Мәтін есептер шығару. Математика, 5 сынып, презентация.


Мәтіндік есептер шығару

Оқу бағдарламасына сілтеме:

5.5.2.3

бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығару (бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер және т.б.).

Сабақ мақсаты:

Мәтін есептің математикалық моделін құрап, бірлесіп орындалатын жұмыстарға және қозғалысқа қатысты есептерді шешу дағдыларын дамыту.

Бекіту сабағы.

Бағалау критерийлері

Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер:

«осыншаға арттыру», «бірнеше есе кеміту» және т.б. сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіреді;

есепті шығару жоспарын құрастырады;

мәтін есептің математикалық моделін құрастырады;

жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығарады.

BRAIN GYM

Сұрақтың орнына қандай сан қою керек?

Али -21

Гани -22

Максат -24

Саламат -?

34

Өткен білімді жандандыру

1.Бүтіннің бөлігі бөлшекпен берілсе, бұл бөлікті қалай табамыз?

Жауабы: Бүтінді бөлшектің бөліміне бөліп нәтижені оның алымына көбейту керек.

2. Егер ізделінді бүтіннің бөлігі бөлшекпен өрнектелген болса, бұл бүтінді қалай табамыз ?

Жауабы: Берілген бөлікті  бөлшектің алыма бөліп және нәтижені оның бөліміне көбейтеміз.

3. Бірлесіп жұмыс істеу есептерінде қандай өлшемдер қолданылады?

Жауабы: Жұмыс, өнімділік, уақыт.

4. Жұмыстың өнімділігі дегеніміз не?

Жауабы : Өнімділік бұл уақыттың бірлік өлшемінде орындалған жұмыстың бөлігі.

5. Өнімділікті салыстыруға бола ма? Бұл салыстыру нені көрсетеді?

Жауабы: Өнімділік неғұрлым көп болса, соғұрлым жұмыс көп жасалынады.

6. Қайықтың меншікті жылдамдығы дегеніміз не?

Жауабы: Қайықтың тынық судағы (көл) жылдамдығы.

7. Ағыс жылдамдығы дегеніміз не?

Жауабы: уақыттың бірлік өлшемінде затты қанша арақашықтыққа апаратынын көрсетеді.

8. Өзен ағысымен жүзген қайықтың қалай табамыз?

Жауабы: меншікті және ағыс жылдамдығын қосамыз

9. Өзен ағысына қарсы жүзген қайықтың жылдамдығын қалай табамыз ?

Жауабы: меншікті және ағыс жылдамдығын айырмасын табамыз

10. Салдың өзен бойындағы жылдамдығын қалай табамыз? 

Жауабы: өзен ағысына тең.

Өткен білімді жандандыру

Walk around activity

Walk around activity

Work in pairs (Жұппен жұмыс)

Homework

Homework

Үй жұмысы

Вини Пух 2 бәнкі балды 2 сағатта жейді, ал оның досы Пятачок 3 сағатта жейді. Осындай жұмыс өнімділігімен бірігіп сондай балды неше сағатта жейді?

Қайық 6 км/сағ меншікті жылдамдықпен өзен ағысымен жүзеді. Өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ. Қайық 3 сағатта қанша қашықтық жүзіп өтеді?

Сабақта үйренген 3 нәрсе ...

Сабақта орындаған

2 тапсырма

Жауабын білгім келетін

1 сұрақ…?

Оқушылар өздерінің жұмысын критерийлер бойынша бағалай алады:

«осыншаға арттыру», «бірнеше есе кеміту» және т.б. сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіреді;

есепті шығару жоспарын құрастырады;

мәтін есептің математикалық моделін құрастырады;

жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығарады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу