Үшбұрыш түрлері. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2В бөлімі – Геометриялық фигуралар. Есептер

Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы

Күні: 2-тоқсан

Мұғалімніңаты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үшбұрыш түрлері

Оқу мақсаттары

4.3.1.2 үшбұрыштарды қабырғалары және бұрыштары бойынша классификациялау

 Сабақ

 мақсаттары

Үшбұрыштардың түрлерімен таныстыру, ерекшеліктері бойынша ажыратуға үйрету.

 Бағалау критерийлері.

  • Үшбұрыш түрлерін ажыратады, үшбұрышты салады, элементтерін біледі.

Тілдік мақсаттар

теңбүйірлі үшбұрыш,тікбұрышты үшбұрыш,теңқабырғалы үшбұрыш.

 Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу, еңбек және шығармашылық.

 Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе, дүниетану.

Алдыңғы меңгерілген білім

1-ші тоқсанда өткенді қайталау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 0-5 минут

(Ұ)Ұйымдастыру кезеңі

Мақсаты:Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, көңіл-күйлерін реттеу.

)Қызығушылық-мотивациялық кезеңі

Мақсаты:Жұмбақ жасыру арқылы сабақтың тақырыбын ашу

Атына сай балалар, үш төбесі, үш жағы бар ол пішінді кім табар.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, сабағымыздың тақырыбы не жайлы болмақ?

Оқушылардың ойларын тыңдау.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.Бағалау критерийлерін анықтап, тақтаға жазу. Сабақтың соңында құрылған критерийлерге оралатындарын ескерту.

Слайд

Сабақ ортасы5-37 минут

)Математикалық диктант

Мақсаты: Үшбұрышты сызу арқылы ерекшеліктерін таныту, жалпы түсінік қалыптастыру.

  • Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені белгілеңдер, оларды тізбектеп үш кесіндімен қосыңдар?
  • Осы үш нүктені тізбектей қосыңдар;
  • Қандай фигура пайда болды?( үшбұрыш)
  • Осы фигураға кім анықтама береді?

2) Пайда болған фигураны ата, төбелерін белгіле 3) Қабырғаларын, бұрыштарын (элементтері) жазыңдар;4) Барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосыңдар

Анықтама: Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүкте мен осы нүктелерді қосатын үш кесіндіден және сол кесінділермен шектелген жазықтықтың бөлігінен тұратын фигураны үшбұрыш деп атайды.

(Оқушылар әрқайсысы өз дәптерлерінде орындайды, топ мүшелері бір-біріне көмек береді.Жалпы тексеріледі.)

(Т,Қ)Ассоциация «Үшбұрышты денелер»

Мақсаты: Үшбұрышты денелер туралы ассоциация жасау және оны қорғау.

Әр  топ  өз  идеяларын  қағаз  бетіне  түсіріп , қорғайды.

Мысалы: Үйдің шатыры, шырша,мозайка, т.б.

Оқушылар «Галереяны шарлау» әдісі бойынша бір-бірінің жұмыстарын аралап тамашалайды, ассоциацияларын бағалайды, қажет болған жағдайда толықтырады.

(МК) «Ғажайып архитектура туындылары» таныстырылым

Оқушылардың назарына үшбұрышты ғимараттар көрсетіледі.Архитектурада геометрия қалай пайдаланатынына назар аударылады.Үшбұрышты денелер мен ғимараттардың ерекшелігі айтылады.

Оқушылардың ойларын тыңдау.

)Топтық жұмыс«Инсерт» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс жасайды, жұпта,топта талқылайды.Топтық таныстырылым дайындайды 

І топА) қабырғаларына қатысты

Олар:

1. қабырғаларының ұзындықтары әр түрлі болатын әр түрлі қабырғалы үшбұрыш;

2.  екі қабырғасы тең болатын теңбүйірлі үшбұрыш ( өзара тең екі қабырғасы оның бүйір қабырғалары, ал үшіншісі – табаны деп аталады),

3. үш қабырғасы тең болатын теңқабырғалы үшбұрыш деп аталады.

ІІ топ Ә) бұрыштарына қатысты

Олар:

үшбұрыш бұрыштарының шамаларына байланысты – үш топқа бөлінеді.

  • үш бұрышы да сүйір болатын сүйір бұрышты үшбұрыш,
  • Бір бұрышы доғал болатын доғал бұрышты үшбұрыш,
  • Бір бұрышы тік болатын тік бұрышты үшбұрыш.

ІІІ топ

Б) Үшбұрыштың элементтері

Олар:

Үшбұрыштың элементтері: А,В,С- төбелері, АВ,ВС,СА кесінділері – қабырғалары,  

АВС, АВ мен ВС қабырғаларының арасындағы бұрыш,

ВСА, ВС мен СА қабырғаларының арасындағы бұрыш,

 САВ, СА мен АВ қабырғаларының арасындағы бұрыш.

ІҮ топ

Үшбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы- үшбұрыштың периметрі деп аталады.

Екі кесіндінің ұзындықтары мен екі бұрыштың градустық шамалары тең болатын үшбұрыш сызыңдар.Шыққан үшбұрыш қалай аталады?

Топтар өз жұмыстарын қорғайды.

Екі жұлдыз бір тілек арқылы бағалау ұсынылады.

Презентация

Қима қағаздар

кеспеқағаздар, сызбалар.

Сабақтың соңы

37-40 минут

Сабақтың рефлексиясы:

-Не сәтті өтті?

-Не сәтсіз болды?

-Нені дамыта алар едім?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Бағалау:«Бағалау фигуралары» арқылы өздерін бағалайды.

Стикерлер таратылады

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар білім деңгейлеріне байланысты тапсырмалар тарату.

Топта жасаған жұмыстарын бақылаймын.Үшбұрыштарды сыза және ажырата алуын бағалаймын.

Сергіту сәті

Топтық жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрысжүргізілдіме?

Сабақтың уақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: 2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу