Пропорционалды бөлуге берілген есептер. Математика, 4 сынып, презентация.
Математика
4 - сынып
Тақырыбы:
Пропорционалды бөлуге берілген есептер
Сен
Пропорционал бөлуге /бірлікке келтіруге/ берілген есептердің шығару жолдарымен танысасың.
Есептерді шығару тәсілдерін меңгересің.
Пропорционалды бөлуге берілген есептерді шығарып үйренесің.
1.Бір фломастер 40 тг тұрады. Осындай үш фломастер неше теңге тұрады?
2.Дүкенде әр жәшікте 70 бөлке нан болатын 6 жәшік болды. Дүкенде неше бөлке нан бар?
3.Бір бөлке нан 70 тг тұрады. 420 теңгеге неше бөлке нан алуға болады?
4.Дүкенге әр жәшікте 30 кг кәмпит болатын 8 жәшік әкелінді. Дүкенге неге килограмм кәмпит әкелінді?
5.2 бәлішке 160 тг төленді. Бір бәліш неше теңге тұрады?
6.Жиһаз фабрикасына әр орамда 120 метр болатын 4 орам мата әкелінді. Барлығы неше метр әкелінді?
7.Бір дәптер 30 тг тұрады. 390 теңгеге қанша дәп-тер сатып алуға болады?
8.Дүкенге 40 кг-нан 23 қап картоп әкелінді. Дүкенге қанша кг картоп әкелінді?
Баға • сан = құн; бір заттың салмағы • заттар саны = ортақ салмақ; бір затқа шығын • сан = ортақ шығын
Тігіншінің шеберханасында
Тапсырманы оқы:
Тігінші әр күртеге 2 кіші және 6 үлкен түймеден барлық
күртеге 64 түйме тікті. Тігінші барлығы неше кіші және
үлкен түйме тікті? Қысқаша шартпен таныс:
Тапсырмада не белгілі?
Нені табу керек?
Тапсырманың сұрағына бірден жауап беруге болады ма?
Неліктен?
Ол үшін не белгісіз?
Тапсырманың әр амалында нені таптың?
Пропорционалды бөлуге арналған есептерді шығару кезінде қысқаша жазуды кестеге орында. Мысалы:
Шыт мата
а) Кесте бойынша есеп құр және оны шығар.
ә) Сызба бойынша есеп құр және оны шығар
3 метр — ? теңге 5 метр — ? теңге
8000 теңге
Шығарып көр Екі шебер жөкеден себет тоқып 80000 теңге табыс кіргізді. Бір себетті тоқу үшін үш ағаштың жөкесі қажет. Егер біреуі 24 ағаштан, ал екіншісі 36 ағаштан жөке жинаса, әр шебер қанша теңге алды?
Бірінші шебер неше себет тоқығанын анықтаңдар;
Екінші шебер неше себеттоқығанын анықтаңдар;
Жалпы себет санын анықтаңдар;
Бір себет қанша теңге тұратынын анықтаңдар;
Бірінші шебер қанша теңге тапқанын анықтаңдар;
Екінші шебер қанша теңге тапқанын анықтаңдар.
Жөке ағашы Жөке Себет
Ойлан
Руслан математика пәнінен олимпиадаға қатысып, есеп шығарды.
Шыны шар металл шардан 2 есе жеңіл. 7 шыны шардың салмағы 420 грамм. 3 металл шардың салмағы қандай?
Шешуі:
1)420 : 7 = 60 (бір шыны шардың салмағы);
2)60 • 2 = 120 (бір металл шардың салмағы);
3)120 • 3 = 360 (үш металл шардың салмағы). Жауабы: 360 грамм.
Руслан есепті дұрыс шығарды ма?
Қайтала
а) Мыңдыққа дейін дөңгелекте: 12568 , 78543, 98450, 148 752, 80100;
ә) ондыққа дейін дөңгелекте: 856, 78125, 451 263, 400 126, 53 142;
б) он мыңдыққа дейін дөңгелекте: 456 129, 58691, 120 354, 743 168, 365 873.
«Таңдау» әдісі. 1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын. 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды. 3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым. 4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым. 5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды