2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері. Математика, 5 сынып, презентация.
Сабақ тақырыбы: 2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері
Оқу мақсаты: 5.1.2.6
натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану;
3-ке бөлінгіштік белгісі:
Цифрларының қосындысы 3-ке бөлінетін сан 3-ке бөлінеді.
Мысалы: 12 345 саны 3-ке бөлінеді, себебі 1+2+3+4+5=15, ал 15 саны 3-ке бөлінеді, 3 490 саны 3-ке бөлінбейді, себебі 3+4+9+0=16, ал 16 саны 3-ке бөлінбейді.
3-ке бөлінгіштік белгісі:
Мына сандардың қайсысы 3-ке бөлінеді:
2 475, 5 897, 6 782, 15 897, 28 170, 18 237, 99 123, 777 555, 98 765, 247, 51 739 ?
3-ке бөлінгіштік белгісі:
жұлдызша орнына
53 2*7
саны 3-ке бөлінетіндей цифр қойыңыз.
3-ке бөлінгіштік белгісі:
3-ке бөлінетін бестаңбалы санға үш мысал келтіріңіз.
9-ға бөлінгіштік белгісі:
Натурал санның цифрларының қосындысы 9-ға бөлінсе, онда бұл сан 9-ға бөлінеді.
Мысалы: 45 981 саны 9-ға бөлінеді, өйткені 4+5+9+8+1=27, ал 27 саны 9 бөлінеді,
7 734 саны 9-ға бөлінбейді, өйткені 7+7+3+4=21,ал 21 саны 9-ға бөлінбейді.
9-ға бөлінгіштік белгісі:
Мына сандардың қайсысы 9-ға бөлінеді:
67 980, 90 909, 12 861, 77 444, 809, 672, 567 902, 37 332, 8 009, 39 627, 45 035 ?
Бөлінгіштік белгісі:
403 < x < 420 теңсіздіктің натурал шешімдерінің арасынан 3-ке бөлініп, бірақ 9-ға бөлінбейтін барлық сандарды табыңыз.
9-ға бөлінгіштік белгісі:
жұлдызша орнына
87 *35
саны 9-ға бөлінетіндей цифр қойыңыз
9-ға бөлінгіштік белгісі:
9-ға бөлінетін төрт таңбалы санға үш мысал келтіріңіз.
Өзіндік жұмыс
1. 2-ге 3-ке 5-ке бөлгенде 1 қалдық қалатын ең кіші натурал санды табыңыз.
Бөлінгіштік белгісі:
2.
98, 69, 73, 105, 118, 1 023, 251, 162, 6, 72, 180, 217, 921, 1 008, 961, 351, 543, 999 сандырының ішінен 3-ке еселі бірақ 9-ға еселі емес сандарды өсу ретімен орналастырыңыз.
Бөлінгіштік белгісі:
3. 1 цифрынан басталып 9 бен 5-ке бөлініп,бірақ 2-ге бөлінбейтін санды табыңыз.
Бөлінгіштік белгісі:
4. Бірінші цифры 7-ге тең үштаңбалы сан 9-ға ,5-ке, 2-ге бөлінеді. Бұл қай сан?
Бөлінгіштік белгісі:
5. 2 және 3 сандары бөлгіштері болатын 364 < х < 396 теңсіздігінің шешімдер жиынын жазыңыз.
Үйге тапсырма
6. Жұлдызшаны сандар а) 3-ке
б) 9-ға бөлінетіндей цифрлармен алмастырыңыз.
1)2*5, 2)46*, 3)*14.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?