Қайталау. Ондық бөлшектер. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «5 сыныпты қайталау.

Ондық бөлшектер»

Сабақтың мақсаты:

5.1.2.26

ондық бөлшектерді салыстыру;

5.1.2.27

ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;

5.1.2.28

ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау;

5.1.2.30

ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау;

Бағалау критерийлері:

Білім алушы:

  • Ондық бөлшектерді салыстыра алады
  • Ондық бөлшектерді қоса алады
  • Ондық бөлшектерді азайта алады
  • Ондық бөлшектерді көбейте алады
  • Ондық бөлшектерді бөле алады
  • Ондық бөлшектерді өрнектер ықшамдауда қолдана алады.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, психологиялық ахуал тудыру. Үй тапсырмасы тексеріледі. Оқушылар өздерін өзі, жауаптарын айтып отырып тексереді.

Оқушыларға бүгінгі қайталау сабағының тақырыбын, мақсатын және бағалау критерийлрін презентация бойынша таныстырады.

Өткен тақырыптан қайталау сұрақтары қойлады:

С-1: Ондық бөлшектерді қалай салыстырамыз?

С-2: Ондық бөлшектерді қалай қосамыз?

С-3: Ондық бөлшектерді қалай азайтамыз?

С-4: Ондық бөлшектерді қалай көбейтеміз?

С-5: Ондық бөлшектерді қалай бөлеміз?

Ондық бөлшектерді салыстыру үшін қажет:

  • олардың бүтін бөлігін салыстыру керек

Егер бүтін бөліктері тең болса, онда ондық үлестерін салыстыру, содан соң жүздік т.с.с.

Мысалы:

Салыстыр: 256,792 және 256,793.

Бүтін бөліктері тең , ондық, жүздік үлестері тең.

Ал сол жақ бөліктің мыңдық үлесі кіші, ендеше сол жағы кіші.

256,792< 256,793.

2) Ондық бөлшектерді қосу және азайту үшін

үтірді үтірдің астына қойып, натурал сандарды қосу ережелері сияқты орындаймыз. Шыққан нәтижеде де үтірді үтірдің тұсынан айырамыз.

Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу үшін оқушылармен ережелерді еске түсіреді ,(25 , 29, 30 слайдтар) презентацияда мысалмен тиянақтайды. Ондық бөлшектерді бөлу үшін бөлгішті натурал санға айналдырып, бөлуді орындаймыз . Бөліндіде үтірді бүтін бөлігі бөлінген соң қоямыз.

Презентация бойынша қайталау сұрақтарына әр түрлі тапсырмалар беріледі.

Өзіңді тексер:

Ондық бөлшекті жазыңдар :

а) ноль бүтін оннан жеті;

б) он бүтін жүзден жиырма үш;

в) екі бүтін жүзден үш;

г) ноль бүтін мыңнан жүз қырық бес

д) екі бүтін мыңнан тоқсан алты

Ауызша есептеу:

а) Салыстыр

б) Ондық бөлшектерді қосу

в) Ондық бөлшектерді азайту

с) Көбейтуді орындау

д) Бөлуді орындау

Эстафеталық тапсырмалар. Оқушылар топтарда кезек- кезек тез шапшаң жауап беріп жарысады. Содан соң жазбаша эстафеталық тапсырмалар беріледі.

Оқушылармен көзге электронды жаттығу жұмысы жүргізіледі.

Әрі қарай білімдерін шыңдау үшін деңгейлік тапсырмалар береді.

Жұптық жұмыс.

А деңгей.

Есептеңіз: (37,414,3 + 1,32,6)4. Жауабы: 3,02.

В деңгей.

Теңдеуді шешіңіз: 3,6 х + 0,4(7 – х) = 15,6. Жауабы: 4.

С деңгей.

Есептеңіз: . Жауабы:5.

Жұпта тапсырмаларды орындай отырып, қатар отырған жұптар бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Сынып оқушыларына оқу мақсатытарына жету үшін өзбеттік жұмыс беру. Жауаптарын сол ресурс бойынша өздерін өзі тексереді. Оқушыларға нұсқаларды бөліп беру.

Сабақ соңында үйге тапсырмалар беріліп, түсіндіріледі.

1. Теңдеуді шешіңіз: 1,5 х – 1,15 = 1,1.

2. Есептеңіз: 1) (37,414,3 + 1,32,6)4.

2) .

Сонан соң бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтады және смайликтермен көрсетеді.

- Мен нені білдім

- Мен нені білуім керек

- Мен нені қайталауым керек.

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу