Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу. Математика, 5 сынып, қосымша материал.


1 - қосымша

1. Берілген сандарды жай көбейткіштерге жіктеңіздер:

а) 75, 36, 18, 28, 63, 8, 16, 48;

б) 20,45,50,12,98,40,80,112.

2. Амалдарды орындаңыз (№ 1 тапсырманың нәтижесін қолдануға болады)

Дескриптор

сандарды жай көбейткіштерге жіктей алады;

жай көбейткіштердің көбейтіндісін санның дәрежесінің анықтамасын қолданып жаза алады.

амалдарды орындай алады.

2 - қосымша

1. Адамның таза ауамен дем алуы үшін 45 см2 жерге өсімдік өсіруі керек. Ол үшін өлшемдері 1- ден өзге қандай натурал сандармен өрнектелетін тік төртбұрыш пішінді жерді көгалдандыру керек?

Дескриптор

Есептің шартын түсінеді;

Тік төртбұрыштың ауданын біледі;

Санның көбейткіштерін табады.

2. Тік бұрышты параллелепипедтің өлшемдері жай сандармен өрнектелген. Оның бір төбесі ортақ үш жағының аудандары: 35 см2 , 21 см2, 15 см2.

  • Тік бұрышты параллелепипедтің өлшемдерін табыңдар.
  • Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табыңдар.

Дескриптор

Есептің шартын түсінеді;

Тік төртбұрыштың ауданын біледі;

Санның көбейткіштерін табады.

3. Тоқыма тоқу үшін алынған жіптің жартысынан және 100 грамынан кеудеше тоқылды. Жіптің қалғанының жартысынан және 50 грамынан шалма тоқылды. Одан қалған жіптің 200 грамынан қолғап тоқылғанда 50 г жіп артылып қалды.

  • Тоқыма тоқу үшін қанша жіп алынған?
  • Шалма неше грамм жіптен тоқылды?

Дескриптор

Есептің шартын түсінеді;

Белгісізді енгізіп, теңдеу құрыстыра алады;

Теңдеуді дұрыс шығарады;

Жауабын дұрыс табады.

3 - қосымша

Бөлім

Натурал сандардың бөлінгіштігі

Тақырып

Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу

Оқу мақсаты

  • Сандарды жай көбейткіштерге жіктеу дағдысын қалыптастыру.

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну

Білімін қолдану

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

сандарды жай көбейткіштерге жіктей алады;

жай көбейткіштердің көбейтіндісін санның дәрежесінің анықтамасын қолданып жаза алады.

Тапсырма

1. Берілген сандарды жай көбейткішке жіктеп, көбейткішті дәрежемен алмастырыңыз:

а) 3780; б) 7056; с) 4950.

2. Өрнектің мәнін таабыңыз

3. Көлемі: болатын кубтың қырының ұзындығы неше сантиметр?

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Оқушылар

Сандарды жай көбейткіштерге жіктей алады

сандарды жай көбейткіштерге жіктей алады;

жай көбейткіштердің көбейтіндісін санның дәрежесінің анықтамасын қолданып жаза алады.

4 - қосымша

  • Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеңдер:
  • 88, 136, 222, 246, 385, 435, 530, 555;
  • 396, 456, 504, 700, 594, 1170, 2310, 3100.
  • Өлшемдері жай сандармен өрнектелетін жәшіктің көлемі 70 .

Жәшіктің өлшемдерін табыңдар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу