Жай бөлшектерді қосу және азайту. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім 5.1.2. Сандарға амалдар қолдану

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалім аты-жөні: Кудашов Ж.К.

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны :

Қатыспаған оқушылар саны:

Тақырып

Жай бөлшектерді қосу және азайту

Оқу бағдарламасына сілтеме:

5.1.2.15 жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру.

5.1.2.17 бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;

5.1.2.18 бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;

Сабақтың мақсаты

  • Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіре алады;
  • Жай бөлшектерді қоса алады;
  • Жай бөлшектерді азайта алады;

Бағалау критерийлері

  • Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қоса алады және азайта алады;
  • Бөлімдері әр түрлі жай бөлшектерді қоса алады және азайта алады;
  • Нәтиже бұрыс бөлшек болса аралас санға айналдыра алады;
  • Бөлшектерді қосу – азайту амалдарын қолданып мәселе есептерді шығара алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Жай бөлшектерді қосу және азайтуды ауызша және жазбаша сипаттай алады, сөздік құрамы артады. Өз ойын еркін білдіре алады, анықтамаларды ешбір қиындықсыз айтады.

Пәнге қатысты лексика мен терминалогия

Қазақ

Орыс

Ағылшын

Бөлшек

Дроб

Fraction

Бөлшектің алымы

Числитель

Numerator

Бөлшектің бөлімі

Знаменатель

Denominator

Аралас сан

Смешаное число

Mixed number

Қосу

Сложение

Addition

Азайту

Вычитание

Subtraction

Бөлшек сызығы

Линия дроб

Fractional line

Дұрыс бөлшек

Правильная дробь

Proper fraction

Бұрыс бөлшек

Неправильная дробь

Improper fraction

Құндылықтарды дарыту

Жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу және азайту амалдарын орындай білу біліктілігін қалыптастыру. Оқушыны өмір бойы білім алуға үйрету, ойын ашық жеткізуге мүмкіндік беру.

Топтарға біріктіре отырып бір-бірімен ой бөлісуге , бір-бірінің пікіріне құрметпен қарауға, бір-бірін тыңдай білуге, сыныпта ауызбіршіліктің қалыптасуына жағдай жасау.

Пән аралық байланыстар

Анықтамаларды дұрыс, нақты айту арқылы қазақ тілі пәнімен және де жаңа сабақтың мазмұнын ашу мақсатында физика , геметрия пәндерімен байланыс орнатамын.

АКТ қолдану дағдылары

Жаңа тақырыпқа қатысты материалдарды слайд арқылы көрсетіп, интербелсенді тақтаны пайдалана отырып есептер шығарту арқылы оқушыларды АКТ қолдануды үйретемін.

Алдыңғы сабақтан алған білім

Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру . Жай бөлшектерді салыстыру. Жай бөлшектерді қысқарту. Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Аралас сан.

Сабақтың кезеңдері

Сабақтың барысы

Оқыту ресурстары

Басы

(3 мин)

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Оқушыларды түгендеу

Топтарға бөліну ( Excel бағдарламасы бойынша)

Презентация

Слайд 1-4

Жаңа сабақты түсіндіру

(12 мин)

Жеке жұмыс

(4 мин)

Жұптық жұмыс

(3 мин)

Топтық жұмыс

(15 мин)

Тапсырма 1.

1)Төменде берілген бөлшектерден қайсысы дұрыс бөлшек?

2)Төменде берілген бөлшектерден қайсысы бұрыс бөлшек?

3) бөлшегін қысқартыңыз:

4) бөлшегін бөлімі 28 болатын бөлшекке келтіріңіз:

5) бөлшегін аралас сан түріне келтіріңіз:

Ереже 1 : Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу , олардың алымдарын қосып, алым етіп, сол бөлімнің өзін қалдыру керек.

1-мысал. қосындысын табайық:

+ = =

Ереже 2: Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтқанда азайғыштың алымынан азайтқыштың алымын азайтып, алым етіп жазып, сол бөлімнің өзін қалдыру керек.

Мұндағы

2-Мысал. айырмасының мәнін табайық.

Ереже 3: Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу (азайту) үшін :

  • Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек
  • Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу (азайту) керек.

3-Мысал қосындысын мәнін табайық. ЕКОЕ (12, 15)=60

4-мысал. айырмасының мәнін табайық. ЕКОЕ(12,9)=36

Натурал саннан бөлшекті азайту.

1-тәсіл. Натурал санды (азайғышты) бөлімі азайтқыштың бөліміне тең бұрыс бөлшек түрінде жазу керек. Сонан бөлімдері бірдей бөлшектерді азайту ережесін пайдаланып, азайту керек.

5-Мысал.

2-тәсіл. Натурал санды (азайғышты) бөлімі азайтқыштың бөліміндей аралас сан түрінде жазып, азайтуды ұйымдастыру керек.

6-Мысал.

Қосудың ауыстырымдылық қасиеті бөлшектерді қосуда да орындалады.

7-Мысал.

Қосудың терімділік қасиеті бөлшектерді қосуда да орындалады.

8-Мысал.

Жеке тапсырмалар:

Бөлімдері бірдей бөлшектерге қосу және азайту амалдарын орындаңыз:

Бөлімдері әр түрлі бөлшектерге қосу және азайту амалдарын орындаңыз:

Жұпқа арналған тапсырмалар:

  • 3) 5)
  • 4) 6)

Топқа арналған тапсырмалар:

  • 10 балл. Гүлзардағы гүлдердің і раушан гүлі, ал қалампыр гүлінің одан артық. Қалампыр гүлі гүлзардағы гүлдердің қандай бөлігі?

20 балл. Қалаға келген туристердің бөлігі ағылшын тілін біледі, -і неміс тілін біледі. Қалаға келген туристердің қандай бөлігі ағылшын тілін де, неміс тілін де біледі?

30 балл. Шебер тапсырманы 5 сағ-та, ал оның үйренушісі 7 сағ-та орындайды. Шебер 2 сағ ал оның шәкірті 3 сағ жұмыс істеген соң, тапсырманың қандай бөлігі орындалмай қалады?

ІІ 10 балл. 4 метрлік ағаш 6 бөлікке бөлінді, 5 метрлік ағаш 10 бөлікке бөлінді. Бөліктердің қайсысы қанша үлкен?

20 балл. Марат екі балық аулады. Бірінші балықтың массасы кг, ал екінші балық одан кг жеңіл. Марат барлығы қанша кг балық ұстады?

30 балл. Қайық көлде жүзіп 3 сағатта қандай қашықтыққа барса, өзенде ағыспен 2 сағатта сондай қашықтыққа барады. Сал осы өзенде 1 сағатта осы қашықтықтың қандай бөлігін жүреді?

Презентация

Слайд 5-13

Қалыптастырушы бағалау жұмысы

(5 мин)

Аты-жөні: ____________________________

Пән: математика

Сынып: 5 « »

Бөлім 5.1.2. Сандарға амалдар қолдану

Оқу мақсаты:

5.1.2.15 жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру.

5.1.2.17 бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды орындау; 5.1.2.18 бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;

Тапсырма №1:

Тапсырма №2:

Тапсырма №3:

Әңгімедегі сөздердің -сі етістіктер, ал зат есімдер одан -ге артық. Егер әңгімеде 36 сөз зат есім болса, әңгімеде:

  • Барлығы неше сөз бар?
  • Неше сөз етістік?

Бағалау критерийі:

Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қоса алады және азайта алады;

Бөлімдері әр түрлі жай бөлшектерді қоса алады және азайта алады;

Бөлшектерді қосып – азайтуға байланысты мәселе есептерді шығара алады.

Кері байланыс

(2 мин)

Кері байланыс

Нені білдім?

Қандай қиындықтар болды?

Нені толық түсінбедім?

Карточка №1

Үй тапсырмасы

1 мин

Карточка №2

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұпта және топта жұмыс істеу барысында қабілеті жоғары оқушыны топтың жетекшісі етіп сайлау қажет. Қалған оқушыларға көмектесуі үшін.

Сабақтың соңында қалыптастырушы бағалау жұмысын аламын.

Оқушылар интербелсенді тақтаны қолданып есептер шығару барысында қауіпсіздік техникасын сақтауды ескеру керек.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Ия ОМ дұрыс қойылған. Барлығы ОМ қол жеткізе алмады, себебі уақытқа үлгере алмаған оқушылар болды. Сабақ жоспар бойынша толық жүргізілді.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Excel бағдарламасымен топқа бөлу тиімді болды.

2: Топтық жұмыста деңгейлік тапсырманың болуы.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылардың математикалық тілде сөйлеу және топпен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру керек.

2: Сабақта диалоктік оқыту болу керек.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Бұл сабақта сыныптағы оқушылар жақсы жұмыс жасады. Топтық жұмыстарда 1-2 оқушы топпен араласып жұмыс жасай алмады. Келесі сабақта



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу