Процентке мәтіндік есептер шығару. Математика, 5 сынып, қосымша материал.


Жұптағы жұмыс

№1. 500 г қантты су ерітіндісінде 100 г қант бар. Ерітіндінің концентрациясы неше процент?

№2. Концентрациясы 25% 1 кг тұзды су ерітіндісін дайындау үшін неше грамм тұз керек?

№3. Жинақ кассасына 5% жылдық өсіммен 120 мың теңге ақша салынды. Жинақ кассасына салынған ақша 1 жылдан соң неше теңге болады? Өсімі неше теңге болады?

№4. Заттың бағасы 760 тг. Егер заттың бағасы 20% - ке қымбаттаса, оның қымбаттатылған бағасы неше теңге?

№5. Заттың бағасы 760 тг. Егер заттың бағасы 30% - ке арзандатылса, оның арзандатылған бағасы неше теңге?

№6. Тракторшы жыртуға тиісті жердің 76% - ін жыртқанда, 8,4 га жер жыртылмай қалды. Тракторшы барлығы неше гектар жерді жыртуға тиіс еді?

№7. Фермер жерінің 4 гектарын мал жайылымына қалдырды да, қалған 16 гектар жерге бақша өнімдерін екті. Фермер барлық жердің неше процентіне бақша өнімдерін екті?

№8. 300 г тұзды неше литр суға қосқанда концентрациясы 15% тұзды су ерітіндісі алынады?

№9. Жинақ кассасына жыл басында 8% - тік өсіммен салынған ақша жыл соңында 162 мың теңге болды. Жинақ кассасына жыл басында неше теңге ақша салынған?

№10. Мұнай қоймасындағы мұнайдың бірінші күні 30% - і, екінші күні қалған мұнайдың 80% - і сатуға жіберілді. Мұнай қоймасында алғашқы мұнайдың неше проценті қалды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу