 3. Оқу тапсырмаларын қою. Мақсаты– өткен материалдарды қайталау. №1 тапсырманы шешу (Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу). Бауырсақ дайындау үшін 450 грамм өнім керек еді. Осы мөлшер құрамында -і қаймақ , ал – - і май. Кемпір қанша грамм ұн жұмсады? Бір уыста қанша грамм ұн бар? №2 тапсырманы шешу. 3. Ережелерді қайталау. №3 тапсырманы шешу. 4. Өзін-өзі тексеруге өзіндік жұмыс. «Керемет» шифрі арқылы берілген мысалдар. Өздік жұмыс кезеңіндегі мақсаты – типтік есептерде алгоритмдерді қолдана білуі, өзін-өзі тексеру арқылы өз шешімдеріңнің сәйкестігін тексеру, бәрін түсінгенін сезіну, есептің шешуін есте сақтағандығын білу болып табылады. Өздік жұмыс Мақсаты: оқушылардың бұрыннан қалыптасқан құзіреттілігін жетілдіру: бөлімдері әртүрлі жай бөлшектерді азайту , қосу. №4 тапсырманы шешу. Қоян жаңбырдан ағаштың астына тығылғысы келді. Ол жолдың м жүгіріп өтті, бірақ әлі де м жүгіріп өтуі керек. Қоян қанша жол жүреді ( метрмен)? №5 тапсырманы шешу. Өрнекті ықшамдаңыз: , , №6 тапсырманы шешу. Өрнектің мәнін табыңыз:
Сергіту сәті . Бәріміз тұрамыз, жаттығу жасаймыз (егер тұжырымдамамен келіссеңіздер –аяқтың ұшымен тұрып, қолымызды жоғары көтереміз, егер келіспесеңіздер – қолымызды алға созып, тізерлеп отырамыз.) , 1-; 1-1= ; 3, 1; 1 Аралас сандармен жұмыс. Мақсаты: оқушылардың бұрыннан қалыптасқан құзіреттілігін жетілдіру. №7 тапсырманы шешу. Бүтін бөлігін көрсетіңіз. №8 тапсырманы шешу. Бұрыс бөлшек түрінде жазыңыз: №9 тапсырманы шешу. Координаталық сәуледе кемпір мен шалдың координаталарын белгілеңіз және Бауырсақ қай жерде Қоянмен, Қасқырмен, Аюмен, Түлкімен кездесті. Кемпір мен шалдың үйін бас нүкте ретінде аламыз. Егер оларға дейінгі арақашықтықтар: , Өзін-өзі бағалау Оқушылар дескрипторлар бойынша ұпайларын санайды. | Презентация
Қосымша 1 Қосымша 2 http://math-prosto.ru/?page=pages/drob/subtraction_drobs.php Презентация Презентация
Презентация Қосымша 3 Презентация
Презентация Презентация
| ||||
Сабақтың соңы 38 – 40 мин | Рефлексия. Мұғалім: Бүгінгі математика сабағы сіздерге не бергенін, алдарыңыздағы түрлі- түсті карточкалар арқылы көрсетіңіздер? Сіздер өз жұмыстарыңызды қалай бағалар едіңіздер? (түрлі-түсті карточкалар: « жасыл карточка – мен бәрін түсіндім », « сары карточка – мен түсіндім, бірақ бәрін емес», « қызыл карточка – мен ештеңе түсінбедім », - Сабақта жаңадан не білдіңіздер? - Біз сабақ басында қандай мақсат қойып едік? - Біз мақсатымызға жеттік пе? Үй тапсырмасы түсініктемемен. Интерактивтік тест «ЖАЙ БӨЛШЕКТЕРГЕ АМАЛДАР ҚОЛДАНУ» |
Презентация
Қосымша 4 | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылар сабақ бойы жеке жұмыс жасайды. Есептер шығару барысында жеке-дара оқыту ұйымдастырылады. Мұғалім қабілеті жоғары және төмен оқушыларға көмек көрсетеді, ал орта деңгейдегі оқушылар қабілеті жоғары оқушылардың өзара көмегі арқылы ілгері жылжи бастайды. | Өздік жұмыста өзін-өзі бағалау түрлері қолданылады. Сабақта оқушылардың теориялық материалды меңгеруі фронтальды презентациямен жұмыс істеу арқылы жасалады. | Сабақ басында оқушылар кабинеттегі тәртіп ережелерімен , қауіпсіздік техникасымен таныстырылады. Сергіту сәті жүргізіледі. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?