Жұмысқа байланысты есептер. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.3В бөлім: Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

 Мектеп: Орал қаласы физика – математика бағытындағы НЗМ

Күні:

 Мұғалімнің аты-жөні: Мендигалиева Г.М.

Сынып: 5

 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жұмысқа байланысты есептер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.5.2.5 ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығару (мысалы, бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер және т.б.)

 Сабақ мақсаттары

ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып жұмыстарға қатысты мәтін есептерді шығару

Бағалау критерийлері

  • Білу және түсіну: , және формулаларын біледі
  • Талдау: Жұмысқа байланысты есептерде формулалардың қажеттісін таңдай алады;
  • Қолдану: Таңдалған формулалар арқылы құрастырылған ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып, берілген есептің шешімін табады

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Өнімділік, жылдамдық, уақыт, жұмыс көлемі

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

орындалған жұмыс ...;

уақытты (жылдамдықты) табу үшін ...;

белгісіз

жұмыс өнімділігі ... қатынасы арқылы анықталады;

өнімділігі ... болғандықтан, жұмыс ... бітеді

т.б.

Құндылықтарды дарыту

Топтық, бірлескен жұмыс арқылы сыйластықты, бір – біріне құрметті дамыту

Тапсырмалар орындау арқылы ойлануға үйрету

Пәнаралық байланыстар

Ғылыми – жаратылыстану пәндері, экономика

АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақта АКТ қолдану қарастырылмайды

Бастапқы білім

Жай бөлшектерге амалдар қолдану, есептің математикалық моделін, әріпті өрнектерді құру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Мұғалім қызметі: «Жер жырту», «Хауызды (бассейн) толтыру», «Зауытта», «Сенбілік немесе Бақшада» т.б. тақырыптардағы жұмысты сипаттайтын суреттер сынып оқушыларының санына байланысты бірнеше қиындыларға бөлініп, таратылады. Оқушылар топтарға бөлінген соң «Суреттердің барлығы бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбын, мақсатын сипаттайды. Бүгінгі сабақта немен айналысатынымызды анықтап көріңдерші» - деп ой қозғайды.

Оқушы қызметі: қиындыларды бір – бірден суырып, тұтас сурет құрастыру арқылы бірнеше шағын топқа бөлінеді және мұғалім сұрағына жауап береді.

Тақтада сабақтың тақырыбы мен мақсаты жазылады.

үлестірмелер

Сабақтың ортасы

10 минут

5 минут

5 минут

15 минут

ІІ. Топтық жұмыс: мақсаты – формулаларды еске түсіру

Мұғалім қызметі: Тақтада үлестірмелерін тақтада іліп, топтарға осы шамалардан барынша көп формула құрастыруды тапсырады. Формулаларды бірінші дұрыс құрастырған топтар марапатталатынын ескертеді.

Оқушы қызметі: , және формулаларын құрастырады және осы шамалар арқылы басқа формулалар болмайтынын түсіндіреді.

ІІІ. Сыныппен жұмыс: мақсаты – жұмысқа берілген есептердің математикалық моделін құрастыру.

Мұғалім қызметі: Тақтада есеп шартына сәйкес математикалық модельді қалай құру керектігін көрсетеді.

Оқушы қызметі: Сұрақтар қою, қажетті жазбаларды орындау, жетелеуші сұрақтарға жауап беру

Қосымша 1

IV. Топтық жұмыс: мақсаты – математикалық модельмен жұмыс жасау дағдысын бекіту.

Мұғалім қызметі: топтарға бір – бірден математикалық моделі берілген есептер тарату.

Оқушы қызметі: модельге сәйкес жұмысқа байланысты есеп құрастыру.

Топтар жұмыстары өзара ауыстырылып, бірін-бірі бағалайды. Бағалаудан кейін жұмыстарды тексеру үшін мұғалімге тапсырады.

Қосымша 2

V. Есептер шығару: мақсаты – өтілген материалды бекіту

Мұғалім қызметі: есептерді әр оқушыға таратады, қабілеті жоғары оқушыларға өздері шешуге мүмкіндік береді, қабілеті төмен оқушылармен орындарынан не тақтада бірге жұмыстанады.

Оқушы қызметі: берілген есептердің шешімін табады.

Қосымша 3

А4 парақтары, маркер

Тақта не слайд арқылы

Флипчарт, маркер

үлестірмелер

Сабақтың соңы

5 – 6 минут

  • Мұғалім топтардың математикалық модель бойынша құрастырған тапсырмаларына ауызша шолу жасап, өзара бағалаудың нәтижесін хабарлайды.
  • Сабақта шығарылған тапсырмалар бойынша әр оқушы өзін – өзі бағалайды: «Білім үшбұрышы»

үлестірмелер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сұрақтар, тапсырмалар арқылы

Өзара бағалау, өзін – өзі бағалау, мұғалімнің кері байланысы

АКТ қолдану барысында техникалық қауіпсіздік сақталады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша 1

Мысал1: Сылақшы сағатына 8,4 шаршы метр қабырғаны бояйды. Егер бөлменің қабырғасы 48,72 м2 болса, ол жұмысты қанша уақытта бітіреді?

Шешуі:

Жұмыс өнімділігі,

Уақыты, t

Барлық жұмыс, А

8,4 м2/сағ

?

48,72 м2

Белгісіз шама уақыт болғандықтан формуласы қолданылады: сағ. Демек 5 сағат 48 минут уақытта бітіреді. Жауабы: 5 сағат 48 минут

Мысал2: Ұста жұмысты 6 сағатта, ал шәкірті сол жұмысты 8 сағатта бітіреді. Екеуі бірігіп осы жұмысты қанша уақытта бітірер еді?

Жұмыс өнімділігі,

Уақыты, t

Барлық жұмыс, А

Ұста

?,

6

1

Шәкірті

?,

8

1

Екеуі бірге

?,

1

Шешуі

Жауабы: сағат

Қосымша 2

№1.

Жұмыс өнімділігі,

Уақыты, t

Барлық жұмыс, А

?

5

1

№2.

Жұмыс өнімділігі,

Уақыты, t

Барлық жұмыс, А

6

2 сағ 30 мин

?

№3.

Жұмыс өнімділігі,

Уақыты, t

Барлық жұмыс, А

?

5

1

№4.

Жұмыс өнімділігі,

Уақыты, t

Барлық жұмыс, А

І - сі

4 күн

1

ІІ - сі

6 күн

1

Бірге

?

1

№5.

Жұмыс өнімділігі,

Уақыты, t

Барлық жұмыс, А

Ұста

15

60

Шәкірті

12

60

Бірге

?

100

Қосымша 3

  • Хауыз 1 сағатта толады. Егер хауыздың көлемі 18,3 м3 болса, әр минутта қанша м3 су ағады?
  • Құрылысшы сағатына 12 тас қалайды. Егер ол 3 сағат 25 минут үзіліссіз жұмыс жасаса, қанша тас қаланады?
  • Күзгі өнімді жинауға студент жастар жұмылдырылды. Әр студент күніне 2,5 қапшық картоп жинап, оны тазалайды. Егер жұмыс алаңында 4 студент 1 апта (6 күн) жұмыс жасаса, қанша қапшық картоп жиналды?
  • Арақашықтығы 6,4 км болатын екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы екі велосипедші шықты. Біреуінің жылдамдығы 10,5 км/сағ болса, екіншісінің жылдамдығы одан 0,3 км/сағ кем. Олар неше минуттан кейін кездеседі?
  • Аспаз сағатына 7 бәліш пісіреді, ал шәкірті сағатына 5-еу дайындайды. Екеуі тапсырысқа берілген 24 бәлішті қанша сағатта бітіреді?
  • Тігінші тапсырысқа берілген 20 алжапқышты 4 күнде бітірді. Егер тапсырысқа 56 алжапқыш берілсе, ол осындай өнімділікпен неше күнде аяқтар еді?
  • Даяшы таңертеңгі кезекте 45л сүтті 1 сағат жарымда өндірді. Ал кешкі кезекте өнімділігі сағатына 32л болды. Даяшының қай уақыттағы жылдамдылығы көп болды?
  • Меруерт пен Тоғжан бөлмені 6 минутта жинайды. Меруерт жалғыз өзі осы бөлмені 15 минутта жинайды. Ал Тоғжан өзі қанша минутта жинар еді? Кім жылдамырақ?
  • Токарь 300 бөлшекті 6 күнде бітіруді жоспарлады. Алайда жаңа станоктың іске қосылуына байланысты өнімділігі күніне 25 бөлшекке артты. Енді токардың жоспары неше күнде бітеді?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу