Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу. Математика, 5 сынып, презентация.


Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу

Сабақ мақсаты:

"пайыз" ұғымын қайталау;

берілген санның пайызын және берілген пайызы бойынша санды табуды үйрету;

Оқу мақсаты:

5.1.2.34

берілген санның пайызын табу;

5.1.2.36

берілген пайызы бойынша санды табу;

Пайыз санның өлшеміне қарамастан қарапайым адам үшін сандамен амалдар орындау үшін қажет ыңғайлы салыстырмалы өлшем. Бұл өз кезегінде кез келген санды келтіруге болатын маштаб. Бір пайызжүзден бір бөлік.

Пайыз деген не?

Пайызбен тауар бағасының төмендеуін, ақша сомасын үнемдеуді, оқушылар үлгерімін, тұқымның өсуін, қарыз ақша үшін төлем (мысалы, банк қарызы), өсу қарқыны және т.с.с.

Кез келген өлшемді бір бүтін деп санай отырып, 100% ретінде аламыз. Онда

Пайызды бөлшек не натурал санмен жазу үшін берілген санды 100-ге бөлу керек.

Санды (бөлшек немесе натурал сан) пайыз ретінде өрнектеу үшін санды 100-ге көбейтіп, алынған санға пайыз белгісін (%) тіркеп жазу қажет.

САННЫҢ ПАЙЫЗЫН ТАБУ

Тұздалған қиярдың 8%-ы тұз. 30 кг тұздалған қиярда қанша тұз бар?

САННЫҢ ПАЙЫЗЫН ТАБУ

1 мысал.

Тұздалған қиярдың 8%-ы тұз. 30 кг тұздалған қиярда қанша тұз бар?

Шешуі:

30 кг барлық қиярдың 100% пайызы, онда 1% 30:100=0,3 кг.

Ал тұздалған қиярдың 8% -ы 0,3∙8=2,4 кг.

Есептеу нәтижесінде келесі өрнекті алдық

немесе

САННЫҢ ПАЙЫЗЫН ТАБУ

Санның пайызын табу үшін:

Пайызды жай бөлшек немесе ондық бөлшек түрінде жазу қажет;

Берілген санды осы бөлшекке көбейту қажет.

2 мысал.

Сүтті өңдеу кезіне 5% ірімшік алынды. 20 кг сүттен қанша ірімшік алуға болады?

Шешуі:

1- тәсіл

2- тәсіл

САННЫҢ ПАЙЫЗЫН ТАБУ

САННЫҢ ПАЙЫЗЫН ТАБУ

3 мысал. 45 кг бидайдың 20%-ы 45∙0,2=9 кг.

САННЫҢ ПАЙЫЗЫН ТАБУ

4 мысал. 140-тың  23%-ын табу үшін алдымен, пайызды ондық бөлшек түрінде өрнектейміз: 

23%=23 : 100=0,23.

Одан кейін көбейтеміз:

 0,23⋅140=32,2.

Сонымен,   140-тың  23%-ы 32,20. кг.

САННЫҢ ПАЙЫЗЫН ТАБУ

САННЫҢ ПАЙЫЗЫН ТАБУ

What is 75% of 100?

75%=75 : 100=0,75.

2) 0,75⋅100=75 .

What is 16% of 150 ?

What is 65% of 40,68 ?

65%=65 : 100=0,65.

2) 0,6540,68=26,442.

Есінде сақта!!!

Санның 20%, 30%, 40%, 60%, 70%, 80%, 90% табу үшін:

Санның 10%-ын анықтап

Одан кейін 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9-ға көбейтеміз.

Кестені толтыр.

Жауабы:

Микрокалькуляторды пайдаланып, берілген санның пайызын табу алгоритмі

60 санының 20%-ын табу үшін:

1) Микрокалькуляторға 60 санын енгізу керек;

2) батырмасын басу керек;

3) Микрокалькуляторға 20 санын енгізу керек;

4) % клавишін басу керек.

Сонда индикаторда 12 саны көрінеді.

Микрокалькулятормен есепте:

1) 970-тің 25%-ы ; 3) 220-ның 28%-ы ;

2) 310-ның 16%-ы ; 4) 750-дің 80%-ы .

Пайыз деп нені айтады?

Пайызды бөлшекпен, бөлшекті пайызбен қалай өрнектейді?

Берілген санның пайызы қалай табылады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу