Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3А бөлімі–Бөлшектер. Есептер

Мектеп: Көкшетау қаласындағы Физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 3-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дұрыс және бұрыс бөлшектер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

4.1.1.2 жай бөлшектерді/ бөлімдері/алымдары бірдей жай бөлшектерді/ аралас санды бұрыс бөлшекпен жазу/ бұрыс бөлшекті аралас санмен жазу оқу және салыстыру

 Сабақ мақсаттары

Жай және аралас бөлшектерді жазу,оқу.

 Бағалау критерийлері

  • Аралас санды бұрыс бөлшекпен жазады, оқиды және салыстырады
  • Бұрыс бөлшектерді аралас санмен жазады, оқиды және салыстырады

Тілдік мақсаттар

 

Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас бөлшек, жай бөлшек, бөлімі, алымы, бүтін, т.б.

 Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу,жауапкершілік, еңбекқорлық

 Пән аралық байланыстар

Қазақ тілі және әдебиеті, дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Үлес пен бөлшек ұғымы туралы біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Саған есеп үйреткен,

Пәнге қара құрметпен.

Санды тура табатын,

Математика болатын.

Математиканы оқимыз,

Миымызға тоқимыз.

Оқушылар ұжыммен өлең жолдарын қайталайды. Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі.

(Ұ) Ойлан тап!

Мақсаты: сабақтың тақырыбын анықтау

Оқушыларға тақтадан сурет көрсетіледі. Сурет бойынша талқылау жасалып, сабақтың тақырыбы анықталады.

  • Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?
  • /Оқушылардың жауаптары тыңдалады/

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау. Бағалау критерийлерін шығару.

Презентация

Сабақ ортасы

5 минут

5 минут

3 минут

5 минут

5 минут

5 минут

(Ұ, МК) Қайталайық!Салыстырайық!

Мақсаты: Өткен білімдерін еске түсіру, жаңа сабақпен байланыстыру. Білімдерін бекіту.

Салыстырайық

-Сызба бойынша шеңбердің үлестерін бөлшек түрінде қалай жазуға болады?

-Шеңбердің қай үлесі артық, ал қайсысы кем?

-Неліктен?

-Қандай қорытынды шығаруға болады?

Ереже:Бүтінді неғұрлым көп бөлікке бөлсе, соғүрлым оның үлесі аз болады.Қай бөлшектің алымы үлкен болса сол бөлшектің мәні артық болады.

(Ө, Ж) Сурет бойынша бөлшекті анықтап жаз..

Мақсаты: бөлшек сандарды жазуға, оқуға дағдылану.

Оқушылар бөлшектерді жазып болған соң, жұппен дәптерлерін ауыстырып, тақтадағы дұрыс нұсқамен өзара тексереді, «+», «-» арқылы бағалайды, кері байланыс жасалады.

(Ө, Ұ) Оқулықпен жұмыс. 54-бет.

Оқушылар оқулықтағы анықтамамен танысып, оқулықта берілген тапсырманы орындайды.

Шығарып көр.Бөлшек арқылы жаз. 55-бет.

Оқушылар бұрыс бөлшектерді аралас санға, аралас санарды бұрыс бөлшектерге айналдырып жазады.

Тапсырма орындалып болған соң, өзара тексеріліп, кері байланыс жасалады.

(Ө) Жұмыс дәптерімен жұмыс. 52-бет

/Тапсырманы дәлелдей отырып, тексереді, берілген бөлшек сандарды тағы қалай модельдеуге болатындығын ұсынуына болады,кері байланыс жасалады/.

Презентация

Бейнежазба

Дәптермен жұмыс

Презентация

Оқулықпен жұмыс

Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

4 мин

Бағалау.

«Сөйлемді толықтыр»

Есіме .......түсірдім.

Маған ..... қиын болды.

Әлі де .... қайталау керек.

Өзін-өзі бағалау

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар білім деңгейлеріне байланысты тапсырмалар тарату.

Оқушылардың жай бөлшектерді/ бөлімдері/алымдары бірдей жай бөлшектерді/ аралас санды бұрыс бөлшекпен жазу/ бұрыс бөлшекті аралас санмен жазу оқу және салыстыру деңгейін бағалау.

Сергіту сәті

Топтық жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрысжүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу