Уақытты анықтау есептерін оқып білу. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Пән:математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 В бөлім: Уақытты анықтауға берілген есептер

Күні:18.04.18

Сынып: 4В

Мектеп: Талдықорған қаласы физика- математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Уақытты анықтау есептерін оқып білу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.3.4 уақытты: секунд, мин, с, тәулік, жыл, ғасыр олардың арасындағы арақатынастар негізінде түрлендіру

Сабақ мақсаттары

Уақыт қатынастарын анықтауға есептер орындау.

Бағалау критерийлері

Уақыт өлшем бірліктері арасындағы арақатынастар негізінде түрлендіруді орындайды.

Тілдік мақсаттар

уақыт, минут, секунд, сағат, бастау, басы, соңы, аяқтау, ұзақтығы, жалпы жұмсалған уақыт, нақты уақыт терминдерін қолданып математикалық тілді дамыту.

Миссия. Пайымдау. Жаһандық азаматтық.

Өмір бойы білім алуға дайын, зиялы, елі үшін жауапты тұлға тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Ұйымшылдық, жауапкершілік туралы түсініктері кеңейеді.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, өнер, тарих пәндерімен байланыс көрініс табады.

Бастапқы білім

Уақыт өлшем бірліктерін еске түсіру. Уақыттың әртүрлі өлшем бірліктерін пайдаланып, уақытты анықтай білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Сабақтың ортасы

35 минут

(Ұ) Ширату тапсырмаларын орындау.

Сағатпен өрнектеу

360 мин, 2 тәулік, 1 тәулік 13 сағат, 7 200 секунд;

Минутпен

2 сағат 45 минут, 6 сағат, 240 секунд, 2 минут 120 секунд;

Секундпен

1 сағат; 3 минут 16 секунд, 5 минут, 1 сағат 15 секунд;

Тәулікпен

48 сағат, 1 апта, 72 сағат, 1 жыл.

6 сағ.23 мин *3 – 2 сағ. 48 мин =

, Қ) Құрамдас есептер шығару.

1. Үш айдың алғашқы 14 күнінде зауыт 560 бірдей кір жуу машинасын дайындап шығарды. Кейінгі күндері әр күн сайын 5 машина артық шығарып отырды. Үш айдың алғашқы 20 күнінде зауыт қанша машина жасап шығарды?

2. Әкенің жұмысы 08.15-те басталады. Жұмысқа жету үшін 35 минут кетеді. Үйден шығуға болатын ең кеш уақыт қандай?

3. Фермер 100 картоп отырғызуы керек. Әр картопты отырғызуға 2 минут кетеді. Ол 08.30-да жұмысты бастайды. Ол жұмысын қашан бітіреді?

4. Арал теңізі суының көлемі жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында 1 064 км 3 құраса, ал 1995 жылы оның төрттен бір бөлігі ғана қалды.1995 жылы Арал теңізі суының көлемі қандай болды?

(Т) «Уақыт сызығы» Қазақстан тақырыбында есептер құрастыру.

1-топ. Тарихи оқиғалар;

2-топ. Мерекелер;

3-топ. Қазақстан астаналары.

(Ұ) Белгілі оқиға барысында қанша уақыт өткенін білу үшін тапсырма түрлерін талқылау.

Сабақтың соңы

2 минут

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

А тобындағы оқушыларға Уақыт сызығына тарихи оқиғаларды орналастыру ұсынылады.

Құрамдас есептерді шығару дағдылары тексеріледі.

Компьютерде ақпарат алуда қауіпсіздік ережелері ескертіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу