Жазық фигураларды және қеңістіктегі геометриялық фигуралардың жазбаларын салу. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жазық фигураларды және қеңістіктегі геометриялық фигуралардың жазбаларын салу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.5.3.9

жазық фигураларды және қеңістіктегі геометриялық фигуралардың жазбаларын салу (текшенің және тікбұрышты параллелепипедтің);

 Сабақ мақсаттары

Оқушыларға жазық фигураларды және қеңістіктегі геометриялық фигуралардың жазбаларын салуды үйрету.

 Бағалау критерийлері

жазық фигураларды және қеңістіктегі геометриялық фигуралардың жазбаларын (текшенің және тікбұрышты параллелепипедтің)біледі

жазық фигураларды және қеңістіктегі геометриялық фигуралардың жазбаларын салады (текшенің және тікбұрышты параллелепипедтің)

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- геометриялық фигуралар: тіктөртбұрыш, шаршы, текше, тікбұрышты параллелепипед туралы сипаттай алады;

- тікбұрышты параллелепипедтің бетінің ауданын табу алгоритмін сипаттай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

- геометриялық фигура;

-жазық фигуралар;

-кеңістік фигуралары;

-параллелепипедтің өлшемдері:ұзындығы, ені, биіктігі;

-көпжақ;

- көпжақтың жазбасы;

- жақ;

- қыр;

- төбе;

- табанының периметрі, бетінің ауданы, көлем.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

...параллелелипедтің (текшенің) пішініндей;

-...тіктөртбұрыштың(шаршының) пішініндей;

-тікбұрышты параллелепипедтің жазбасы …құралады;

- текшенің жазбасы …құралады;

- берілген жақтарының аудандары…тең;

- берілген жағының периметрі …тең;

- параллелепипедтің қарама-қарсы жақтары...;

- параллелепипедтің бүйір жақтары ... .

 

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

Оқушыларға өз ойларын ашық жеткізуді үйрете отырып, ашықтық құндылығын оқушылар бойында дарыту.

 Пәнаралық

 байланыстар

Бұл сабақта оқушылардың кеңістікте ойлау және сызба геометрияның дағдылары жетілдіріледі, сонымен қатар «Көпжақтар» бөлімін меңгеруге негіз қалайды.

 АКТ қолдану

  дағдылары

Bilimland.kz-сайты, презентация.

Бастапқы білім

Геометриялық фигуралар: тіктөртбұрыш, шаршы, текше, тікбұрышты параллелепипед туралы түсінігі бар; тіктөртбұрыш, шаршы, текше, тікбұрышты параллелепипед сала алу; тіктөртбұрыштың(шаршының)периметрін, тіктөртбұрыштың(шаршының)ауданын,тікбұрышты параллелепипедтің(текшенің) көлемін таба алу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

І Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.

Оқушы көңілін сабаққа аудару.

Оқушыларды сабақ мақсаттары/ОМ, бағалау критерийлерімен таныстыру

 Презентация

Сабақтың ортасы

Сабақтың ортасы

5 минут

Ой қозғау

  • Параллелепипед дегеніміз қандай фигура?
  • Куб дегеніміз қандай фигура?
  • Кубтың жақтары қандай фигуралардан тұрады?

Топтық жұмыс.

Сыныпты 2-топқа бөлу. Тақырыпты пролемалық сұрақтан бастап, оқушыларға төмендегі есепті шығаруды ұсыныңыз.

Мысалы:

Әйгерім туған күнін тойлауға досы Саяны шақырды. Сая сыйлық салатын қорапты түрлі – түсті қағаздан өзі жасамақшы болды. Ол қорапты қалай желімдеуі керек? Оған қанша қағаз керек?

 Қосымша -1

5 минут

Оқушыларға А4 форматтағы түрлі - түсті қағаз беріп, сыйлық салатын қорапты тәжірибе ретінде өздері жасап көруін ұсыныңыз.

 А4 форматтағы түрлі - түсті қағаз

5 минут

Келесі сұрақтарды талдауды сұраңыз:

Қорап қандай бөліктерден құралған? Қораптың бөлек жақтарын жазық фигураға біріктіруге бола ма?

Презентация

5 минут

Оқушыларды жазба ұғымын түсінуге бағыттаңыз. Өздері жасаған қорап бетінің ауданын және қораптың көлемін табуды ұсыныңыз.

Көрнекілік үшін «Geogebra» бағдарламасының 3D форматында текше мен параллелепипедтің жазбасын көрсете алатын мүмкіндігін пайдаланыңыз. Немесе http://bilimland.kz/kk/content/lesson/11621-parallelepipedter сайтынан текшенің және тікбұрышты параллелепипедтің жазбалары туралы бейне материалды көрсетіңіз.

 Презентация

 

10 минут

Тақырыпты презентация арқылы пысықтау. Презентациядағы тапсырмаларды оқушыларға жұппен орындауды ұсыныңыз.

 Презентация

10 минут

Тақырыпты пысықтау мақсатында жеке жұмыс орындату.

1. Берілген жазбаға сәйкес текшені таңдаңыз.

2. Суреттегі фигуралардан текшенің жазбасы болатындарын таңдаңыз.Оларды қиып алып, текшені қалай құрастыруға болатынын көрсетіңіз.

Тапсырманы орындап болған оқушыларға қосымша тапсырма беріледі.

Сабақты қорытындылау.

 Қосымша -2

Сабақтың соңы

2минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі сабақтың басында берілген бағалау критерийлері бойынша бағалайды.

Үй тапсырмасын беру.

 Қосымша -3

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша жоғары деңгейдегі тапсырмалар беріледі.

Бірін бірі бағалау, мұғалімнің бағалауы

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Ноутбукпен, ғаламтормен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау ескертіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болды?

2.Осы мақсаттарға жете алдықпа?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу