Мәтін есептерді шығару. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар.
Сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3A Мәтін есептер | Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі. | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Есекенова Г.Т. | ||||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Мәтін есептерді шығару. | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.5.2.5 бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығару; | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдана алады; - ондық бөлшектермен берілген мәтін есептерді шығару моделін құра алады; - ондық бөлшектермен берілген мәтін есептерді шығаруда құрылған сандық өрнектердің мәнін таба алады. | ||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| ||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Логикалық ойлау, есте сақтау, салыстыру және елестету қабілеттерін дамыту. Жұптық жұмыста – өзара сыйластық, ынтымастық, бір-бірін құрметтеу, адамгершілік, бағалауда – шыншылдық, жарқындылық. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Пән ішілік байланыс: бейнелеу, технология, экономика және өмірмен байланыс (құрылыс). | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Қолданбалы прогр: Рower Point. Акт-ны қолдану, әртүрлі қолданбалы программалармен және оқу программаларымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. | ||||||||
Бастапқы білім | Әріпті және санды өрнектермен жұмыс дағдылары, сандарға қолданылатын амалдар қасиеттерін біледі, есептің мәтіні бойынша математикалық моделін құра біледі. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы. 1-мин. 7-мин. 7-мин. 7 – мин 9- мин | 1.Ұйымдастыру бөлімі: 1.1.Оқушылармен амандасу. 1.2.Сабаққа дайындау. 2. Үй тапсырмасын сұрау және тексеру. Ж : Тапсырма 1. Жұпқа бөлу. Жаңа тақырыпты өз беттерінше меңгеру. Мақсаты: Өткен материалды қайталау және жаңа проблеманың туындауы. Өз бетінше оқуды жүзеге асыру. Мұғалім қызметі: 1. Ұзындық, масса, аудан, көлем және уақыт өлшем бірліктеріне қатысты өрнек түрлері жазылған үлестірме кеспелерді жұптау арқылы жұпқа бөлу. 2.Әр жұптан қолдарындағы өрнектерге сипаттама беріп, мәтін есеп құрастыруларын және олардан қандай проблема туындайтынын сұрау. Оқушы қызметі: 1. Оқушылардың жауабын тыңдап, талқылау. 2. Әр жұптың үлестірмесіндегі өрнектен жаңа проблема туындауы, жұпта оқушылар өз жауаптарын тұжырымдайды. Бағалау: мәтін есеп құрастыруды білу және түсіну; 3. Сабақтың тақырыбын ашу. Ж: Тапсырма 2. Сабақтың тақырыбын. Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін қалай анықтап, тұжырымдауға болады? Мақсаты: Сұрақ-жауап арқылы сабақтың тақырыбын ашу,оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтау. Оқушы қызметі: Тыңдау. Сұрқтарға жауап беру. Оқу мақсаты мен жетістік критерийлерін анықтауда талқылап, тұжырымдайды. Мұғалім қызметі: Сабақ тақырыбы, мақсаты және жетістік критерий-лерін таныстыруда оқушы тұжырымдарымен талқылайды. Сұрақ қою, оқушы жауабын тыңдау. Сабақ тақырыбы: Мәтін есептерді шығару Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсатымыз: 5.5.2.5 бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығару Бағалау критерийлері:
Бағалау: Ондық бөлшектермен берілген мәтін есептерді шығаруда қол жеткізетін оқу мақсаты мен бағалау критерийллерін білу және түсіуді. Т: Тапсырма 3. Мақсаты: ондық бөлшектермен берілген мәтін есептерді құрастыруды және сұрақтар қоя білуді, белгілі және белгісіз шамаларды сипаттай отырып, мәтін есептердің шешімін түсіндіріп талдай алуды қалыптастыру. Мұғалім қызметі: 1. Топқа бөлу. Үш топқа тапсырма жазылған кеспе қағаз тарату. 2.Әр топптан өрнектерге сипаттама беріп, мәтін есеп құрастыруларын және оларды шешулерін сұрау. 3. Оқушылардың жауабын тыңдап, талқылау. Оқушы қызметі: 1. Әр топ үлестірмесіндегі өрнектерден мәтін есеп құрастыру және олардың шешу және есептердің шешімін түсіндіріп талдап, жауаптарын тұжырымдау. Бағалау: Мәтін есептер құрастыра білуін және шешімін түсіндіріп талдай алуын. Ө - Ж: Тапсырма 4. Мақсат: ондық бөлшектермен берілген мәтін есептерді шығару дағды- ларын қалыптастыру. Мұғалім қызметі: Тапсырманы түсіндіру:
Оқушы қызметі: Өз бетінше жұмыстанып, жұпта талқылау Бағалау: ондық бөлшектермен берілген мәтін есептерді шығаруда білімін қолдану. Жұптар бірін-бірі бағалайды. | Презентация. Слайд 1-2. Қосымша №1. . Презентация. Слайд 3-4. Қосымша №2. Презентация. Слайд 5. Презентация. Слайд 6-7. Қосымша №3 ( Тест мұғалім қалауымен қол-данбалы бағдар-ламалардың бірін пайдала-нып АКТ-да орындау) | |||||||
Сабақтың ортасы
8 - мин | 5. Тақырыпты бекіту тапсырмалары. (кері байланыс). Ө: 4- тапсырма. Деңгейлік тапсырма. Мақсат: ондық бөлшектермен берілген мәтін есептерді шығаруда қолайлы тәсілдеріді қолдану түсінігінің терең қалыптасқанын бағалау. Мұғалім қызметі: Тапсырманы түсіндіру. Есептер үш деңгейде. Өз қалауларымен орындау. Оқушы жұмыстарын қадағалап бақылау. Оқушы қызметі: Әрбір оқушы өз бетінше орындайды. Бағалау: Мұғалім бағалауы. Ондық бөлшектермен берілген мәтін есептерді шығара білуін және шешімін түсіндіріп талдай алу дағдыларының терең қалыптасқанын. | Қосымша №4. Презентация. Слайд 8. | |||||||
Сабақтың соңы 3-мин 2-мин 1-мин | 6. Рефлексия Мақсат: Кері байланыс орнату. Сабқты бекіту. Мұғалім қызметі: Сұрақтар беру және рефлексия жүргізу. Сабақты бекіту сұрақтары.( Ауызша). 1. Бүгінгі сабағымызда біз нені оқып білдік? 2. Бүгінгі сабағымызда біз қандай мақсатты оқып білдік? Оқушы қызметі: Сұрақтарға өз ойларын қорытып, толық жауап беру. 1.Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - ондық бөлшектермен берілген мәтін есептерді шығаруда ________________________________________білдім. - ондық бөлшектермен берілген мәтін есептерді шығаруда ____________________________________________түсіндім. - ондық бөлшектермен берілген мәтін есептерді шығаруда ____________________________________________қолдандым - ондық бөлшектермен берілген мәтін есептерді шығаруда __________________________________________________талдай алдым. Бағалау: Мұғалім оқушылар жауабы мен жұмыстарын мадақтап бағалауы. 7.Үйге тапсырма. Мұғалім қызметі: Үйге тапсырма беру. | Презентация. Слайд 9. Қосымша №5 Презентация. Слайд 10. | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Саралау тапсырмалары оқушыларға жаңа тақырыпты меңгеру тапсырмаларынан кейін деңгейлеріне қарай беріледі. Өз қалаулары-мен орындайды. Сабақ басында қабілеті жоғары оқушыларды диалогка тарту, және сабақтың екінші бөлімінде деңгейлік тапсырмалармен жұмыстандыру. | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз
1.Оқушылар өзін-өзі, өзара бірін - бірі бағалайды. 2.Мұғалім бағалауы. Оқушылар өзін өзі тексеру арқылы деңгейлік тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындай алғандығын анықтап, өзінің көрсетілген оқу мақсатына «жеткендігін» не «талпынатындығын» бағалайды. | Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түр-лері. Көзге жаттығу жұмыстары. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қосымша №1.
1-тапсырма.
Өрнектерге сипаттама беріп, мәтін есеп құрастырыңыздар. Олардан қандай проблема туындайды деп ойлайсыздар?
6,25дм2 16 = | 87,5дм2 |
4,7км/сағ 2,5сағ = | 11,75км |
(18,6м + 6,4м) 2= | 50м |
3,25 кг + 4,6кг = | 7,85кг |
24,5м – 11,5м= | 13м |
Қосымша №2
3- тапсырма.
І – топ.
Тапсырма: Есеп шартына нені табу керек екендігіне сұрақ қойыңыздар және оны шешіңіздер.
Есеп№1. Екі бидонда керосин бар. Бірінші бидонда 8 л керосин болған. Одан 3,4 л керосинді екінші бидонға құйғанда, екінші бидонда біріншіге қарағанда 2,3 л керосин артық болды. ... ?
ІІ – топ.
Есеп№2. Суретке қарап мәтін есеп құрастырыңыздар және оны теңдеу құрып шешіңіз.
350,75м
хм –? 1,5 хм–? 74,95м
ІІІ – топ.
Тапсырма: Берілген рәсімделуге қарап мәтін есеп құрастырыңыздар, есеп шартын қойыңыздар және оны шешіңіздер.
Есеп№2.
Берілгені: а = 18,25см
в – 4,2 см қысқа в Т / к: Р – ?
а
Қосымша №3 тест
4- тапсырма.
- Мұздатқыш вагонының массасы 28 т, ондағы мұз 4,6 т. Мұздатқыш вагонының мұзсыз массасы қандай ? А. 24,9 т ; В. 23,9 т; С. 23,1т; D. 24,5 т.
- Үшбұрыштың бірінші қабырғасы 6,3см. Үшбұрыштың бірінші қабырғасының ұзындығы екінші қабырғасының ұзындығынан 2,8 см кем болса, үшінші қабырғасының ұзынды-ғынан 0,9 см артық. Үшбұрыштың периметрін табыңыз.
А. 20 см ; В. 21,8 см; С. 20,8 см; D. 21,5 см
- Тік төртбұрыштың ұзындығы 5,6 см, ені 3,7 см. Тік төртбұрыштың периметрін табыңыз.
А. 9,3см ; В.17,6 см; С. 18,6 см ; D) 12,3 см.
- Сүт екі ыдысқа құйылған. Бірінші ыдыстағы сүт 5,4 л. Бірінші ыдыстан 1,2 л сүтті екінші ыдысқа құйғанда, екінші ыдыстағы сүт бірінші ыдыстағы қалған сүттен 2,8 л артвық болды. Алғашқыда екінші ыдыста неше литр сүт болған?
А. 5,8 л; В. 8 л; С. 7,5 л; D) 10 л.
- Тік төртбұрыштың периметрі 16,6 см, ұзындығы 4 см. Тік төртбұрыштың ауданын табыңыз.
А. 17,12 см2 В. 17,1 см2; С.17 см2. D) 17,2 см2.
6. Тік бұрышты параллелипедтің көлемі 302,4 см3, табанының ауданы 72 см2. Оның биіктігін табыңыздар.
А. 4,2см; В. 4 см; С. 4,5 см ; D) 4,3 см.
7. Қоспаның 0,35-і күміс, қалғаны басқа металдар. Қоспаның құрамындағы күміс 27,3 г болса, қоспаның құрамындағы басқа металдар неше грамм.
А. 70 г; В. 10,101г; С. 51,7 г; D) 50,7 г
Қосымша №4
Деңгейлік тапсырма.
5- тапсырма.
I – деңгей.
Есеп№1. Шаруашылық бірлестігінің 70,5 га жерінің – іне бидай, ал қалғанына бақша өнімдері егілді. Бақша өнімдері неше гектар жерге егілді?
Есеп№2. Кілегей массасының 0,25-і май. 3,8 кг кілегейде неше килограмм май бар?
II – деңгей.
Есеп№1. Картоп, орамжапырақ және пияз барлығы 7 га жерге егілді. Картоп пен орамжапырақ 5,2 га жерге егілді. Пияз егілген жердің ауданы орамжапырақ егілген жердің ауданынан 0,35 га кем. Картоп неше гектар жерге егілді?
III – деңгей.
Есеп№1. Сүт екі ыдысқа құйылған. Бірінші ыдыстағы сүт 5,4 л. Бірінші ыдыстан 1,2 л сүтті екінші ыдысқа құйғанда, екінші ыдыстағы сүт бірінші ыдыстағы қалған сүттен 2,8 л артық болды. Алғашқыда екінші ыдыста неше литр сүт болған?
Қосымша №5
Үйге тапсырма.
Есеп№1.Үстелдің бетінің ұзындығы 2,45м, ені ұзындығынан 1,25м қысқа. Үстел бетінің ауднынын табыңыздар.
Есеп№2. Үш жәшікте алма бар. Бірінші жәшіктен 9,6 кг алманы сатқанда, онда 11,5 кг алма қалды. Екінші жәшіктен үшінші жәшікке 4,5 кг алманы салып, одан 3,75 кг алманы сатқанда үш жәшіктегі аклманың массасы бірдей болды. Алғашқыда жәшіктердің әрқайсысында қанша килограмм алма болған?
Есеп№3. Өркен қарындасымен екеуі ақшаларын қосып, 275,65 теңгеге алма мен алмұрт сатып алды. Оның –ін Өкрен төледі,қалғанын қарындасы төледі. Қарындасы неше теңге төледі?
Ресурстар.
- Алдамұратова Т.А. Математика 5 сынып. 2-бөлім. 2012ж.
- Л.Н. Шеврин, А.Г. Гейн и др. Математика 5-6. Учебник – Собеседник. Москва «Просвещение». 1989г.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?