Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер. Математика, 5 сынып, презентация.


Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер

Оқу мақсаты

5.5.2.3

жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығару (мысалы, бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер және т.б.);

Сабақтың мақсаты

Мәтін есептің математикалық моделін құрап және бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептерді шешу дағдыларын дамыту.

Бекіту сабағы.

Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсаттарына жетеді, егер:

«осыншаға арттыру», «бірнеше есе кеміту» және т.б. сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіреді;

есепті шығару жоспарын құрастырады;

мәтін есептің математикалық моделін құрастырады;

жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығарады.

Егер жеңіл көліктің V1 жылдамдығы жүк көліктің жылдамдығынан 30 км/сағ-қа артық болса, онда V1+30= V2;

Тіктөртбұрыштың b ені осы тіктөртбұрыштың ұзындығынан 2 есе артық болса, онда b=2∙a;

Егер 2 кг алма a тг болса, онда 3 кг алма 3a тг тұрады.

Егер тіктөртбұрыштың ауданы шаршының ауданынан 2 есе кем болса, онда тіктөртбұрыштың ауданы S:2 ге тең.

Егер қазір Сауле Олядан 1 жасқа үлкен болса, онда а жылдан кейін ол одан (1+а) жасқа үлкен болады.

Есептің шарты бойынша теңдеу құрыңыз:

24 т суды бірінші насос 6 сағатта, ал екінші насос 3 сағатта ағызады. Екі насос бірлесіп жұмыс жасаса, 24 т суды қанша уақытта ағызады?

36 бөлшекті бірінші жұмысшы 3 сағатта, ал екіншісі 6 сағатта дайындайды. Егер екеуі бірлесіп жұмыс жасаса, 36 бөлшекті қанша уақытта жасап бітіреді?

Қыштан зат істеуші 3 сағатта 12 құмыра істей алады, ал оның шәкірті – 6 сағатта істейді. Егер шебер мен шәкірті 2 сағат бірлесіп жұмыс жасаса, қанша құмыра жасап бітіреді?

Мектеп кабинетін жөндеуді екі бригада жасады. Бірінші бригада кабинетті 15 күнде бітіреді, егер екінші бригадамен бірлессе 12 күнде бітіреді. Ал екінші бригада бұл істі неше күнде бітірер еді?

Жұппен жұмыс

XVII ғасырдағы математика

жазбаларынан ескі есеп.

1. «Екі ұста ауланы дұрыстамақ болады. Біріншісі былай дейді:

- Егер мен жалғыз істесем, жұмысқа 3 жыл уақыт кетер еді.

Екіншісі:

- Ал мен бұл жұмысқа 6 жыл уақыт жұмсар едім.

Екі ұста жұмысты бірлесіп істейтін болып келіседі. Олар ауланы қанша уақытта дұрыстап бітіреді?»

Жауабы: 2 жыл.

2. Жылқы бір арба шөпті бір ай жейді, ешкі – екі ай, қой – үш ай жейді. Жылқы, ешкі, қой барлығы бірлесіп бір арба шөпті қанша уақытта бітіреді?

Жауабы: 6/11 (ай).

Жеке жұмыс

Жеке жұмыс

Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Оқушылар өздерінің жұмысын критерийлер бойынша бағалай алады:

«осыншаға арттыру», «бірнеше есе кеміту» және т.б. сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіреді;

есепті шығару жоспарын құрастырады;

мәтін есептің математикалық моделін құрастырады;

жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығарады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу