Пропорционалды бөлуге берілген есептердің алгоритмі. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ортақ тақырып:

Бөлімі: № 3 сабақ

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанбыршиева А.Б.

Сынып: 4 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Пропорционалды бөлуге берілген есептердің алгоритмі

Оқу мақсаты:

шамалар арасындағы тәуелділікке/ пропорционал бөлуге/белгісізді екі тәсіл бойынша табуға берілген есептерді талдау және шығару.

Бағалау критерийлері

Есептерді шығару алгоритімен танысады. Оқушыларды есептің жаңа түрімен танысады. Есептеу дағдысын жетілдіреді. Пропорционал бөлуге /бірлікке келтіруге/ берілген есептердің шығару жолдарымен танысады, шығару тәсілдерін меңгереді.

Ғылыми тіл

Геометриялық материал бойынша жұмыс жүргізу арқылы білімін пысықтайды, пропорционал бөлу, екі айырма бойынша белгісіз санды табу, өнімділік, бірлескен жұмыс тақырыптары бойынша жаңа есеп түрлерін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып шығарады.

Құндылықтар

Қоршаған ортаға дұрыс көзқарастарын қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Пропорционалды бөлуге берілген есептер

Сабақ барысы :

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Өткенді қайталау. Ойын «Ия-жоқ» деп жауап бер. Оқушылар «+» немесе «-» белгісін қойып отырады. Соңында тексеріледі.

- 1кг-да 1000г бар

- 2ц-де 2000кг

- 3тәул-те 96сағат бар

- 3дм-де-300мм бар

- 4ц 5кг-да-450кг бар

- 6жылда 70ай бар

- 2сағатта 100мин бар Көркем жазу минуты -0,2,3,6 сандарын пайдаланып екі және үш таңбалы сандарды жазу.

Талқыла

Сұраққа жауап бер:

Дүкен қоймаларында барлығы а жәшік көгөніс бар. Әр дүкенде b жәшік картоп және с жәшік пияз бар. Әр жазба нені білдіреді?

b + с

а : (c + b) = d

b ∙ d

c ∙ d?

 Пропорционалды бөлуге арналған есептердің ал-горитмі: 1. Заттың ортақ санын анықтаймыз: с + b.

2.Құнын анықтаймыз: а : ( c + b) = d.

3.с заттар қанша тұратынын анықтаймыз: b · d.

Ойлан тап. (ТЖ) Дүкенде. Алгоритм бойынша шығар. Бірінші тапсырманың талдауын және алгоритм бойынша шығарылуын бірігіп жүргізу. Түсіндіру.

1-есеп:Дүкенде түсте 2 қорап, ал кешке 4 қорап жұмыртқа сатылды. Барлығы 600 жұмыртқа сатылды.Түсте және кешке неше жұмыртқа сатылды? Жауабы: 1)2 + 4 = 6 (қорап);

    • 6 = 100 (жұмыртқа);
    • · 100 = 200 (жұмыртқа);

4)4 · 100 = 400 (жұмыртқа);

Оқушылар топтарда алгоритм бойынша орындайды. Дұрыс түсіну үшін, оқушыларға тапсырманың қысқаша жазбасын кестеде көрсету.

2-есеп :Екі қыз бала 210 теңгеге бірігіп дәптер алды.Бірінші қыз бала 3 дәптер,екінші қыз бала 4 дәптер алды. Әр қыз бала қанша ақша төледі?

Жауабы : 1)3 + 4 = 7 (дәптер);

2)210 : 7 = 30 (тг);

3)3 • 30 = 90 (тг);

4)4 • 30 = 120 (тг).

3-есеп : Екі сатып алушы 26 банан сатып алды. Біріншісі 840теңге,ал екіншісі 980 теңге төледі. Олар бананды қалай бөліп алады?

Жауабы :

    • 980 = 1820 (тг);
    • 6 = 70 (тг);

3)840 : 70 = 12 (б);

4) 980 : 70 = 14 (б)

Бағалау. Орындағаннан кейін топтардың бірі шығаруын көрсетуді, ал қалғандарын оның дұрыстылығын бағалайды. -өте жақсы -жақсы -орташа Жұмыстарын өздері бағалайды, өзара бағалайды. Есептердің алгоритмімен таныстырып,неліктен осылай бағаланғанын  дәлелдейді.

Сызба бойынша тапсырма. Оқушыларға сұрақтар қойыңыз: тапсырма не туралы болуы мүмкін? Тапсырмада не белгілі? Нені табу керек? Топтардағы оқушыларға тапсырманы құруға уақыт беріңіз. Кейін нұсқаларды тыңдап, талдау жүргізіңіз. Тапсырмалардың шығарылуын ортақ ауызша талдауын жүргізіңіз.

Жауабы:

1-сызба:

1)

7 3 = 10;

3)

7 · 700 = 4900

2)

7000 : 10 = 700;

4)

3 · 700 = 2100.

2-сызба:

1)

490 210 = 700;

3)

490 : 10 = 49;

2)

7000 : 700 = 10;

4)

210 : 10 = 21.

Бағалау: Сөздік мадақтау арқылы бағалау . Тапсырманы өте жақсы орындағандарға «Жарайсың!», «Керемет!», «Тамаша!» Жақсы орындағандарға «Бұданда жақсы орындай аласыңдар» Қателіктер жіберген оқушыларға «Мұқият болыңдар» деген сөздермен ауызша бағалау.

Шығарып көр (Ж)

Берілген тапсырманың өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан ол келесі сұрақтар бойынша ортақ талдауды сыныппен талқылау. . жеміс кептірілгенде салмағы . болды. Фермер сатылымға . алма және одан . артық алмұрт кептірді. Кептірілген жемістердің салмағын тап.

Оқушылар төмендегі сұраққа жұппен жауап береді.

  • Тапсырмада нені сұрайды?
  • Басында нені білуге болады? (неше килограмм алмұртты кептірді? 56)
  • Келесі қадам қандай? (барлығы неше алма мен алмұртты кептірді: 98)
  • 14 саны 98 санында неше рет кездесетінін немесе

98-ді 14-ке бөлеміз (7-рет)

Жауабы:

1) 42 + 14 = 56 (кг)

3)

98 : 14 = 7 (реет)

2) 42 + 56 = 98 (кг)

4)

7 · 3 = 21 (кг)

Сұраққа жауап беру үшін 7 · 3 = 21 екендігін білу керек.

Бағалау: Бағдаршам арқылы бағалау.

Бағдаршамның көздерін тарату. Тапсырманы толық түсінген оқушы жасыл көзін көтереді.Тапсырманы жартылай түсінген оқушы бағдаршамның сары көзін көрсетеді. Оқушылардың тапсырманы қаншалықты толық түсінгеннің анықтау.

Сары және қызыл түсті көрсеткен оқушыларға Сіздерге не түсініксіз? деген сұрақ қою арқылы түсінбеген оқушылармен жеке жұмыс жасалады.

Ойлан.(Ж) Берілген тапсырма ескі жинақтарда, сондай-ақ олимпиада тапсырмаларында кездеседі. Тапсырманың шығарылуын жоспар бойынша бірігіп сыныппен талқылау. Көне есепті шығар:Үш тауықтан үш күнде 3 жұмыртқа алады. 12 тауықтан 12 күнде неше жұмыртқа алады?

  • Бір күн ішінде әр тауық неше жұмыртқа туады;
  • Бір күн ішінде 12 тауық неше жұмыртқа туады;
  • 12 күнде 12 тауық неше жұмыртққа туады?

Жауабы:

  • 3 : 3 = 1 жұмыртқаны бір күнде 3 тауық туады;
  • 12 : 3 = 4 жұмыртқаны бір күнде 12 тауық туады;
  • 4 · 12 = 48 жұмыртқаны 12 күнде 12 тауық туады.

Бағалау. Өзін-өзі бағалау. Егер тапсырманы толық дұрыс орындаса және түсінікті болса бесбұрышты көтереді. Егер қателіктер жіберіп, тапсырма жартылай түсініксіз болса төртбұрышты көтереді. Егер тапсырма мүлдем түсініксіз болса үшбұрыш көтереді. Тапсырма түсініксіз оқушылармен жеке жұмыс жүргізіледі.

Қосымша тапсырма Қайтала. (Ө)

Формула бойынша қалдықпен бөлу дағдысын қайталауға арналған өзіндік жұмыс.

Жауабы:

5463 : 4 = 1365 (3 қалдық);

6182 : 5 = 1236 (2 қалдық);

5922 : 9 = 658; 

4735 : 6 = 789 (1 қалдық);

1219 : 3 = 406 (1 қалдық)

Слайд

Кері байланыс

«Табыс баспалдағы»

1 - баспалдағы Мен… БІЛЕМІН 

2 - баспалдағы Мен… ТҮСІНЕМІН

3 - баспалдағы Мен… ЖАСАЙ АЛАМЫН

Карточкалар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу