Қос теңсіздік. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ортақ тақырып «Ғарышқа саяхат», «Болашаққа саяхат»

Бөлімше:Теңдік және теңсіздік. Теңдеулер

Тақырыбы: Қос теңсіздік

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

4.2.2.1 қос теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу.

4.2.2.2. Теңдік және теңсіздік, теңдеулер.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Қарапайым теңсіздік пен қос теңсіздікі құрастыра алады;

Бірқатар оқушылар үшін:

Қарапайым теңсіздік пен қос теңсіздік арасындағы айырмашылықты түсіндіре алады;

Кейбір оқушылар үшін:

Екі қарапайым теңсіздіктен қос теңсіздікті құрастыруға қатысты өз дәлелдемелерін бере алады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік лексика және терминология:

Теңсіздікті жазу, қарапайым теңсіздік, қос теңсіздік, теңсіздік, қос теңсіздікті бірнеше шешімдері

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

-Теңсіздік дегеніміз не?

-Теңсіздік шешімі дегенеміз не?

-Қос теңсіздікті жазу қарапайым теңсіздіктен айырмашылығы неде?

Жазу: Қос теңсіздікті жазу

Тірек білім, білік, дағдылар

қос теңсіздік

шешімдер жиыны

Жоспар

Жоспар

ланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–2

3-5

6-10

11–28

29–37

Кіріспе тапсырма

(Т) Кеспеқағаздарда жазылған >, <, = таңбаларды топтарға таратып беру. Топта оқушылар мүмкін болатын санды өрнек, теңсіздік, әріпті өрнек құрастырады. Теңсіздіктің шешімі болатын айнымалы мәндерінің жиынын белгілеп {..., ..., ...} жақшаларымен жазу.

Ғарышкер болғым келеді

(Ұ) «Ғарышкер болғым келеді!» Тапсырманың мәтіні бойынша сұрақтарға талдау жасап, балалардың жасаған жаттығуларынан теңсіздік құрастыру. Сұлтанның жасаған жаттығуы белгісіз болғандықтан, латын әріпімен белгілеуін, екі теңсіздікті қосып жазуларын сұрау. Осылайша «қос теңсіздік» ұғымымен танысу. Бүгінгі өтіп жатқан тақырып «қос теңсіздіктің» ережесін тұжы-рымдайды. Ережесі мен оқылуына назар аударту.

  • 12 < а және а < 18 теңсіздіктерін қосу арқылы

12 < а < 18 түрінде жазады. 12 < а < 18 теңсіздігін қос теңсіздік деп атайды. Қос теңсіздік шешімдерінің жиыны екі теңсіздікке де тиісті болады және былай жазылады: {17, 16, 15, 14, 13}.

Есте сақта!12 < а < 18 қос теңсіздігінің оқылуы: а саны 12-ден артық, бірақ 18-ден кем.

Тапсырма

Ерхан, Сұлтан және Аружан ғарышкер болғысы келеді. Ерхан 18 жаттығу, Аружан 12 жаттығу жасады. Сұлтан Ерханнан кем, Аружаннан артық жаттығу жасады. Сұлтан неше жаттығу жасауы мүмкін? Мүмкін жауаптарын таңда: 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19.

Жауабы:18 > а; а < 12 12 < а < 18 {13, 14, 15, 16, 17}

«Шапалақ» арқылы бағалау жүргізу

Аспан әлемінде

(Ж) Аспан әлеміндегі денелерден қос теңсіздік шешім-дерінің жиыны болатын денелерді табу және қос теңсіздікті дұрыс оқу керек екенін хабарлау. Берілген уақытта ғарыш денесін қаншалықты көп жинаса, сол жұп жеңімпаз аталатынын ескерту. Қос теңсіздікті оқуда қолдау көрсетіп, көмектесу.

Тапсырма

Ғарыш денелерінен 45 < c < 65 қос теңсіздігінің шешімі болатын денені тап. Қос теңсіздік шешімдерінің жиынын жаса, оқы.

Жауабы:

45 < а < 65 оқылуы:

а саны 45-тен артық, бірақ 65-тен кем. {50, 55, 60};

45 < 50 < 65 оқылуы:

50 саны 45-тен артық, бірақ 65-тен кем;

45 < 55 < 65 оқылуы:

55 саны 45-тен артық, бірақ 65-тен кем ;

45 < 60 < 65 оқылуы:

60 саны 45-тен артық, бірақ 65-тен кем.

Смайлик арқылы бағалау жүргізу

Шығарып көр

(Ө) Әрбір оқушы сабақ барысында жұптық, топтық жұмыс жасау үрдісіндегі алған дағдыларын бекітеді. Тапсырманы орындау барысында жетекші сұрақтар қою:

- Теңсіздіктерде ұқсастық бар ма?

- Қай теңсіздіктерден қос теңсіздік құрар едің?

- Әріптері бірдей теңсіздіктерден қос теңсіздік құрастырып көр.

- Қос теңсіздікті оқып бер.

Тапсырманы берілген сұрақтар бойынша өз бетінше ойланып, дәптерлеріне жазу, бір-бірімен салыстыру.

Тапсырма

Теңсіздіктерден қос теңсіздік құрап жаз:

22 < a; a < 30; х > 158; 19 > c; с > 12; x < 200.

Шешімдер жиынын жазып, оқы.

Жауабы:22 < a < 30; 158 < x < 200;12 < с < 19.

Фишка арқылы бағалау

Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жауабын тапқан оқушыларға фишка беру арқылы бағалау

Орындап көр

(Ж) Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың суретін көрсете отырып, жұпта жұмыс жасау. Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың көлемін еске түсіру. Оқушылар жұпта күн жүйесіндегі ең үлкен және ең кіші ғаламшарды атап, қос теңсіздік құрады, орындаған жұмыстарының топта талқылайды. Қос теңсіздік шешімдерінің жиыны болатын ғаламшарларды атау.

Тапсырма

Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың көлемін салыстыра отырып, қос теңсіздік құрастыр. Ең үлкен және ең кіші ғаламшарларды атай отырып, ғаламшарлар жиынының шешімін тауып көр.

Жауабы:Меркурий < с < Юпитер {Шолпан, Жер, Марс, Сатурн, Уран, Нептун}

Фишка арқылы бағалау

Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жауабын тапқан оқушыларға фишка беру арқылы бағалау

Сен білесің бе?

(Ұ) Егер күннің үлкендігін футбол добындай десек, Юпитердің үлкендігі гольф добындай болса, онда Жер шары небары бұршақ сияқты.

Ғарыш денелерінің көлемін күнделікті өмірде қолданатын заттар арқылы салыстыру оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Ойлан

(Т) Тапсырма оқушылардың есептеу дағдысын дамытуға бағытталған. Тапсырманы топта талқылай отырып, А4 парағында орындау. Жауап парақтарын тақтаға іліп, әр топ жауаптарын салыстыра отырып, бағалау. Цифрлардың қосындысы 10-ға бөлінетін сан болу керек екенін еске түсіру. Белгіленген уақытта дұрыс, әрі көп өрнек жазған топ жеңімпаз аталады.

Тапсырма

Цифрларының қосындысы 29-ға тең болатын және 10-ға бөлінетін бес таңбалы сан жаз.

Мысалы: 9+8+7+5+0=29 және т.б.

Смайлик арқылы бағалау жүргізу

Қайтала

(Ж) Тапсырма жақындау жылдамдығына байланысты уақытты табуға берілген. Тапсырманы жұпта орындап, жауаптарын ауыстыру арқылы тексеру. Әртүрлі тәсілмен орындауларына, тиімді тәсілді қолдануға болатынын ескерту.

Тапсырма

Велосипедші мен мотоциклші бір мезгілде екі ауылдан бір-біріне қарама-қарсы бағытта шықты. Велосипедші 12 км/сағ жылдамдықпен, ал мотоциклшінің жылдамдығы 65 км/сағ. Егер екі ауылдың арақашықтығы 385 км болса, олар қанша сағаттан кейін кездеседі?

Шешуі: 385 : (12 + 65)= 5 (сағ)

Жауабы: олар 5 сағаттан кейін кездеседі.

Бағдаршам түстері арқылы бағалау

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

Қалыптастырушы бағалау

Есептемей-ақ салыстыр.

(Ө) Бұл айдарда берілген өрнектердің мәнін есептемей салыс-тыру. Азайтқыш артқан сайын айырманың кемитінін; көбейткіш артқанда көбейтіндінің де мәні артатынын дәлелдеу.

Тапсырма

а) 2569 – 965 * 2569 – 659;

б) 1965 + 203* 1965 – 203;

в) 2647 ∙ 146* 2647 ∙246.

Жауабы:а) < ;ә) > ;б) < .

Сан түзуінде белгіле.

Тапсырманы орындау барысында сабақ тақырыбын меңгеру деңгейі байқау. Теңсіздіктердің мәнін сан түзуінде белгілеп, қос теңсіздік құрады және қос теңсіздік шешімдерінің жиы-нын жазады.

Жауабы: 3 < а < 7,{4, 5, 6}.

Cәйкестендір.

Бұл тапсырманың арқасында білімді және оқулықтағы сабақтың мәтінін қаншалықты түсінгендігін бағалау. Оқушылар қос теңсіздіктер мен оқылуын сәйкестендіреді. Сабақ барысында жауап беруге қиналған оқушыларға көмек көрсету.

Жауабы:

d саны 9-дан артық, бірақ 17-ден кем 9 < d < 17

a саны 15-тен артық, бірақ 23-тен кем 15 < а < 23

a саны 23-тен артық, бірақ 32-ден кем 23 < a < 32

d саны 2-ден артық, бірақ 9-дан кем 2 < d < 9

Күн жүйесі.

Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың суретін көрсету. Көлемдерін салыстыра отырып, қос теңсіздік құрастыру. Қос теңсіздіктің жиындарының шешімдеріне қанша ғаламшар салуға болады? Оқушылардың ғаламшарлар көлемін салыстыра отырып жұ-мыс жасауына ықпал жасау.

Жауабы:Қос теңсіздік шешімінің жиындарына тиісті ғаламшарлар жиынына: Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, сатурн, Уран суреттерін салады. Күнге ең жақын Меркурий мен Нептун ғаламшарлары қос теңсіздік шешімі жиынына кірмейді.

Өшіргіштің тапсырмасы.

Өткенді пысықтау мақсатында амалдардың орындалу ретін еске түсіреді, баған түрінде орындайды.

Жауабы:

a) 1 — 103, ә) 1 — 9,

2 — 1634, 2 — 567 321,

3 — 51809, 3 — 91,

4 — 53443; 4 — 567 230.

Бағдаршам түстері арқылы бағалау

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

1-2-слайд

3-слайд

4-слайд

5-слайд

6-слайд

7-слайд

8-слайд

9-слайд

10-слайд

11-слайд

Бағдаршам суреті

38–40

Рефлексия

Оқушыларға қағаздан жасалған ұялы телефондар таратып, «Ғарышқа хат» SMS хабарламасын жолдауын сұрау.

- Сабақта қаншалықты жұмыс жасадың?

- Бүгінгі сабақтан не үйрендің?

- Қай дерек тиімді болды?

- «Ғарыштағы досыңа» қандай жаңалығыңды айтар едің?

- Келесі сабаққа ұсынысың?

слайд

SMS хабарлама,

Стикерлер

12-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу