Екі айырма арқылы белгісізді табуға берілген есептерді шығару. Математика, 4 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материал

4- сынып Математика

Бөлімше:

Тақырыбы: Екі айырма арқылы белгісізді табуға берілген есептерді шығару

1) Балабақшаның бір тобына 23 қарындаш, ал екінші топқа 30 қарындаш

сатып алып, 140 теңге артық төледі. Қарындаштарға барлығы неше теңге төленді?

2)Сахнаны безендіру үшін, әрбіреуінде 7 және 15 метр болатын екі мата орамын сатып алды. Екінші орам біріншіге қарағанда 4000 теңгеге қымбат. Әр орам неше теңге тұрады?

3)Асханаға екі жәшік алма әкелінді. Бірінші жәшікте 24 алма, ал екіншісінде 32 алма болды. Бірінші жәшік екіншіден 3200 г жеңіл. Әр қораптың салмағы қандай?

4)Бірінші көліктер сапы 14 сағат, ал екіншісі 12 сағат жүріп, біріншіге қарағанда 150 км кем жүрді.Әр көлік сапы неше километр жүрді?

5)Сынып үшін бірдей бағамен 6 үстел ойындары мен 8 кітап сатып алынды. Кітаптар үшін 1600 теңге артық төлен-ді. Үстел ойындары мен кітаптар қанша теңге тұрады?

6)Екі автокөлік бірдей жылдамдықпен жүрді. Бірінші автокөлік 715 км, ал екіншісі 585 км жүрді. Бірінші ав-токөлік 2 сағат артық жүрді. Әр автокөлік жолда қанша сағат болды?

Қосымша тапсырмалар

1.Бірінші қоймада 40 қорап апельсин, ал екінші қоймада 35 қорап бар. Бірінші қоймадағы апельсин қораптары-ның бағасы екіншіге қарағанда 4000 артық. Әр қоймадағы апельсиннің құнын тап.

2.Екі бөлікте 100 м мата бар. Бір бөлікте екіншіге қарағанда 12 м артық, және ол 7200 теңге артық тұрады. Егер олардың бағалары бірдей болса, матаның әр бөлігі неше теңге тұрады?

Күн сайын Әмір жолға 30 теңге, ал түскі асқа 120 теңге жұмсайды. Қараша айында Әмір неше теңге жұм-сайды? Желтоқсан айында ше?

3 адамнан тұратын сырлаушылар тобы жаңа ғима-раттағы 350 м² қабырғаны сырлаулары керек. Егер әр сырлаушы күніне 40 м² қабырғаны сырлайтын болса, олар бұл жұмысты 3 күнде бітіреді ме?

Принтер 10 секундта 1 бет басады. 5 минутта ол 30 бетті басып үлгереді ме?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу