Қайталау. Жай бөлшектерге амалдар қолдану. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-сыныптағы математика курсын қайталау.

5.2A Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Мектеп: Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Исиргепова Н;

Шайхиева Н.Ш.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қайталау. Жай бөлшектерге амалдар қолдану.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.20 аралас сандарды қосу және азайтуды орындау;

5.1.2.21 жай бөлшектерді, аралас сандарды көбейтуді орындау;

5.1.2.23 жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді орындау;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Аралас сандарды қосып, азайта алады;
  • жай бөлшектерді, аралас сандарды көбейте алады;
  • жай бөлшектерді, аралас сандарды бөле алады;

  Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • Жай бөлшектерді көбейту мен бөлудің ережелерін білу;
  • Аралас сандарды қосу мен азайтудың ережелерін біледі;
  • Аралас сандарды көбейту мен бөлудің ережелерін білу;
  • Жай бөлшектерге амалдар орындай алады;
  • Аралас сандарға амалдар орындай алады;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- бұрыс бөлшектерді аралас сан түрінде және керісінше жазуды түсіндіре алады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

жай бөлшек, бөлшектің алымы мен бөлімі, жартысы, ширегі, сегізден бірі(т.с.с),бөлшектерді қысқарту, аралас сандар, аралас санның бүтін және бөлшек бөліктері,

бөлшектің негізгі қасиеті, қысқартылмайтын бөлшек, ортақ бөлім,

толықтауыш көбейткіш, бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан ... деп аталады;

- жай бөлшектің бөлімі..., ал алымы... білдіреді;

-... болғандықтан, ... бөлшегі дұрыс (бұрыс) болып табылады;

- бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде көрсету үшін... керек;

- аралас санды бұрыс бөлшек түрінде көрсету үшін... керек;

- натурал санды бұрыс бөлшек түрінде көрсету үшін, ... керек;

- натурал санды аралас сан түрінде көрсету үшін ... керек;

- бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру үшін ... керек.

 Құндылықтарды дарыту

Жұппен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.

Ертегі әлеміндегі халық шығармашылығы арқылы жалпы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

 Пәнаралық

  байланыстар

Қазақ әдебиеті

 АКТ қолдану

 дағдылары

Интерактивті құралдарды қолдану, интернет ресурстар

Бастапқы білім

Натурал сан ұғымын білу және натурал сандарға қолданылатын арифметикалық амалдарды орындай алу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 - 2 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім оқушылармен амандасады, сабаққа дайындығын қадағалайды, оқушыларды іскерлік ырғаққа бейімдейді.

1.Мұғалім: Сәлеметсіздер ме оқушылар!Біз бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Кешегі сабағымыздың жалғасы.

Үй тапсырмасын тексеру.

http://master-test.net/ru/quiz/testing/id/70570

Презентация

Сабақтың ортасы

3 - 22 мин

23 - 27 мин

28 - 29 мин

30 - 32 мин

33 -36 мин

37 мин

Мұғалім: Балалар, біз бүгін ертегі-ойын сабағын өткіземіз. Ал ойынды бастау үшін біз сұрақтарға жауап бере аламыз.

Бүгінгі сабағымыздың мақсатыөткен материалдарды қайталау

2.Ережелерді қайталап, оқу мақсатымен танысу.

3. Қолданбалы есептер шығару.

Мақсаты: оқушылардың бұрыннан қалыптасқан құзіреттілігін жетілдіру: ондық бөлшектерді, аралас сандарды қосу және азайту.

№1 есепті шығару.

Шал мен кемпір жөндеу жұмыстарын жүргізгісі келді. Төртбұрышты пішіндес қабырғалары 52,5м; 25,7м; 64,3м және 30 м болатын жер бөлігін қоршау үшін, қанша метр тор сатып алу керек?

Мұғалім. Тапсырмаларды талдап, оларды жұппен шешеміз. Қандай бөлшектерді қосқандарыңызды айтып беріңіздер? Жай және ондық бөлшектерді қосудың алгоритмдерін қалыптастыру.

№2 есепті шығару

Егер 1м² -қа 40 кірпіш қажет болса, онда

қабырғаларының ауданы 311,4м², терезелерінің ауданы 8 м² және есіктерінің ауданы м² болатын үйді қаптау үшін, 12000 кірпіш жете ме?

3 есепті шығару

Егер адам күніне екі сағаттан артық ойнайтын болса, дәрігерлердің пікірі бойынша ойынқұмарлыққа шалдығу қаупі пайда болады. Немересі компьютерде таңертеңгілік сағат, ал кешкілік 1,6 сағат ойнайды. Немересінің ойынқұмарлыққа шалдығу қаупі бар ма?

Аралас сандарға амалдар қолдануды қайталау.

Мақсаты: оқушылардың бұрыннан қалыптасқан құзіреттілігін жетілдіру.

Сәйкестендіріңіз:

№4. Қатесін табыңыз:

Х-

Х=

Х=

№5. Өрнектің мәнін табыңыз:

а)

б)

в)

Мұғалім: Ал енді біз тапсырмаларды дұрыс орындадық па, соны тексерейік? (Слайдта тапсырмалардың жауаптары шығады. Оқушылар тапсырмаларды орындағаннан кейін өз жауаптарын тексереді және жіберген қателерін түзетеді). Мұғалім өздік жұмысты орындау барысында туындаған қиындықтарды анықтайды. Қиындық туындаған тапсырмаларды түсініктемелер арқылы талданады.

Топпен жұмыс.

Мақсаты: Топта бөлшектерді және аралас сандарды көбейту мен бөлудің ережелерін қайталайды.

Бөлшекті бөлшекке көбейту

Аралас санды натурал санға көбейту

Аралас сандарды көбейту

Өзара кері сандар

Бөлшектерді бөлу

Қайталау. Топпен жұмыс (шал, кемпір және немересі)

  • Есептеңіз:

Топпен жұмыс ( күшік, мысық және тышқан )

  • Теңдеуді шешіңіз:

Жеке жұмыс

1.Есептеңіз: (Слайд бойынша)

2. Графикалық диктант -^-^-^^-^

Өзін-өзі бағалау

(өзін-өзі бағалау) критерийлер бойынша.

Презентация

Презентация

Презентация

Қосымша 1

Презентация

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Сабақтың соңы

38 - 40 мин

Үй тапсырмасы түсініктемесімен бірге.

Есептеңіз. Кестеден жауаптарын тауып, сөз құрастырыңыз.

Рефлексия.

Мұғалім: Бүгінгі математика сабағы сіздерге не бергенін, алдарыңыздағы түрлі- түсті карточкалар арқылы көрсетіңіздер?

Сіздер өз жұмыстарыңызды қалай бағалар едіңіздер?

(түрлі-түсті карточкалар: « жасыл карточка – мен бәрін түсіндім »,

« сары карточка – мен түсіндім, бірақ бәрін емес»,

« қызыл карточка – мен ештеңе түсінбедім ».

- Сабақта жаңадан не білдіңіздер?

- Біз сабақ басында қандай мақсат қойып едік?

- Біз мақсатымызға жеттік пе?

Қосымша 5-6

Презентация

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақ бойы жеке, топтық жұмыстар жасайды. Есептер шығару барысында жеке-дара оқыту ұйымдастырылады. Топтық жұмыс барысында қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға көмектесу мүмкіндігіне ие болады. Мұғалім қабілеті жоғары және төмен оқушыларға көмек көрсетеді, ал орта деңгейдегі оқушылар қабілеті жоғары оқушылардың өзара көмегі арқылы ілгері жылжи бастайды.

Өздік және топтық жұмыста өзін-өзі бағалау мен бірін-бірі бағалау түрлері қолданылады. Сабақта оқушылардың теориялық материалды меңгеруі фронтальды презентациямен жұмыс істеу арқылы жасалады.

Сабақ басында оқушылар кабинеттегі тәртіп ережелерімен , қауіпсіздік техникасымен таныстырылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу