Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу. Математика, 5 сынып, дидактикалық материал.


А

№1. 1) Пайыздарды ондық бөлшекпен жазыңдар:

 1%; 6%; 10%; 25%; 50%; 75%; 120%; 170%.

 2) Пайыздарды жай бөлшекпен жазыңдар:

 2%; 5%; 20%; 60%; 80%; 140%; 180%; 170%.

№2. Бөлшектерді пайызбен жазып, кестені толтырыңдар.

Бөлшектер

0,08

0,5

0,8

1,6

Пайыздар

№3. Пайызын табыңдар:

1) 40, 50, 90, 100, 200, 400 сандарының 50%-ын.

 2) 16, 24, 68, 100, 320, 360 сандарының 25%-ын.

 3) 100, 200, 300, 400, 700, 900 сандарының 10%-ын.

№4. Біздің планетамыздың шамамен су алып жатыр. Біздің планетамыздың неше пайызын су алып жатыр. Жауабын ондық үлестерге дейін дөңгелектеңдер.

№5. Қала тұрғындарының 40%-ы А депутатқа дауыс берді, қалғандары В депутатқа дауыс берді. Қала тұрғындарының неше пайызы В депутатқа дауыс берді?

№6. Құлпынайдың 6% -ы қант. 35 кг құлпынайда неше килограмм қант бар?

№7. Картоптың 80 % -ы су. 25 кг картопта неше килограмм су бар?

№8. Айлық табыстың 5% -ы табыс салығы үшін ұсталады. Айлық табысы 60 000 тг болса, одан неше теңге табыс салығы ұсталады?

№9. Жинақ кассасына 6% –дық жылдық өсіммен 90 000 тг салынды. Жинақ кассасындағы осы ақша бір жылдан соң неше теңге болады?

№10. Бағасы 420 теңге ойыншық машиналар 15 %-ға арзандатылып сатылды. Балалар бақшасы 7 ойыншық машинасын арзандатылған бағамен сатып алса, неше теңге үнемдеді?

В

№1. 1) Бөлшектермен жазыңдар:

 125%; 220%; 119%; 325%; 440%;

 2) Пайызбен жазыңдар:

№2. 1) Токарь күндік нормасын 18 %-ға артық орындады. Токарь күндік тапсырмасын неше пайыз орындады?

 2) Комбайншы комбайнның ақауы болғандықтан, күндік тапсырмасын межелегеннен 12 %–ға кем орындады. Комбайншы күндік тапсырмасын неше пайыз орындады?

№3. Ыдыстың –іне су құйылған. Ыдыстың неше пайызына су құйылған. Неше пайызы бос?

№4. Шиеден қайнатылған тосаптың 40 %-ы шие, қалғаны қант. 8 кг шие тосабының неше килограмы қант?

№5. Теңіз суының 95 %-ы ғана таза су, қалғаны тұз. 6 т теңіз суында қанша тұз бар?

№6. Сыныпта 30 оқушы бар. Математикадан бақылау жұмысын сынып оқушыларының 20 %-ы «5»-ке жазды, 50 %-ы «4»-ке жазды. Сыныптың неше оқушысы бақылау жұмысын «5» пен «4» -ке жазды?

№7.Тік төртбұрыштың ені 6 см, ұзындығы одан 75 %-ға ұзын. Тік төртбұрыштың ауданын табыңдар.

№8. Бұйымның бағасы 3 %-ға қымбаттады. Егер осы бұйымның алғашқы бағасы: 1)2000тг 2)5000тг 3)8000тг болса, бұйымның қымбаттаған бағасы неше теңге?

№9. Жинақ кассасына 8 %-дық күрделі өсіммен 80 000 теңге ақша салынды. Жинақ кассасындағы осы ақша екі жылдан соң неше теңге болады? (Күрделі өсім деп келесі жылғы өсім өткен жылғы өсіммен есептелетін жүйені айтады.)

№10. Берілген шаманың пайызын табыңдар:

1) 3,2 м; 8,6 дм; 6,4 см-дің 10%-ін.

2) 9 т; 710 кг; 80г-ның 20% -ін.

С

№1. Тік төртбұрыштың ұзындығын 15 %-ға кемітіп, енін 20 %-ға ұзартқанда оның ауданы неше пайызға өзгереді?

№2. 1) Квадраттың қабырғасының ұзындығын 30 %-ға арттырса, оның ауданы неше процентке артады?

 2) Квадраттың қабырғасының ұзындығын 10 %-ға кемітсе, оның ауданы неше процентке кемиді?

№3. Балмұздақтың 60 %-ы су, 19 %-ы сары май, қалғаны қант. 2,5 кг балмұздақ дайындау үшін неше грамм қант керек?

№4. Бұйымның бағасы бірінші айда 20 %-ға қымбаттады, екінші айда соңғы бағасы 20 %-ға арзандады. Бұйымның бағасы неше пайызға, қалай өзгерді?

№5. Теледидардың бағасы 48 300 теңге. Оның бағасы бірінші рет 20 %-ға арзандатылды, екінші рет соңғы бағасы тағы да 15 %-ға арзандатылды. Теледидардың екінші рет арзандатылғаннан кейінгі бағасы неше теңге?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу