Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік. Математика, 5 сынып, презентация.


Ең үлкен ортақ бөлгіш.

Өзара жай сандар.

Ең кіші ортақ еселік

5.1.2.12 екі және одан артық сандардың ЕҮОБ және ЕКОЕ табу;

5.1.1.8 өзара жай сандардың анықтамасын білу.

Сабақтың мақсаты

Өзара жай сандар туралы  түсінік беру;

ЕҮОБ-ті жай көбейткіштерге жіктеу арқылы табу;

ЕКОЕ-ні табу алгоритмін түсіндіру;

ЕҮОБ және ЕКОЕ тақырыбына байланысты есептер шығару.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар екі немесе одан да көп сандардың ЕКОЕ және ЕҮОБ табады және ол сан 1-ге тең болғанда өзара жай сандар екенін біледі.

Анықтама

Кез келген екі немесе одан да көп натурал сандар кем дегенде бір ортақ бөлгішке ие болады. Сандардың кейбір жұптары үшін 1 саны жалғыз ортақ оң бөлгіш болып саналады

Егер бұл а және b сандары үшін 1 саны жалғыз ортақ оң бөлгіш болса, онда сандар өзара жай сандар деп аталады

Берілген натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін (ЕҮОБ) табу алгоритмі:

Берілген сандарды жай көбейткіштерге жіктеу керек;

Жіктеулердегі барлық ортақ жай көбейткіштерді теріп жазу керек;

Ортақ жай көбейткіштердің көбейтіндісін табу керек.

Берілген натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін (ЕКОЕ) табу алгоритмі: (1-тәсіл) көбейткіштерге жіктеу арқылы.

1) Берілген натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу керек;

2) Берілген сандардың ең үлкенінің жай көбейіткіштерін жазу керек;

3) Оны оның жіктелуінде жоқ, бірақ басқа сандардың жіктелуінде бар жай көбейткіштермен толықтыру керек;

4) Шыққан көбейткіштердің көбейтіндісін табу керек.

«Кездесу» әдісі

12:00 – кестемен жұмыс

3:00 – тапсырма 1

6:00 – тапсырма 2

9:00 – тапсырма 3

Рефлексия

Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды сандықшаға салыңыздар, керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар. Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу