file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Жай және құрама сандар. Математика, 5 сынып, дидактикалық материал.


Жай сандар, құрама сандар.

Тест

  • 717 171 саны жай сан бола ма?

a) жоқ, құрама санb) ия, жай санc) ия, тақ санd) дұрыс жауабы жоқ

  • Жай сандар деп қандай сандарды айтады?

a) 1-ге ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар

b) 2-ге ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар

c) 2-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар

d) 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар

  • Құрама сандар деп қандай сандарды айтады?

a) Үштен көп бөлгіштері бар натурал сандар құрама сандар

b) Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандар құрама сандар

c) Бірден көп бөлгіштері бар натурал сандар құрама сандар

d) Бірден басқа натурал сандар құрама сандар

  • Жұп жай сан бар ма? Болса нешеу?

a) жоқb) ия, екі жұп сан барc) ия, 2 саныd) жоқ, жай сандар тақ

  • 0 цифрымен аяқталатын жай сан бар ма?

a) жоқ, құрама санb) 100c) ия, d) дұрыс жауабы жоқ

  • 150 санының неше бөлгіші бар?

a) 8b) 9c) 10d) 7

  • Кемел сан деп қандай санды айтады?

a) Барлық бөлгіштерінің қосындысына тең құрама санды кемел сан деп атайды.

b) Өзінен басқа бөлгіштерінің қосындысына тең құрама санды кемел сан деп атайды.

c) Екіден көп бөлгіштері бар натурал санды кемел сан деп атайды.

d) Бірден басқа натурал санды кемел сан деп атайды.

  • Жай санды анықта.

a) 391

b) 403

c) 401

d) 405

  • Құрама санды анықта.

a) 211

b) 127

c) 439

d) 447

  • Құрама санды анықта.

a) 61

b) 63

c) 67

d) 73

жауаптары:

1-a2-d3-b4-c5-a6-c7-b8-c9-d10-b



Толық нұсқасын 17 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу