Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру; Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

 5.3B Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану (35 сағ)

Мектеп: Орал қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

2-сабақ

Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру;

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.26 ондық бөлшектерді салыстыру;

Сабақ мақсаттары

  • ондық бөлшектерді салыстыруды бекіту

Сабақ типі

  • Бекіту, қайталау сабағы

Бағалау критерийлері

Қолдану: Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша және координаталық сәуледе салыстыра алады;

Талдау: Стандартты емес жағдайларда ондық бөлшектерді салыстыра алады. Есептің шартына зерттеу жүргізе алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру ережесін негіздеп қолдана алады;
  • ондық бөлшектерді координаталық сәулеге кескіндеуді тұжырымдай алады;
  • ондық бөлшектерді салыстыруды түсіндіре алады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

- разрядтары бойынша сандарды жіктеу;

- сандарды разрядтары бойынша салыстыру;

- жоғары (үлкен) разряд;

- төменгі (кіші) разряд;

- разрядтық бірліктер;

- ондық таңбалар.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

егер ондық бөлшектің соңына бір немесе бірнеше нөлдер тіркеп жазылса ( алып тасталса), онда ...бөлшек шығады;

- координаталық сәуленің бойында екі ондық бөлшектің ... орналасса, сол бөлшек үлкен (кіші) болады;

- ондық бөлшектерді салыстыру үшін алдымен бүтін бөліктері салыстырылады, егер бүтін бөліктері тең болса, онда ...;

Құндылықтарды дарыту

Жұптық жұмыста - өзара сыйластық, бір-бірін құрметтеуашық өз ойларын жеткізу, адамгершілік, бағалауда - шыншылдық, жарқындылық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, физика

АКТ қолдану дағдылары

Сабақтың әр кезеңінде қорытындылауды тиімді жүзеге асыру үшін презентациямен жұмыс және тапсырмаларды Activ Board –та орындау арқылы интерактив тақтамен жұмыстану дағдыларын дамыту.

Бастапқы білім

Ондық бөлшектерді салыстыркдың тәсілдерін біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

2 минут

7 минут

1 минут

1. Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу, олардың сабаққа даярлықтарын қадағалау.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Жұмыстың мақсаты: Үй тапсырмасын орындауы бойынша білім деңгейлерін анықтау.

Оқушының әрекеті: Сыныптасымен дәптерлерін алмастырып мұғалімнің берген дұрыс жауабымен тексереді.

Бағалау:Бір-бірін бағалау

Бағалау критерийі:

- Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша жіктеді;

-Разрядтары бойынша ондық бөлшектерді салыстырды;

- Ондық бөлшектерді натурал сандарға айналдырды;

- Натурал сандарды салыстыра біледі, нәтижесін ондық бөлшектерді салыстыруда қолданды;

- Жауаптарын дұрыс жазды;

-Жауаптарын негіздей алады.

3. Сыныптасының ауызша тапсырмасы.

Жұмыстың мақсаты: Тапсырма құрастыру оқушылардың алғын білімдерін жүйелеуге, сыни тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді.

Оқушының әрекеті: Әр оқушы сыныптасына 1-2тапсырма береді, оны оқушылар ауызша орындайды. Дұрыс жауаптарына ұпайдан жинап отырады.

4. Жұпқа бөлу. Сегіту сәті.

Жұмыстың мақсаты: Тақырыпты жете түсінген оқушымен әлі де тақырыпты меңгеруде олқылық жіберетін оқушылар жұптасып, сынып оқушыларының тақырыпты толық меңгеруін ұйымдастару.

Оқушының әрекеті: Оқушылар ортаға шығып, жинаған ұпайлары бойынша бір қатарға тұрады. Ең көп ұпай жинаған оқушымен ең төмен жинаған оқушы жұптасады, т.с.с. жұптарын табады.

Сабақтың ортасы

2 минут

12 минут

10 минут

5 минут

5. Сабақтың мақсатын анықтау Сабақтың мақсатымен және жетістік критерийімен таныстыру және талдау.

6. Жұптық жұмыс.

оқулықпен жұмыс С тобы №№1 266, 1 267, 1 268

Жұмыстың мақсаты: Жоғарғы деңгейдегі есептерді шығару арқылы оқушылардың зерттеушілік, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.

Оқушының әрекеті: Жұбымен бірге тапсырмалардың шарттарын талдап, бір дұрыс шешімге келіп жұмыстану, тапсырмаларды орындау.

Мұғалімнің әрекеті: Жұптардың жұмыстарын сырттай бақылап, көмек қажет боғанда бағыттау, ынталандыру.

Бағалау критерийі:

  • Берілген сандарды салыстыра отырып, ең үлкенін/ең кішісін анықтай алады;
  • Салыстыру нәтижесін қос теңсіздікпен жаза алады;
  • Аралас бөлшектерді ондық бөлшектерге айналдыра алады;
  • Ондық бөлгектерді салыстыра алады;
  • Координаталық сәулеге берілген ондық бөлшекті кескіндей алады;
  • Координаталық сәуледе ондық бөлшектерді салыстыра алады.

7. Жеке жұмыс

Дидактикалық материалдан тапсырмалар

Жұмыстың мақсаты: Жеке жұмыстан отырып, стандартты емес тапсырмаларды орындап, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

Мұғалімнің әрекеті:Қабілеті жоғары оқушыларға өзбетімен жұмыстануға мүмкіндік беру. Көмекті қажет ететін оқушыларғы нұсқау, бағыт-бағдар беру.

8. kahoot! Бағдарламасы бойынша ауызша тест

Жұмыстың мақсаты:Тест орындау арқылы білімдерін қортындылау, бағалау және пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Презентация

Алдамуратова Т.А.

Матемтика -5класс, 2015ж

Дидакт материал

Сабақтың соңы

5минут

9. Үйге тапсырма.

1. №№ 1261; 1262 Алдамуратова -5 кл

2. Перзентацияны үйде қайтадан қарау.

10. Сабақты қорытындылап, рефлексия жүргізу. Өзін-өзі бағалау анализі.

- Бүгінгі сабақтан өзіңе не алдың?

- Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болды?

- Қаншалықты сабақ мақсатына жетті?

- Өз көңіл күйінді белгімен көрсет

Қосымша ақпараттар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

 Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Үй тапсырмасын тексеру барысында қабілетті оқушылар көшбасшылық қабілеттерін дамыта отырып, сыныптастарына көмектесуге тырысады.

Жеке тапсырмалар орындауда қабілетті оқушыларға өзбетімен жұмыстануға мүмкіндік беру.

Оқытуға ынталандыру үшін, оқыту үшін бағалау, яғни жұптық және жеке жұмыстарына орынды бағыт, нұсқау беру.

АКТ қолданғанда уақытқа қатысты ережені сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу