Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Математика, 5 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы: Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу

5 класс. Кушекенова К.Т.

Сабақ мақсаты: Оқушылар ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алады;

Оқыту мақсаты:

5.5.3.4 ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;

Бағалау критерийі:

Білу және түсіну:

-оқушылар координаталық сәуленің анықтамасын біледі;

-координаталық сәуледе ондық бөлшектердің орналасу ретін біледі;

Қолдану:

-оқушылар ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алады.

Математикалық диктант.

1. үш бүтін оннан бір

2. Бес бүтін оннан сегіз

3. бір бүтін оннан бес

4. нөл бүтін жүзден жетпіс

5. Жеті бүтін жүзден жиырма бес

6. нөл бүтін жүзден он алты

7. үш бүтін мыңнан бір жүз жиырма бес

8. бес бүтін жүзден он екі

9. он бүтін жүзден жиырма төрт

10. бір бүтін оннан үш

Ауызша жаттығулар.

Ондық бөлшектерді оқыңдар:

0,2; 1,009; 3,26; 8,1; 607,8; 0,2345; 0,001; 3,07; 27,27; 0,24; 100,001; 3,08; 3,89; 71,007; 5,0023.

 Ал енді есімізге түсірейік!

Координаталық сәуледе нүкте белгілеу үшін, қажетті...

Координаталық сәуледе нүктені қандай әріппен белгілейміз?

Нүктенің координатасын қалай жазамыз ?

Жұптық жұмыс.

Оқушылар есептің жартысы жазылған парақша алады.Екінші бөлігін тауып, жұп құрайды. Ж: Әрбір жұп тақтада ілінген тапсырмаларды өз таңдаулары бойынша алып орындайды. Осы тапсырмалардың ішінде жай бөлшектермен бірге ондық бөлшектерді де сан сәулесіне бейнелеу есебі беріледі.

Проблемалық жағдай: Координаталық сәуле бойына 3,2 ондық бөлшегін белгілеу. Ж:Дұрыс шешімін тапқан жұптар тақтада шешімін белгілеп көрсетеді. Сабақ мақсаты анықталады және берілген тапсырманы орындау дескрипторы құрылады: Оқу мақсаты: 5.5.3.4 ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу; Дескрипторы: 1) Координаталық сәуле бойынан бірлік кесіндіні анықтау;

2) Координаталық сәуле бойына санның бүтін бөлігін белгілеу;

3) Координаталық сәуле бойына санның бөлшек бөлігін белгілеу;

Жұптық жұмыс.

1-ші жұптың жұмысы: 1) 2, 7; 2) 4, 25 сандарын координаталық сәуле бойына белгілеу; 2-ші жұптың жұмысы: 1) 3, 4; 2) 5, 18 сандарын координаталық сәуле бойына белгілеу;

3-ші жұптың жұмысы: 1) 1, 6; 2) 3, 12 сандарын координаталық сәуле бойына белгілеу; 4-ші жұптың жұмысы: 1) 8, 2; 2) 1, 37 сандарын координаталық сәуле бойына белгілеу; 5-ші жұптың жұмысы: 1) 4, 9; 2) 5, 43 сандарын координаталық сәуле бойына белгілеу;

Рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек»

Оқушыларға өз көршісінің бүгінгі жұмысынан не ұнаганы және оған қандай тілегі бар екені сұралады.

Үйге тапсырма: Осы үлгі бойынша бес мысал құрастырып келіңдер.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу