Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері. Математика, 5 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы

Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

5.1.2.10. Көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау;

5.1.2.11. Қосындының және айырымның берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау;

Жетістік критерийлері

Көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін талдай алса;

Қосындының және айырымның берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау жасаса;

Қай топ жүйрік

945 саны 3 және 5 санына бөлінеді ме?

8569 саны 2 – ге калдықсыз бөлінеді ме?

2700 саны 2;5;3;9;10 сандарына бөлінеді ме?

3 саны 157 санының бөлгіші ме?

518 саны 14 санына бөлінеді ме?

9 саны 818 санының бөлгіші болады?

8232 саны 3 және 8 санына бірдей бөлінеді ме?

756 саны 2 және 3 садарына бөлінеді ме?

1267 саны 7 санына бөлінеді ме?

630000 2;3;5;9;10 сандарына бір уақытта бөлінеді ме?

Тапсырмалар:

І топ.

№1.Шоколад сатып алу үшін біздің қолымызда 90 теңге бар. Шоколадтар 2 тг, 5 тг және 11 тг тұрады. Сіз қандай шоколад сатып ала аласыз? Неге? Өз жауаптарыңызды негіздеңіз.

№2. Базарға екі жүк машинасы жүк жеткізеді. Біреуі қоймадан базарға дейін 3 сағат, екіншісі 4 сағат жүреді. Олар неше сағаттан кейін базарда кездеседі? Әр машина неше рет жүк әкеледі?

II топ.

№1. Дүкенге 4 жәшік балмұздақ әкелінді. Дүкен иесі балмұздақтарға 2240 тг төлеуі мүмкін бе?

№2. 47(Х+У) саны 5 – ке бөлінетіндей Х пен У – ке үш мысал келтіріңіздер.

ІІІ топ.

№1. Дүкен иесі 12240 тг ақшаға 8 жәшік алма сатып ала алады ма?

№2. Белгісіз шамалардың қандай мәндерінде қалдықсыз бөліну жүзеге асады?

а) 56 ∙ (А+B) саны 14 санына бөлінуі үшін;

б) 144 а + 12B саны 12 санына бөлінуі үшін;

в) 100 а – 40а саны 30 санына бөлінуі үшін.

Бағалау

Бағалау. Оқушылар топпен есептерді шығарады. Олармен байланыс төмендегідей шартты белгілер арқылы жүргізіледі:

Қызыл - бізге тез арада көмек қажет;

Сары – біз шамалы қиындықтарға тап болдық;

Жасыл - бізге бәрі түсінікті.

Осы белгілер арқылы мұғалім тарапынан оқушыларға көмек көрсетеді. Оларға көрсетілетін көмектің түрлері:

Бөлінгіштік белгілерінің дұрыс қолданылуы;

Есептер шығаруда бөлінгіштік қасиеттерін дұрыс қолдануларын қадағалау;

Көбейтінді мен қосынды, айырымның бөлінгіштігін дұрыс қолдануларын қадағалау.

Жұптық жұмыс

№1. көбейтіндісінің мәні 8-ге бөліне ме?

2. 1212+60 қосындысының мәні 12-ге бөліне ма?

№3.117 - 65 айырмасы 13-ке бөліне ма?

Үй тапсырмасы

№1. Бөлінді орындалу үшін х – тің үш мәнін табыңыз.

а) 44 - х айырымы 11 санына бөлінуі үшін.

б) 45 + х қосындысы 9 санына бөлінуі үшін.

№2* Бөліндінің мәнін есептеңдер және х, у мән беріп бірнеше жауабын табыңыздар:

а) (32х + 16у) : 4 =

б) (25ас – 15bd) : 5=

Рефлексия

Тақырып сіздерге қиын болды ма?

Сабақ кезінде сіздерге не қиын болды?

Сіздерге сабақта не есіңізде көбірек сақталды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу