Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.1C Жай бөлшектер

(12 сағ)

Мектеп: Көкшетау қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Байгарина Жулдуз Койбагаровна

Токсанова Айнагуль Жумабековна

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.10

дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату;

Сабақ мақсаттары

Сабақтың соңында оқушылар:

  • дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажыратады;
  • дұрыс және бұрыс бөлшектерді салыстырады;
  • дұрыс және бұрыс бөлшектерді құрастырады.

Бағалау критерийлері

Оқушы

- дұрыс және бұрыс бөлшектер ұғымын біледі;

- дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырата алады;

- дұрыс және бұрыс бөлшектерді құрастырады;

- дұрыс және бұрыс бөлшектерді салыстыра алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- бұрыс бөлшектерді аралас сан түрінде және керісінше жазуды түсіндіре алады;

- жай бөлшекті алымын және бөлімін нұсқай отырып оқи алады;

- бөлшектің негізгі қасиетін бөлшектерді қысқартуда және ортақ бөлімге келтіруде қолданады;

- координаталық сәуледе жай бөлшекті кескіндеу алгоритмін түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • үлес;
  • жай бөлшек;

-бөлшектің алымы мен бөлімі;

- жартысы, ширегі, сегізден бірі(т.с.с)

  • дұрыс және бұрыс бөлшектер;
  • бөлшектерді қысқарту;
  • аралас сандар;
  • аралас санның бүтін және бөлшек бөліктері;
  • бөлшектің негізгі қасиеті;
  • қысқартылмайтын бөлшек;
  • ортақ бөлім;
  • толықтауыш көбейткіш;

бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан ... деп аталады;

- жай бөлшектің бөлімі..., ал алымы... білдіреді;

- бөлшектің негізгі қасиетін қолданып, ... берілген бөлшектің ... ауыстыруға болады;

-... болғандықтан, ... бөлшегі дұрыс (бұрыс) болып табылады;

- бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде көрсету үшін... керек;

- аралас санды бұрыс бөлшек түрінде көрсету үшін... керек;

- натурал санды бұрыс бөлшек түрінде көрсету үшін, ... керек;

- натурал санды аралас сан түрінде көрсету үшін ... керек;

- бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру үшін ... керек.

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту бір-біріне құрметпен қарау, бірлесе отырып жұмыс жасау дағдыларын дамыту, академиялық адалдықты қалыптастыру әрекеттер арқылы іске асады.

Пәнаралық байланыстар

География. Жер телімінің жоспарын құрастыру кезіндегі жер телімдерінің ұзындықтарын салыстарғандағы жай бөлшектерді қолдану.

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Натурал сан ұғымын білу және натурал сандарға қолданылатын арифметикалық амалдарды орындай алу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлемдесу

- Оқушылардың сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттарымен таныстыру.

- Бағалау критерийлерін тұжырымдау үшін оқушыларды талпындыру.

Қайталау.

1. Бөлшектерді оқып, олардың алымы мен бөлімін атаңыз:

2. Бөлшектерді өсу ретімен орналастырыңыз:

Оқушылардың бір-бірін тыңдау құндылығы дариды.

Презентация

(слайдтар 1-6)

Сабақтың ортасы

15 мин

15 мин

8 мин

Жаңа сабақты меңгеру. Жұптық жұмыс.

Сабақтың берілген кезеңінде құндылықтарды дарыту бір-бірін тыңдау және есту, бір-біріне құрметпен қарау сияқты әрекеттер арқылы іске асады.

Оқушыларға бөлшектер жазылған қиықшалары ұсынылады.

Тапсырма 1. Берілген бөлшектерді екі топқа бөліп, жіктеу себебін түсіндіріңіз:

Оқушылар берілген сандарды екі топқа бөледі: алымы бөлімінен кем жай бөлшектер және алымы бөлімінен артық жай бөлшектер. Оқушылар алымы мен бөлімі тең бөлшектерді үшінші топқа шығаруы мүмкін. Оқушылар дұрыс және бұрыс бөлшектер анықтамаларын құрастыруға бағытталады. Оқушылар жай бөлшектерді оқиды. Бөлшектерді екі топқа жіктелуінің себебін түсіндіреді, дұрыс бөлшек анықтамасын құрастырады. Қажетті тіркестерді қолданады:

- бөлшектің алымы бөлімінен кем болғандықтан, берілген жай бөлшек дұрыс болып табылады;

- бөлшектің алымы бөлімінен артық немесе тең болғандықтан, берілген жай бөлшек бұрыс болып табылады.

Тапсырма 2.

Берілген 21; 17; 145; 10; 1254; 36978 натурал сандарынан жай бөлшекті құрыңыз. Алынған бөлшек дұрыс әлде бұрыс болып табылады?

Оқушылар есептің шешуін түсіндіреді. Қажетті тіркестерді қолданады:

- берілген натурал санды бұрыс бөлшек түрінде жазу үшін, ... керек

Тапсырма 3.

Суреттің көмегімен құрастырыңыз:

а) дұрыс бөлшектерді:

б) бұрыс бөлшектерді:

Оқушылар дұрыс және бұрыс жай бөлшектердің анықтамаларын бекітеді.

Жаңа сабақты бекіту.

Топтық жұмыс.

Сабақтың берілген кезеңінде құндылықтарды дарыту пікірталас, өз ойын қорыту, пікірін көпшілік алдында дәлелдей білу, диалог кезінде өз ойын түсіндірумен қатар басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, өзара көмек көрсету сияқты әрекеттер арқылы іске асады.

Мұғалім оқушыларды жаңа сабақты меңгеру деңгейлеріне байланысты топтарға бөледі (базалық, орта, жоғары).

Әрбір топ өз тапсырмасын алады. Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында жаңа ұғымдарды бекітеді: жай бөлшек ұғымы, дұрыс және бұрыс бөлшектер ұғымы, жай бөлшектерді салыстыру, дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату, оларды құрастыру және жай бөлшектерді қолдануға есептер шығару. Әрбір оқушы өзінің «жақыннан даму аймағында» жұмыс істейді, сонымен қатар сыныптастар мен мұғалім оған қолдау көрсетеді.

Тапсырмалар (базалық деңгей)

1. Дұрыс тұжырымдамаларды таңдаңыз.1)        Бұрыс бөлшек әрқашан бірден артық.2)        Дұрыс бөлшек әрқашан бірден кем. 3)        Дұрыс бөлшек әрқашан бірден артық.

2. Бөлшектер дұрыс болатындай етіп көпнүктенің орнына сандарды жазыңыз:

.

3. Төменде берілген бөлшектерден бұрыс бөлшектерді таңдаңыз.

4. Берілген бөлшектерден қайсысы артық:

және ; және ; және ; және ?

Тапсырмалар (орта деңгей)

1. бөлшегі дұрыс болу үшін бөлшек алымы қандай болу керек?

2. CD мен AB кесінділері берілген:

CD кесіндісінің ұзындығы

a) AB кесіндісінің не тең;  b) AB кесіндісінің не тең; c) AB кесіндісінің на тең.       

3. Берілген бөлшектерден қайсысы кем:

және және және және

4. Жеңіл машинаның жылдамдығы жүк машинаның жылдамдығының бөлігін құрайды. Егер жүк машинаның жылдамдығы 60 км/сағ-на тең болса, онда жеңіл машинаның жылдамдығы қандай?

Жауабы: жеңіл машинаның жылдамдығы …..км/ сағ-на тең.

Тапсырмалар (жоғары деңгей)

1. бөлшегі бұрыс болу үшін бөлшек бөлімі қандай болу керек?

2. CD, AB мен FE кесінділері берілген:

1) CD кесіндісінің ұзындығы AB кесіндісінің    бөлігіне тең;  

 

2) AB кесіндісінің ұзындығы FE кесіндісінің бөлігіне тең;   3) FE кесіндісінің ұзындығы CD кесіндісінің  бөлігіне тең;

 

4)  FE кесіндісінің ұзындығы AB кесіндісінің   бөлігіне тең .

3. Таңқұрайдан тосап қайнату үшін 2 бөлік жидекке 3 бөлік қант қажет. Егер 4 кг 500 г қант жұмсайтын болса, онда қанша килограмм жидек алынды?

4. Бөлшектерді салыстырыңыз:

және және және .

Оқушылар тапсырмаларды орындап болған соң мұғалім ұсынылған үлгісі бойынша өзара бағалауды жүргізеді. Егер сыныпта деңгейлері бірдей бірнеше топ болса, онда бұл топтарғатоптардың өзара бағалауын ұсынуға болады.

Оқушылардың оқу мақсаттың меңгеруінің деңгейлерін анықтау мақсатында өзіндік жұмыс өткізіледі.

Сабақтың берілген кезеңінде оқушылардың академиялық адалдық құндылығы дариды.

1. Бөлшектер дұрыс болатындай етіп тор көздерге сандарды жазыңыз:

2. Бөлшектер бұрыс болатындай етіп тор көздерге сандарды жазыңыз:

3. Бірінші бөлшектен артық, бірақ екіншісінен кем болатын бөлшекті табыңыз. Алынған бөлшектерді қос теңсіздік түрінде жазыңыз.

1) және 2) және 3) және .

Оқушыларға тапсырмаларды орындап болған соң өзін-өзі бағалау парағын ұсынылады. Өзін-өзі бағалауды критерийлер бойынша орындайды:

Оқу мақсаты

Бағалау критерийлері

Дескрипторлары

5.1.1.10

дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату;

- дұрыс және бұрыс бөлшектер ұғымын біледі;

- дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырата алады;

- дұрыс және бұрыс бөлшектерді құрастырады;

- дұрыс және бұрыс бөлшектерді салыстыра алады.

үлестірмелі материал

Презентация (Слайдтар 7-10)

Никольский С.М. и другие. Арифметика. Пособие для самообразования. – М., 1988. – 384 с.

дидактикалық материал

Сабақтың соңы

2 мин

Үй тапсырмасы.

1. Алымы 8 болатын дұрыс бөлшектерді құрастырыңыз.

2. Бөлімі 13 болатын бұрыс бөлшектерді құрастырыңыз.

3. 45; 125; 147 натурал сандарын пайдаланып бұрыс бөлшектерді құрастырыңыз.

Сабақтың соңында рефлексия жүргізіледі:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет .

Үлестірмелі материал

Презентация (слайд 11)

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әрбір оқушыға қолжетімді (дифференциалданған) тапсырмаларды ұсыну арқылы қолдау жүргізіледі.

Проблемалық жағдай туғызу.

өзін-өзі бағалау

мұғалімнің бағалауы

Қауіпсіздік техникасының ережелерін ұстану



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу