Жаңа сабақты түсіндіру. Математика, 5 сынып, дидактикалық материал.
Оқушының жұмыс парағы. Натурал сандардың бөлінгіштігі. 1сабақ.
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары: 5.1.1.5 Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерінің анықтамаларын білу;
Жетістік критерийлері:
- Натурал сандардың бөлгіштерінің анықтамаларын тұжырымдай алады;
- Натурал сандардың еселіктерінің анықтамаларын тұжырымдай алады ;
- Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерінің негізгі айырмашылықтарын тұжырымдайды ;
Тақырыптық сұрақтар:
- Натурал сандардың бөлгіштері деп қандай санды айтамыз?
- Натурал сандардың бөлгіштеріне мысал келтіріңіз.
- Бөлгіш пен бөлінді сөздерінің айырмашылықтары қандай?
- Натурал сандардың бөлгіштерін қалай табамыз ? 12 саны арқылы түсіндіріңіз.
- Қай натурал сан берілген натурал санға еселі?
- 2 санына еселі және еселі емес сан.
- Кезкелген натурал санның неше бөлгіші болады?
- Кезкелген натурал санның неше еселігі болады?
- Берілген санның ең үлкен және ең кіші бөлгіші?
- Берілген санның ең үлкен және ең кіші еселігі?
Натурал сандардың бөлгіштері a: b = c, мұндағы a – бөлінгіш, b – бөлгіш, c – бөліндінің мәні. Анықтама. b саны а санының бөлгіші деп аталады, егер b саны а санына қалдықсыз _________ Мысалы:_____________________________ 12 санының бөлгіштері:_____________ 5 санының бөлгіштері:______________ Кезкелген натурал санның _____________ бөлгіші болады Берілген санның ең үлкен бөлгіші ______________ Берілген санның ең кіші бөлгіші ______________________ | Натурал сандардың еселігі a: b = c, мұндағы a – сан, b- санның еселігі, a = b∙ c Анықтама. a саны b санының еселігі деп аталады, егерде a саны b санына қалдықсыз __________ Мысалы:_____________________________ 2 санына еселі сандар:_______________ 2 санына еселі емес сандар:___________ 5 санына еселі сандар:_______________ Кезкелген натурал санның ____________________ еселігі болады Берілген санның ең үлкен еселігі ______________ Берілген санның ең кіші еселігі ____________________ |
Сынып жұмысы:
1) Дұрыс жауапты белгілеп, сәйкес әріптерден математикалық термин құраңыз.2) Бала 15 бірдей шоколад сатып алды. Сатушы барлығының құны 348 теңге деді. Сатушы дұрыс санады ма?
3) Әр қорапта 6 қасық бар. ашылған қораптарда артық қасық қалмайтындай етіп: а) 42 қасық; б) 49 қасық алуға болады ма?
Жауабы: а) ия, себебі 42 саны 6 санының еселігі, 42:6=7
б)жоқ, себебі 49 саны 6 санына еселі емес, 49:6=8 (қалдық 1).
4) Алматы қаласында 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында өтетін студенттік- жастардың спорттық жарыстары, яғни 28-ші қыстық Универсиада өтеді. Осыған орай 14 үй, яғни 1748 пәтерден құралған Универсиада ауылы соғылды . Үйлердің құрылысы бірдей ме??
5) Мына сандардың барлық бөлгіштерін табыңыз: а) 18; б) 19; в) 25.
6) Мына сандарға а) 8; б) 12 алғашқы еселі 3 санды жазып көрсетііңіз
Үй жұмысы:
1. Дұрыс па?
а) 5 саны 45 санының бөлгіші ме?
б) 16 саны 8 санының бөлгіші ме?
в) 17 саны 152 санының бөлгіші ме?
г) 27 саны 3 санына еселі ме?
д) 6 саны 12 санына еселі ме?
е) 156 саны13 санына еселі ме?
2. Спорттық іс-шараға 90 оқушы қатысты. Олар 1) бірдей екі сапқа 2) бірдей 5 сапқа 3) бірдей 11 сапқа 4) Колонаға бір қатарға алты адам тұра алды ма?
3.12 және 13 сандарының барлық бөлгіштерін табыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?