Теңдеу шешу (Бекіту сабақ). Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


5.1А Натурал сандар және нөл

Мектеп: Мектеп: Павлодар қаласы химия- биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кенжанов А.Г.

Сынып:5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Теңдеу шешу (Бекіту сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.2.2 теңдеудің шешілуінің дұрыстығын тексеру тәсілдерін қолдану;

 Сабақ мақсаттары

теңдеудің шешілуінің дұрыстығын тексеру тәсілдерін қолдану;

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

- теңдеуді шешудің алгоритмін дұрыс құру

- белгісізді дұрыс табу

- түбірлер санын дұрыс анықтау

 Тілдік мақсаттар

Оқушы:

- белгісіз компонентті табу ережесі негізінде теңдеулердің шешімін тұжырымдайды;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

-теңдеудің түбірі деп ...;

-теңдеуді шешу үшін ....керек;

-теңдеуді шешу дегеніміз ...;

Құндылықтарды дарыту

өмір бойы білім алуға бейімделеді;

дұрыс шешім қабылдау үшін, қоғамдық өмірге қатысу үшін шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру;

 Пәнаралық байланыстар

Экономика.

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

 Бастапқы білім

 

- натурал сан, жұп және тақ натурал сандар ұғымдарын біледі; - есептеулерде натурал сандарға арифметикалық амалдардың қасиеттерін қолданады; - натурал сандарды

- натурал сандарды салыстырады, сонымен қатар координаталық сәуленің көмегімен салыстыруды орындайды;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Коллобаративті ортаны құру.

«Ыстық орындық » ойын шарты: бір оқушы ортаға орындыққа отырғызылады. Сабақтың тақырыбына қатысты оқушылар оған сұрақтар қояды. Орындықта отырған оқушы бұл сұрақтарға барынша толық жауап беру керек.

«Ыстық орындық »

  • Теңдеу деп нені айтамыз?
  • Қандай сан теңдеудің түбірі деп аталады?
  • Теңдеуді шешу дегеніміз не?
  • Шешім дұрыс екенін қалай тексереміз?

Аузша

4 мин

«Миға шабуыл» стратегиясын оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту үшін қолданады. Берілген тапсырмадан оқушылар белгісіз элементті табады.

Brain gym

The numbers in the center of the pyramids are related to the numbers at each corner. What is the missing number in the middle of the last pyramid?

Жауап:48

Слайд1

Сабақтың ортасы

10 минут

Оқушылармен теңдеуді шешу әдістерін қарастырамыз.

http://bilimland.kz/ ресурстарын қолданамыз. Сонымен қатар теңдеудің қай кезде бір шешімі, екі шешімі және шешімдері болмайтын жағдайларды қарастырамыз және талқылаймыз.

Ауызша тапсырмалар.

Рефлексия :

- нені үйрендік?

- қай сәт сізге қиын болды?

http://bilimland.kz/

Слайд №2

Топтық жұмыс

12 минут

Оқушыларға бір теңдеуден тұратын кеспе қағаздар таратылады (мұндағы теңдеулер үшке бөлінеді, түбір бар, түбір жоқ және шексіз көп түбірі бар). Тапсырмаларын орындағаннан кейін оқушылар 3 топқа бөлінеді.

(Жасырулы дифференсацияланған тапсырмалар)

 

Дұрыс жауапты интерактивті тақта арқылы тексеріледі.

 Бағалау критерийлері

- теңдеуді шешудің алгоритмін дұрыс құру

- белгісізді дұрыс табу

- түбірлер санын дұрыс анықтау

Рефлексия :

-барлық тапсырмаларды орындай алдыңдар ма?

-қандай тапсырмалар сізге қиын көрінді?

Қосымша 1

Т. Алдамұратова, Е Байшоланов

Атамұра 2015ж 35 бет

Сергіту сәті

3 минут

Мұғалім оқушыларды сергітіп алады

Интербелсенді тақта

https://www.youtube.com/watch?v=39HrMCS2XTE

ҚБ

10 минут

  • т

 Бағалау критерийлері

  • теңдеуді шешудің алгоритмін дұрыс құру
  • белгісізді дұрыс табу
  • түбірлер санын дұрыс анықтау

құрастырылған формулалар арқылы дұрыс есептей алу

Қосымша 2

Т. Алдамұратова, Е Байшоланов

Атамұра 2015ж 38 бет

Сабақтың соңы

2 минуты

Рефлексия

Нені білдің?

Нені үйрендің?

Нені білгің келеді?

Қосымша 3

Слайд №3

Үй тапсырмасы

1 минут

1. 10 теңдеу құрастыру

2. Оларды жауаптарымен бірге кеспе қағаздарға жазу

Ауызша

Слайд №4

Саралау –оқушыларға қалай көбірекқолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілетіжоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

.

Қабілеті жоғары оқушыларды топтық жұмыста өзінің ой пікірлерін айтқызамын және оның басқа оқушыларға үлгі болуына басқа оқушылардың үлгілі оқушыға қарап сап түзуіне немесе өзіндік үлгі болуларына жағдаяттар туғызамын.

Оқушыларды үй жұмысын тексеру барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын.

Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Ол қызықты математикалық сұрақтардан, мадақтаудан тұрады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Оқу мақсаты дұрыс қойылған. Оқушылардың барлығы ОМ-на жетті. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді және сабақтың уақыт кезеңдері сақталды.

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

  • Оқушылар теориялық материалмен тиімді жұмыс жасады.
  • Барлық оқушылар ОМ-на жетті.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары

Туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Жалпы бұл сыныптың білім сапасы өте жоғары, оларға жоғары деңгейлі тапсырмаларды келесі сабаққа дайындауды жоспарлаудамын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу