Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері. Математика, 5 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері

Математика пәнінің мұғалімі: Атамбаева Ж.А.

Тараз қаласы 2016-2017 оқу жылы

Қосындының және айырымның берілген натурал санға бөлінгіштігін талдауды үйрету.

Сабақтың мақсаты:

Бағалау критерийлері

Оқушы:

Қосылғыштарды жеке-жеке берілген санға бөлуді білсе;

Шыққан бөлінділерді қосуды білсе;

Азайғыш пен азайтқышты жеке-жеке берілген санға бөлуді білсе;

Шыққан бөлінділерді азайтуды білсе;

Қосындының және айырымның берілген санға бөлінгіштігін білсе.

Қосындының берілген санға бөлінгіштігін анықтау үшін,

қосылғыштардың әрқайсысының сол санға жеке-жеке

бөлінгішігін қарастырамыз.

1-жағдай. Қосылғыштардың әрқайсысы берілген санға

қалдықсыз бөлінеді.

Кестедегі мысалдардан қосындының берілген санға бөлінгіштігі қасиеті тұжырымдалады.

2-жағдай. Қосылғыштар берілген санға қалдықпен бөлінеді.

Ауызша бағалау түрлі-түсті стикер арқылы орындалады

№188. Қосындыны санға бөлуді орындаңдар:

1) (84+28):14; 3) (192+72):24;

5) (183+305):61;

2) (133+76):19; 4) (220+88):44;

6) (300+150):75.

Үлгі: (70+42):14=70:14+42:14=5+3=8

Оқушылардың жұмысын интерактивті тақтада көрсетілген бағалау критерийлері арқылы бағалаймыз.

Есепті өрнек құрып шығарыңыз:

191. Жеңіл машина мен автобус 450 км қашықтықты бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы жүріп, 3 сағаттан соң кездесті. Кездескенге дейін автобус 150 км жол жүрді. Жеңіл машинаның жылдамдығы қандай?

А. 100 км/сағ; В. 90 км/сағ; С. 105 км/сағ; D. 85 км/сағ.

2. Оқушыларға қойылатын сұрақ:

Қандай жағдайда қосынды берілген натурал санға бөлінеді?

Берілген санға еселік санды әрқайсысы берілген санға қалдықсыз бөлінетін қосылғыштардың қосындысы түрінде көрсету үнемі мүмкін бола бере ме?

№205. Амалдарды орындаңдар:

(145х+58у-116х):29 2) (288у+195х + 144у):48

(245z+147у-98z):49 4) (130a+195b-65a):13

Түрлі-түсті стикер арқылы оқушылар жауабын бағалау жүзеге асады.

3. Оқушылармен бірігіп есептің шығарылу жолының алгоритімін құрамыз:

Қосылғыштарды жеке-жеке берілген санға бөлеміз;

Шыққан бөлінділерді қосамыз;

Жауабын жазамыз.

Осы дескриптор бойынша оқушылар өзара бағалау жұмысын орындайды.

Жұптық жұмыс:

№203. Амалдарды орындаңдар:

(404·16-6072):56; 2) (6464:32-2408:43):73;

2000:(50·8) - 850:(25·17); 4) 3636:(12·3)-6060:(15·4)

Жұптағы оқушылар бірін-бірі дескриптор (айырымды берілген санға бөлу есебінің шығарылу жолының алгоритімі) бойынша бағалайды.

Жеке жұмыс: (Шығармашылық тапсырма)

№198. Қарағандыдан шыққан пойыз осы уақытта Екібастұздан шыққан пойызбен 3 сағаттан соң кездеседі (суретте). Қарағандыдан шыққан пойыз 285 км жол жүрсе, Екібастұздан шыққан пойыз 207 км жол жүреді. Екі пойыз 1 сағатта бір-біріне неше километр жақындайды?

Есептер шығару.

№207. Семейден Павлодарға дейінгі автомобиль жолының ұзындығы 328 км. Сағат 13-те Семей қаласынан Павлодарға қарай 70 км/сағ жылдамдықпен автомобиль шықты. Ол 1 сағ жүрген соң, оған қарсы Павлодардан 59 км/сағ жылдамдықпен автобус шықты. Автомобиль мен автобус сағат нешеде кездеседі?

Бұл қолданбалы есепті бағалау мұғалімнің басшылығымен жүзеге асады.

Сабақты қорытындылау:

Бүгінгі оқу мақсаты қандай болды?

Бағалау критерийі қандай?

Қосындының және айырымның берілген натурал санға бөлінгіштігін қалай талдау керек?

№209. Қай тұжырымдама дұрыс?

Егер қосылғыштардың әрқайсысы жеке-жеке берілген санға бөлінбесе, онда қосынды да сол санға бөлінбейді.

Егер азайғыш берілген санға бөлінбесе, онда айырма да сол санға бөлінбейді.

Егер қосылғыштардың біреуі берілген санға бөлінсе, онда қосынды да сол санға бөлінеді.

Ребус

Бұл ребусты шешкенде осы тақырыптағы ең негізгі сөз шығады.

Рефлексия: «Екі жұлдыз, бір тілек!»

Оқушылар стикерге сабақтан алған әсерін және тілегін жазады.

Үйге тапсырма:

№192. Бірінші аптада машинамен 200 т бидай тасылды. Екінші аптада 165 т бидай тасылды, себебі екінші аптада бірінші аптаға қарағанда 7 машина бидай аз тасылған. Әр ретте машинамен неше тонна бидай тасылған?

№210. Өрнекті ықшамдаңдар:

42х:7+(65х+39х):13; 2) (581у·5):83-18у.

№205. Амалдарды орындаңдар:

5) (380d+152b- 304d):76

6) (498c+166d- 332c):83

Не білдіңдер?

Не анықтай аламыз?

Қалай ажырата аламыз?

Қорытынды:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу