Шеңбер. Дөңгелек. Дөңгелек сектор. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шеңбер. Дөңгелек. Дөңгелек сектор

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.1.2

шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері (центр, радиус, диаметр) ұғымдарын меңгеру;

5.3.1.3

циркульдің көмегімен шеңберді салу;

5.3.1.6

дөңгелек сектор ұғымын меңгеру;

Сабақ типі

Жаңа сабақ

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері (центр, радиус, диаметр) ұғымдарын меңгереді
  • циркульдің көмегімен шеңберді салады
  • дөңгелек сектор ұғымын меңгереді

Бағалау критерийлері

  • шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері (центр, радиус, диаметр) ұғымдарын біледі
  • циркульдің көмегімен шеңберді сала алады
  • дөңгелек сектор ұғымын біледі

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- элементтерімен берілген шеңбердің және дөңгелектің сызбаларын ауызша сипаттайды;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- шеңбер;

- дөңгелек;

- шеңбердің центрі, дөңгелектің центрі;

- жартышеңбер, жарты дөңгелек;

- радиус;

- диаметр;

- шеңбердің доғасы;

- дөңгелек сектор;

- толық бұрыш;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • берілген нүктеден (центрден) бірдей қашықтықта орналасқан жазықтықтағы нүктелер жиыны;
  • шеңбердің центрін оның кез келген нүктесімен қосатын кесінді;
  • шеңбердің центрі арқылы өтетін және екі нүктесін қосатын кесінді;
  • дөңгелектің екі радиуспен шектелген бөлігі;

Құндылықтарды дарыту

Құрмет құндылығын, бір-бірін тыңдау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығын, жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы; ал еңбек және шығармашылық құндылығын өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады

Пәнаралық

байланыстар

Физикамен байланысты мысалдар келтіру.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны қолдану

Бастапқы білім

Санның пайызын табу есептерін шығара алу; градустық өлшемі берілген бұрышты салу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-6 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) сәлемдесу

б) Жағымды психологиялық ахуал тудыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Дайын жауаптар арқылы өз-өздерін бағалайды).

ІІІ. «Миға шабуыл »

  • Оқушыларды өзімнен қол созым ара қашықтықта орналасуын сұрау.
  • Қандай фигура жасағанын талқылау.
  • Әр оқушыны еден жазықтығының қандай да бір нүктесі деп қарастыруға бола ма?
  • Мұғалімнен (центрден) бірдей қашықтықта орналасқан деген тұжырым жасауға бола ма?

Оқушылармен бірге шеңбердің анықтамасын қорытындылауға жетелеу. Алынған шеңбердің радиусы деп нені қабылдаймыз? Оқушыларды диаметр мен радиустың анықтамасын түсінуге жетелеу.

Мына фигураларға назар аударыңыз. А, В, С, Д фигураларының қайсысының барлық нүктелері берілген нүктеден ( О, Е, К, L) бірдей қашықтықта жатыр?

Слайд 1

Слайд 2

Слайд 3

Сабақтың ортасы

7-12 минут

13-17 минут

18-24 минут

25-28 минут

29-35 минут

36-38 минут

39-42 минут

IV. Жаңа тақырыпқа шолу.

Сақина мен монетаның ұқсастығы неде, айырмашылығы неде?

Төмендегі сұрақтарға оқушылар ауызша жауап береді.

1. Шеңбер деген не?

2. Дөңгелек деген не?

3. Шеңбер мен дөңгелектің айырмашылығы?

4. Радиус деген не? Диаметр деген не?

5. Тақтада көрсетілген суреттегі кесінділер жөнінде не айтасыз?

Шеңбер деп берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан жазықтықтың барлық нүктелерінен тұратын фигураны айтады. Берілген нүкте шеңбердің центрі деп аталады.

Шеңбер нүктелерінен оның центріне дейінгі ара қашықтық шеңбердің радиусы деп аталады. Радиус деп, сондай−ақ шеңбер нүктесінен оның центрімен қосатын кез келген кесіндіні айтады.

Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді хорда деп аталады.

Центр арқылы өтетін хорда диаметр деп аталады.

Жазықтықтың шеңбермен шектелген және центрі бар бөлігі дөңгелек аталады.

IV. Циркульдің көмегімен шеңберді салу;

Салуды орындағанда Aсtive Board мүмкіндіктерін қолдану, оның ішінде «Циркуль» құралын қолдану арқылы қажетті радиусты өлшеп алуды, циркуль ұшын, циркуль қарындашын қалай орналастыру керектігін көрсету.

Шеңберді циркуль деген құралмен саламыз.

V. Практикалық тапсырма

Оқушыларға шеңбер салып, бірнеше радиусын жүргізуді ұсыну. Дөңгелектің пайда болған бөліктерін әр түрлі түспен боятыңыз. Оқушыларды дөңгелек сектор ұғымын түсінуге бағыттау.

VI. Cергіту сәті

https://www.youtube.com/watch?v=eiHWHT_8WrE

VIІ. Жұптық жұмыс.( деңгейлік тапсырмалар)

А-тобы

№384

Шеңбердің диаметрі: 10 см, 8 см, 16 см. Радиусы неге тең?

№ 385

Айдың диаметрі 3474 км. Айдың радиусы неше километр?

№ 386

CD= 5 см болатындай етіп, C және D нүктелерін белгілеңдер. Центрі С нүктесі, радиусы 2 см шеңбер сызыңдар және центрі D нүктесі, радиусы 3 см шеңбер сызыңдар. Шеңберлердің диаметрлерін табыңдар. Шеңберлер өзара қалай орналасады?

В – тобы

Жердің диаметрі шамамен 12700 км. Жердің диаметрі Юпитердің диаметрінен 11 есе кем. Юпитердің радиусын табыңдар.

Бағалау критерийлері (Жұптар бірін-бірі бағалайды):

  • Радиус таба алады;
  • Диаметр таба алады;
  • Диаметрлерді салыстыруға есептер шығара алады.

VIІІ. «Кім жылдам?» (Ауызша тапсырмалар)

1.Дөңгелектің диаметрі 130 см болса, оның радиусын есепте.

2. Дөңгелектің диаметрі 130 см болса, оның радиусын есепте.

3.Шеңбердің радиусы 39 см болса, оның диаметрін есепте.

4.Шеңбердің радиусы 47 см болса, оның диаметрін есепте.

IX. Математикалық диктант /5 сұрақ/

  • Шеңбер – геометриялық фигура ...

(Нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелердің жиыны геометриялық фигура)

  • Дөңгелек – жазықтықтың бөлігі ...

(Шеңбермен шектелген жазықтықтың бөлігі.)

  • Радиус – бұл кесінді ...

(Центрді шеңбердің кез келген нүктесімен қосатын кесінді.)

  • Хорда – бұл кесінді ...

(Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді)

  • Диаметр – бұл кесінді ...

(Шеңбердің центрі арқылы өтетін кесінді, ең үлкен хорда)

X. Үйге тапсырма. ( Үй тапсырмасын түсіндіру)

Тапсырма. Берілген суреттен диаметр, хорда, радиустарды тауып жазыңыз:

Слайд 4

Слайд 5-17

Слайд 18

Слайд19-20

Слайд 21

Қосымша №1

Слайд22-24

Слайд25-26

Слайд27-28

Слайд 29

Сабақтың соңы

43-45 минут

Қорытынды.

Рефлексия.

Тақтада көрсетілген өзіңнің көңіл-күйіңе сәйкес бағанға стикер жабыстыр.

Слайд 30

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларды жұптастырып, деңгейлік тапсырмалар беру .

Оқушылар жұптық тапсырмаларды орындауда бірін-бірі бағалау

Сабақ барысында пайдаланатын құрал-жабдықтарды (циркуль, сызығыш) пайдалану ережесімен таныстырылады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу