Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім 5.1А. Сандарға амалдар қолдану

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерізімі:

Мұғалім аты-жөні: Ералиев Мақсат Бекназарұлы

Сыныбы: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу

Оқу бағдарламасына сілтеме:

5.1.2.23 Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді орындау;

Сабақтың мақсаты

1. Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу амалын үйрету;

2. Өз бетімен шешім қабылдауға, өзіндік ойын қорытындылай білуге дағдыландыру;

3. Өз мүмкіндіктерін саралай отырып, ұжымда бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелеу;

Бағалау критерийлері

1.Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін ережесі қолданылатынын біледі;

2. Аралас санды аралас санға бөлу үшін, оларды бұрыс бөлшек түрінде жазып алу керектігін біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Жай бөлшек пен аралас сандарды бөлгендегі қолданылатын негізгі терминдерді үш тілде қатар меңгереді.

Аралас бөлшек

Дұрыс бөлшек

Жай бөлшек

Бұрыс бөлшек

Алымы

Бөлімі

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Сан

Числа

Number

[намбі]

Бөлу

Деление

Division

[дивижн]

Рационал сан

Pациональная числа

Rational number

[рационал намбі]

Көбейту

Умножение

Multiplication [малтипликэйшн]

Алымы

Числитель

Numerator

[нюмәрейтә]

Бөлімі

Знаменатель

Denominator [деноминэйтр]

Есте сақта

Запомнить

Note

[ноут]

Ондық бөлшек

десятичной дроби

Decimal fraction [десимал фракшн]

Бөлшек

Дроб

Fraction

[фрэкшн]

Дұрыс бөлшек

Правильная дробь

Proper fraction

[проупер фрэкшн]

Бөлшек (бөлгенде)

Дроб

Quotient

[коушнт]

Кеміту

Уменьшение

Subtraction

[сабстрэкшн]

Кесте

Таблица

Table

[тэйбл]

Қосу

Сумма

Addition

[аддишн]

Ортақ бөлім

Общий знаменатель

Common denominator [коммн диноминэйтр]

Айырма

Разность

Difference

[дифференс]

Теңестіру

Преравнать

Equation

[икуйэшн]

Бұрыс бөлшек

Неправильная дробь

Improper fraction [импропер фрэкшн]

Аралас бөлшек

Смешанная дробь

Mixed fraction

[микст фрэкшн]

Құндылықтарды дарыту

Өткен сабақтарда қарастырылған жай бөлшекті жай бөлшекке, аралас сандарды аралас санға қосу, азайту, көбейту тақырыптарымен бірге жаңа тақырыпқа бағытталған сұрақтар қою арқылы оқушылардың өмірлік білім жолын қалыптастыруға үйрету, өзіне деген сенімділігін, ойын ашық жеткізе білуге үйрету.

Пән аралық байланыстар

Анықтамаларды дұрыс, нақты айту арқылы қазақ тілі және жаңа сабақтың мазмұнын ашу мақсатында биология, физика, механика пәндерімен байланыс орнатамын.

АКТ қолдану дағдылары

Жаңа тақырыпқа қатысты материалдарды слайд арқылы көрсетіп, интербелсенді тақтаны пайдалана отырып есептер шығарту арқылы оқушыларды АКТ қолдануды үйретемін.

Алдыңғы сабақтан алған білім

Жай бөлшекті жай бөлшекке, аралас санды аралас санға көбейтуді біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқыту ресурстары

Ұйымдастыру кезеңі

(1 мин)

Сабақтың басы

(4 мин)

Мотивациялық кезеңі:

а) Сәлемдесу;ә) Оқушыларды түгендеу;б) Оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру;

в)Үй жұмыстарының тексерілуін қадағалайды;

г)Интерактивті тақтаға үй жұмыстарының шешімдерін көрсетіледі;

Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.

Тақырыпқа сай оқушылардан бүгінгі сабақтың мақсатын ашу үшін сұрақтар қояды.

Сабақтың бағалау критерийлері мен тілдік мақсат айтылады.

Қайталауға арналған сұрақтар

Жай бөлшектер дегеніміз?

Аралас сандарға мысалдар келтіріңдер?

Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту деп?

Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу

Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшекке кері санға көбейту керек. Ережені әріптермен жазсақ:

Мұндағы - натурал сан немесе 0 саны, натурал сандар.

Мысалдар:

Санды нөлге бөлуге болмайды. Себебі кез келген санды 0-ге көбейткенде көбейтінді 0-ге тең болады.

Аралас санды аралас санға бөлу

Аралас санды аралас санға бөлу үшін, оларды бұрыс бөлшек түрінде жазып алып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесін қолдану керек.

Натурал санды бөлшекке бөлу және бөлшекті натурал санға бөлу

Бөлінгіш немесе бөлгіш натурал сан болған жағдайда натурал сан бөлімі 1 болатын бөлшек түрінде жазылып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесі қолданылады.

«Есте сақта»

Ұлы педагог Ушинский «Бір рет айтылған әңгіме артынан қайталануы керек. Бұл ұмытылғанды ескере түсіру емес, қайта ұмытып кетуді болдырмау». Есте сақта!

Презентация

Слайд 1

Слайд 2

Жеке жұмыс кезеңі

(5 мин)

Оқушыларға карточкалар беріледі, каточкалардағы тапсырмаларды достарының көмегінсіз өзі орындауы тиіс. (Карточка№1)

Топқа бөлу кезеңі

(2 мин)

Алдын ала стикерлер дайындалады. Стикерлерде үш топтың аты жазылған. Оқушылар кез келген стикерді таңдау арқылы өзінің қай топта екенін анықтап, сол топтың аты жазылған партаға отырады. Үш топтың аты көрсетілген стикердің біреуінде капитан деген жазуы бар стикерді алған оқушы сол топтың топ басшысы болып дағайындалады.

Презентация Слайд 3

Математика, 5 сынып, бөлім,Т.Алдамұратова, Е.Байшоланов, 2015 ж.

Жұппен жұмыс кезеңі

(5 мин)

Оқушылар жұппен жұмыста топтың ішінде жұп құрып өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды. (Карточка№2)

Презентация Слайд 4

Топпен жұмыс кезеңі

(8 мин)

Сыныпқа ағылшын тіліндегі тапсырмалар

(5 мин)

Әр топтан бір оқушыдан шақырылып, әр оқушы топқа берілген есепті шығару арқылы тобына ұпай алып келеді. Бұл кезде орында отырған оқушылар топ болып ақылдасып, есептің жауабын іздестіреді. Егер тақтадағы оқушы жауапты дұрыс таба алмаса, топ мүшесінің бірі көмекке келіп, топпен қарастырылған тапсырманы тақтадағы оқушыға түсіндіріп, жұптық жұмыс жасайды. (Карточка№3)

Divide the rational numbers.

Practice Problems

Divide the rational numbers.

Divide the rational numbers.

А3 парағы , түрлі-түсті маркерлер,

Математика, 5 сынып, бөлім,Т.Алдамұратова, Е.Байшоланов, 2015 ж.

Презентация Слайд 5

Zamak Yayinlari, PRE-ALGEBRA 1

Қалыптастырушы бағалау

(10 мин)

Оқушының аты-жөні ____________________________

Пәні: математика

Сыныбы: 5 « »

Бөлім 5.1А. Сандарға амалдар қолдану

Оқу мақсаты:

5.1.2.23 Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді орындау;

Тапсырма 1

Есептеңдер.

Тапсырма 2

Есептеңдер.

Бағалау критерийлері:

1.Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін ережесі қолданылатынын біледі;

2. Аралас санды аралас санға бөлу үшін, оларды бұрыс бөлшек түрінде жазып алу керектігін біледі.

Қалыптастырушы бағалауды алу себебім оқушылардың оқу мақсатына жеткендігін білу үшін

Презентация Слайд 6

Қалыптастыр-ушы бағалау 1

Reflection

(4 мин)

Рефлексия

Менің есіме түсті ………………………………..

Маған қиын болды ……………..

Менің білгім келеді ………………………...

Мен орындай алмадым ………………………………

Мен оындағым келеді ………………………….

Презентация слайд 7

Үйге тапсырма (Homework)

1 мин

№1 Бөлуді орында:

№1108

№2 Бөлуді орындаңдар:

а) ә) 1

№3 Қадамының ұзындығы м бала неше қадам жасағанда м қашықтыққа барады?

Интерактивті тақта

Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейміз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексереміз?

Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ құндылықтарымен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушымен жұптық жұмыс жасайды. Қабілетті төмен оқушыны сабаққа ынталандырып, сабақтың түсініксіз тұстарын түсіндіріп, өзінің сыныптасын абілімге баулиды өзі де тақырыпты қайталау арқылы білімін бекітеді.

Сыныптағы барлық оқушыны назардан тыс қалдырмай белсенділігіне байланысты мақтаулар, мадақтаулар айту.

Оқушының өзін-өзі бағалауға және сыныптаға белсенді оқушыны бағалап, әлі неге қол жеткізу керектігін ьағалау арқылы түсініп отырады.

Ойлауды дамытатын материалдар. Оқушылардың өзара қарым-қатынаста өзін ұстау мәдениетін және қандай жағдай болмасын бірқалыпты болуға тәрбиелеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.Қайталау арқылы еске түсіру

2. Қалыптастырушы бағалау

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Тапсырмаларды топта талқылау

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Топтағы оқушылардың тапсырманы орындауға толық қатысып отырғанына көңіл бөлу қажет



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу