Екі айырма арқылы белгісізді табуға берілген есептерді шығару алгоритмі. Математика, 4 сынып, презентация.


Математика

4 - сынып

Тақырыбы:

Екі айырма арқылы белгісізді табуға берілген есептерді шығару алгоритмі

Сен

Белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептерді шығару алгоритмімен танысасың.

Екі айырма арқылы белгісізді табуға берілген есептермен танысасың.

Өткенді қайталау. (Математикалық диктант)

Амалдар тәртібін анықта және есепте:

563 430 : 70 + 9 204 * 40 432 360 : 60 + 7 021 * 30

Екі айырма арқылы белгісізді табуға арналған есептерді шығарудың алгоритмін есептердің мысалында қарастырамыз: Сүңгуір кеме екі күн ішінде ең үлкен жылдамдықпен а миль жүзді. Бірінші күні ол жолда b сағат, ал екінші күні с сағат жүзді. Кеме күн сайын неше миль жүзді? 1)Екі күндегі уақытты табамыз: b + c.

2)Сүңгуір кеменің жылдамдығын табамыз: а : (b + c).

3)Кеме бірінші күні өткен арақашықтықты табамыз: b • (а : (b + c)). 4)Кеме екінші күні өткен арақашықтықты табамыз: с • (а : (b + c)).

1-тапсырма Теңізде, толқындармен (Ұ)

а) Екі кемемен барлығы b тонна болатын жүк жөнелтілді. Бірінші кемеде n контейнер, ал екіншіде p контейнер.

Әр кеме қанша жүкті апара жатыр?

Нені табу керек?

Бірінші кезекте нені анықтау керек?

Қалай? (n + p) – контейнерлердің жалпы саны.

Келесі қадам қандай: b : (n + p) – бір контейнердегі тонна

Бір контейнерде неше тонна және әр кемедегі контейнерлер санын біле тұра, есептің сұрағына жауап беруге болады ма?

ә)Бірінші күні кеме бір айлақтан екінші айлаққа дейін d сағат жүзді, екінші күні келесі айлаққа дейін а сағат жүзіп, бірінші күнге қарағанда m км-ге кем жүзді. Күн сайын кеме неше км жүзді?

2-тапсырма Кемені басқаратын кім?

а) Теңіз саяхатына шыққан кеменің капитаны механикке барлық жол бойы біркелкі жылдамдықты сақтауға бұйрық берді. Бірінші күні кеме 45 км, ал екінші күні 81 км жүзді. Екінші күні кеме жолда 4 сағат артық жүзді. Күн сайын кеме жолда неше сағат болды?

ә) (Ж) Кемеге екі қап ұн әкелінді. Біріншіде 54 кг, ал екіншіде 72 кг болды. Боцман кокқа (аспазшыға) барлық ұнды пакеттерге салуды бұйырды. Бірінші қаптан 6 пакет кем шықты. Әр қаптан неше пакет ұн шықты?

б) (Ө) Жүк кемесінде тесік пайда болды. Теңізшілер тесіктен кірген суды екі бірдей сорғымен сорды. Бірінші сорғы 5 минут, ал екіншісі 8 минут жұмыс істеді. Егер екінші сорғы біріншіге қарағанда 15 литр артық сорса, әр сорғы неше литр су сорды?

1)Бірінші сорғы екінші сорғыға қарағанда нешеге кем жұмыс істеді?

2)Сорғының жұмыс істеу жылдамдығын анықтайды. 3) Бірінші сорғы неше литр сорғанын анықтайды.

4) Екінші сорғы неше литр сорғанын анықтайды.

в) Теңізші болуға дайындалып жүрген екі жас теңізші кемедегі арқандарды бірдей жылдамдықпен жинады. Біріншісі 30 минут, ал екіншісі 5 минутқа кем жинады. Егер біріншісі 10 метр артық жинаса, әр жас теңізші неше метр арқан жинады?

Шығарып көр. (Ж)

Мысыр пирамидаларын құру үшін тас блоктарын жасаған және оны Ніл өзені бойымен кемелер арқылы жеткізген. Бір кемеге 10 блок жүк тиелді, ал екіншісіне —25.Екінші кемеге біріншіге қарағанда 15 т жүк артық тиелді. Әр кемеге неше тонна жүк тиелді?

12

10

8

6

4

2

0 30 км 45 км 60 км

1-қайық 2-қайық 3-қайық

30 км, 45 км, 60 км белгілерін өткендегі қайықтардың жылдамдығын анықта. Осы үш нүктедегі қайықтардың жылдамдықтарының айырмашылығын тап.

Ойлан

Диаграмманы қарастыр.

Қосымша тапсырмалар

Жолаушы ұшақ с рейсте р жолаушыны тасымалдайды. Ұшақ қаңтарда а рейс, ал ақпанда х рейс жасады. Ұшақ әр рейсте неше жолаушыны тасымалдайды?

Асханада залдардың бірінде 15 бірдей үстел, ал басқа залда дәл осындай 10 үстел бар. Егер екінші залда біріншіге қарағанда 20 орынға кем болса, әр залда неше орын бар?

Қандай формулалармен шығарды?

Қандай есептер ең жеңіл болды?

Ең қиын болғаны қайсысы?

Жұмыстың қай түрі көбірек ұнады және неліктен: дербес, жұптық, топтық, ортақ.

Рефлексия

«Табыс баспалдағы»

1 - баспалдағы Мен… БІЛЕМІН

2 - баспалдағы Мен… ТҮСІНЕМІН

3 - баспалдағы Мен… ЖАСАЙ АЛАМЫН



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу