2, 3, 5, 9, 10 – ға бөлінгіштік белгілері. Математика, 5 сынып, дидактикалық материал.
№4 қосымша
І нұсқа
1. Санның 3 –ке немесе 9 – ға бөлінетіндігін анықтау үшін:
а) санның жазылуындағы соғы цифрына қарау керек;
б) осы санды сәйкесінше 3 –ке немесе 9 – ға бөлу керек;
в) санның жазылуындағы бірінші цифрға қарау керек;
г) жауаптар арасында дұрысы жоқ.
2. 23 800; 6 111; 7 003; 91 195; 1 020 930; 345 140; 8 816 618 сандарының ішінен 3 –ке еселік сандарды көрсетіңіз:
а) 23 800; 1 020 930; 91 195; 345 140;
б) 6 111; 1 020 930;
в) 23 800; 345 140; 1 020 930;
г) 23 800; 1 020 930; 345 140; 8 816 618.
3. Әкем үйге кәмпит толы қап әкелді. Онда әрқайсысы 15 данадан болатын әр түрлі кәмпиттер бар. Кәмпиттердің барлық саны 100;95;105 болуы мүмкін бе?
а) 95 – ке тең болуы мүмкін; в)100 – ге тең болуы мүмкін;
б) 105 – ке тең болуы мүмкін; г) дұрыс жауабы жоқ.
4. Мектепке жаңа орындықтар әкелді. Балалар оларды кабинеттерге әкелуге көмектесті, әрбір тасыған сайын 2 орындықтан алды. Мектепке неше орындық әкелуі мүмкін?
а) 56; б) 85; в) 99; г) дұрыс жауабы жоқ.
5. 6 781 13* санына алынатын сан 9 – ға бөлінуі үшін * орнына қандай цифр қоюға болады ?
а) 1; 4; 7; б) 1; 10; в) 1; г) дұрыс жауабы жоқ.
6. Келесі өрнектерден дұрыс өрнекті таңдаңыз:
а) 42 300 саны 5– ке және 9 – ға еселік;
б) 10 – 3 862 санының бөлгіші;
в) 7 100 саны 3 –ке еселік;
г) 59 322 саны 5 – ке бөлінбейді.
7*. 6 – ға бөлінгіштік белгісін анықтап, құрыңыз. Оның дұрыстығын үш мысал арқылы тексеріңіз.
ІІ нұсқа
1. 5 – ке немесе 10 –ға бөлінгіштік белгісін анықтау үшін:
а) санның құрамындағы барлық цифрларды қосып, алынған санды сәйкесінше 5 –ке немесе 10 – ға бөлу керек;
б) санның жазылуындағы соңғы цифрға қарау керек, егер ол 0 немесе 5 болса, онда сан 5 – ке бөлінеді, егер 0 болса, онда сан 10 – ға бөлінеді;
в) санды сәйкесінше 5 немесе 10 – ға бөлу керек;
г) жауаптар арасында дұрысы жоқ.
2. 9 018; 3 125; 4 554; 673 212 сандарының арасынан 3 – ке бөлінетін сандарды табыңыз:
а) 9 018; 3 125; 4 554;
б) 3 125;
в) 4 554; 673 212; 9 018;
г) 673 212; 9 018.
3. Анасы Мәдиге кеңсе құралдарын сатып алды. Сатушы барлық тауарды пакеттерге 9 құралдан бөліп салды. Сатып алған құралдардың жалпы саны 28; 54; 72 болуы мүмкін бе?
а) 72 – ге тең болуы мүмкін; в) 28 –ге тең болуы мүмкін;
б) 54 және 72 – ге тең болуы мүмкін; г) дұрыс жауабы жоқ
4. Мектепке жаңа оқулықтар әкелді. Балалар әрбір тасыған сайын 10 данадан алып, кітапханаға тасыды. Мектепке қанша оқулық әкелінуі мүмкін?
а) 45; б) 63; в) 39; г) дұрыс жауабы жоқ.
5. 9 013 61* санына алынатын сан 5 – ке бөлінуі үшін * орнына қандай цифр қоюға болады ?
а) 5; б) 0; 5; в) 1; 4; 7 г) дұрыс жауабы жоқ.
6. Келесі өрнектерден дұрыс өрнекті таңдаңыз:
а) 9 912 саны 2 және 3 –ке еселік; в) 5 –2 218 санының бөлгіші;
б) 8 225 саны 10 – ға бөлінеді; г) 9 003 123 саны 3 –ке еселік емес.
7*. 15 – ке бөлінгіштік белгісін анықтап, құрыңыз. Оның дұрыстығын үш мысал арқылы тексеріңіз.
Жауаптар кілті
І нұсқа 1-г 2-б 3-б 4-а 5-в 6-а 7*- сан 6 –ға бөлінеді, егер бір уақытта 2 және 3 –ке бөлінгіштік белгісі орындалса, яғни сан жұп санға аяқталуы керек және оның цифрларының қосындысы 3 –ке еселік болуы тиіс. Мысалы, 42 (2-жұп сан; 4+2=6 – 3 – ке еселік ; 42:6=7) 384 (4-жұп сан; 3+8+4=15 – 3 – ке еселік; 384:6=64) және т.б. | ІІ нұсқа 1-б 2-в 3-б 4-г 5-б 6-а 7*- сан 15 – ке бөлінеді, егер бір уақытта 3 және 5 –ке бөлінгіштік белгісі орындалса, яғни сан 0 немесе 5 аяқталуы керек және оның цифрларының қосындысы 3 – ке бөлінуі тиіс. Мысалы, 120 (соңғы цифры 0; 1+2+0=3- 3 –ке еселік; 120:15=8) 345 (соңғы цифры 5; 3+4+5=12 – 3 –ке еслік ; 345:15=23) және т.б. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?