Жай бөлшектің негізгі қасиеті. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.1С бөлім: Жай бөлшектер Сабақ -5

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абдрахманова Н.А.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жай бөлшектің негізгі қасиеті.

Сабақтың түрі

Жаңа материалды бекіту сабағы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.14 жай бөлшектерді қысқартуда бөлшектің негізгі қасиетін қолдану;

5.1.2.15 жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру.

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар жай бөлшектерді қысқартып, жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіре алады.

  Бағалау

 критерийлері

Оқушылар мақсатына жетеді, егер:

  • бөлшекті дұрыс қысқартса;
  • бөлшекті дұрыс ортақ бөлімге келтіре алса.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- бұрыс бөлшектерді аралас сан түрінде және керісінше жазуды түсіндіре алады;

- жай бөлшекті алымын және бөлімін нұсқай отырып оқи алады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • үлес;
  • жай бөлшек;

-бөлшектің алымы мен бөлімі;

- жартысы, ширегі, сегізден бірі(т.с.с)

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан ... деп аталады;

- жай бөлшектің бөлімі..., ал алымы... білдіреді;

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

Өзарасыйластыққа,ынтымақтастыққа тәрбиелеу.Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге, бірін бірі сыйлауға баулу. Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдауға, өз білімін көрсете алу қасиеттерін азаматтық жауапкершілікке үйрету,топпен жұмыс жасай алу, сынға дұрыс қарау.

 Пәнаралық байланыстар

Ән-күй сабағында жай бөлшектерді, ноталардың ұзақтығында қолданады.

 АКТ қолдану дағдылары

презентациямен жұмыс жасау

Бастапқы білім

Натурал сандар ұғымын меңгереді және натурал сандарға арифметикалық амалдар қасиеттерін қолданады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

I.Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім және оқушылар бір-бірімен амандасады. Сабақтың мақсатын және күтілетін нәтижелерін оқушылармен талқылайды. Өзара сыйластық, ашықтық құндылығын дамыту. Мұғалім оқушылардың зейінін шоғырландыратын жаттығу орындайды.

Мысалы,оқушылар мен мұғалім шеңбер бойы орналасады. Мұғалім оқушыға допты лақтырып, қысқартылатын бір бөлшекті атайды. Ал оқушы допты келесі оқушыға лақтырып, қысқартылған бөлшекті атайды. Егер бөлшек қысқартылмайтын болса, онда оқушы өзінің қысқартылатын бөлшегін атайды. Осылайынан ойын жалғаса береді. Дұрыс жауап бермеген оқушылар ойыннан шығады. Оқушылардың бір бірін сыйлауға, қарым қатынаста ашық болуға баулиды.

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

5 минут

5 минут

10минут

5минут

 Ауызша есептеу.

Презентация. Слайдтар № 3 – 4.

Оқушылар өздерінің әрбір тұжырымдамаларын түсіндіреді, неліктен олай ойлайтыны жайында.

Бұл этапта оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, бірін бірі сыйлау дағдылары дамытылады.

Ойын «Сөзді тап»

Бөлшекті қысқарта отырып, әрбір дұрыс жауапқа сәйкес әріпті табу керек.

ж

а

р

а

й

д

ы

Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар үй жұмысымен алмасады және дайын сызба бойынша тексереді.

Әрбір дұрыс жауапқа бір балдан беріледі.

Презентация бойынша тексеру (Слайд № 7)

Оқушылар неліктен олай ойлайтыны жайында түсіндірулері өте маңызды. Әрбір жауабын түсіндіру, әсіресе 4) мысалды:

Тексеру диктанты

Слайд № 8 – 9.

Презентация бойынша оқушылар өзін өзі тексереді. (Слайд № 10 – 11)

Әрбір дұрыс жауапқа бір балдан беріледі.

Дескриптор: Білім алушы

-жай бөлшектің қасиетін дұрыс тұжырымдай алады;

-жай бөлшектің қасиетін қолдана алады.

Жұппен жұмыс.

«Домино» ойыны бөлшектерді қысқартып, домино жинау.

Бұл этапта оқушылардың өз білімін көрсете алу қасиеттері, азаматтық жауапкершілікке үйрету, жұппен жұмыс жасай алу құндылықтары дамиды.

Сабақты бекіту

Оқушылар бөлшектің негізгі қасиеттеріне және бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру дағдыларына есептер шығарады. Сабақ соңында мұғалім бағалау парағын таратады, яғни оқушылар өздерін бағалайды.

Базалық деңгей

1. 1бөлшегі берілген. Бөлшектің негізгі қасиеті бойынша берілген бөлшекке тең үш бөлшектерді табыңдар, егер:

а) бірінші бөлшектің алымы 6-ға тең болатын;

б) екінші бөлшектің бөлімі 77-ге тең болатын;

в) үшінші бөлшектің алымы 600-ға тең болатын.

2. Квадраттың бос орынына тиісті сандарды қойып бөлшегін 4; 6; 28; 74, бөліміне келтіріңдер .

; ; ; .

Күрделі деңгей

1. бөлшегін қысқартыңдар: а) 11-ге; б) 17-ге;

в) 11 және 17.

2. Бөлшектерді ортақ бөлімге келтіріңдер:

а) және; б) және ; в) және.

; ; ;

; ; .

Дескриптор: Білім алушы

-жай бөлшектің қасиетін дұрыс қолдана алады;

-жай бөлшектің бөлімін дұрыс келтіре алады;

-жай бөлшекті дұрыс қысқарта алады.

Үй жұмысы

А1. Дұрыс теңдікті көрсетіңдер:

а) ; б) ; в) г) .

А2.  Мына бөлшектердің қайсысы . Дұрыс жауабын таңда.

а) ; б) в) г) ;

д) білмеймін.

А3. бөлшегін қысқартып, дұрыс жауабын көрсетіңдер:

а) ; б); в); г) ; д) білмеймін.

А4. бөлшегін ортақ бөлім 12-ге келтір және дұрыс жауабын көрсетіңдер:а) ; б) ; в) ; г) ; д) білмеймін.

В1. х орнына теңдік дұрыс болатындай , санды қойыңдар:

а); б) .

Презентация

Математика. Арифметика. Геометрия. 5 класс: учеб.дляобщеобр. организаций. Бунимович Е.А., Дорофеев Г.В., 2014.

Қосымша-1

Домино

Қосымша-2

Қосымша-3

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасайды:

- кім біледі, неге үйрендік

- не түсініксіз болды

- әлі немен жұмыс жасау керек

Оқушылар өзінің және сыныптастарының, жұмыстарын белгілі критерийлер бойынша бағалай алады.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Баяу орындайтын оқушылар мұғалімнен консультация алады немесе жақсы оқитын оқушылардан көмек алады.

Негізгі баға оқушылардың белсенділігін байқау және тапсырмаларды орындағанда жетістіктеріне қарап қойылады

Дұрыс отыруларын қадағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу