Өрнектерді салыстыру. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Бөлшектер және пайыз

№ сабақ. Өрнектерді салыстыру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Өрнектерді салыстыру

Оқу мақсаты:

4.2.1.6 Бөлшектерді салыстыруды қолдану

Бағалау критерийлері

Бөлшектерді салыстыруды қолдана алады

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: бөлшек аралас сандар, заттың ең үлкен бөлігі, заттың ең кіші бөлігі, бұрыс бөлшектер

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Бөлшектерді салыстыру үшін олардың алымдары

немес бөлімдері бірдей болуы керек. Болмаған жағдай-

да, бөлшектің негізгі қасиетін қолданып, бөлімдерін

немесе алымдарын теңестіріп алу керек. Содан кейін

салыстыруды орындайды.

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыруды біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Сабаққа кіріспе тапсырма. Сабақ Үш қоржын

жаттығуынан басталады. Оқушылар таратып берілген

қиықшаларды сәйкес қоржынға салулары керек. Соңын-

да, қоржындарға салынған қиықшаларды бір-бірден

алып, сыныппен бірге сандардың дұрыс салынғандығына көз жеткізу.

Шығарып көр. а) Тапсырма мақсаты — бөлшек,

аралас сандарды салыстыру арқылы заттың ең үл-

кен, ең кіші бөліктерін анықтау. Оқушы бұл тапсырма

арқылы танымын кеңейтеді, бөлшектерді салыстыруға

жаттығады. Тапсырманы орындауды жұпта жасауға бо-

лады. Ал, жұптар өзара талқылау арқылы дұрыс жауап-

ты анықтайды.

14

м ең ұзын бөлігі — домбыра мойыны

25

3

м ең қысқа бөлігі — домбыра құлағы

25

Себебі,

14 8 3

> >

25 25 25

ә) Тапсырма мақсаты — бұрыс бөлшектерді

аралас сан арқылы жазуға үйрету, оларды салысты-

ру арқылы өсу ретімен орналастыруға үйрету, киіз

үйлер туралы ақпарат арқылы тарихты білуіне ықпал

ету. Оқушылар5f тапсырманы жеке орындауға тапсыру,

Өйткені, бөлшектерді салыстыруды алдыңғы

сабақта да қарастырған. Дәптерлеріне орындаған жұ-

мыс жазбасын мұқият қарап, балалардың бөлшектермен жұмыс жасау деңгейін анықтау. Ол ақпаратты өзімізге белгілеп аламыз. Оқушыларға дайындаған киіз үйлер туралы ақпаратпен таныстыру. Киіз үй шаңырағының ұзындығы оның қанат немесе кереге санымен анықталатынын, киіз үйдің шеңбері ұзындығы одан үш есе үлкен болатынын, бірақ есік орнатуға екі метр артығымен алынатынын айту.

Қазақ халқының тарихында киіз үйдің бірнеше түрі қолданылған.

Отыз қанатты — «Алтын орда», ол ханның мәжіліс ордасы;

Сегіз қанатты — «Ақ ала орда», онда бай адамдар тұрған;

Алты қанатты — «Ақ үй», бұл үйде дәулетті адамдар өмір сүрген;

Төрт қанатты — «Қоңыр үй», мұнда қарапайым адамдар тұратын болған.

60 92 70 52

9 ; 3 ; 15 ; 6

арқылы түрлі киіз үй шеңберлерінің ұзындықтары берілген. Осы бөлшектерді аралас сандарға түрлендір. Сонда пайда болған бүтін бөліктер киіз үй қанаттарының санын көрсетеді. Ол сандарды өсу ретімен орналастыр.

Жауабы:

Өсу реті: 30, , ,

б) Тапсырма бөлшектерді салыстыруды қолдануға

арналған. Оны топпен орындауға болады. Оқушыларды

шағын топтарға біріктіріңіз. Өз ішінде топ мүшелерін

сайлау. Орындау уақытын хабарлау. Орындап

болған соң, топтар ауысып, ақпарат алмасады.

Жауаптарды салыстыру арқылы дұрыс шешімге келеді.

Топ жұмысын бағалау критерийін беру. Оқушылар

өзара бағалауды орындайды.

Анам мереке дастарханына арнап, жент тағамын даярлауды ұнатады.

Жент құрамындағы бидай талқаны оның , сары май — , тары — , құмшекер— бөлігін құрайды.

Қай тағам женттің ең көп бөлігін құрайды? Ең аз бөлігін ше?

Жауабы:

Көп бөілігін бидай талқанын, аз бөлігін сары май мен талқан құрайды.

Себебі,

в) Оқушылар бұл тапсырманы орындауда бөлшектерді салыстырады, есеп шартына сәйкес жауап жазады. Орындап болған соң, өзара бағалау жүргізу.

Әжемнің айтуынша, атамның кебістері оның барлық аяқ-киімдерінің бөлігін, ал мәсілері бөлігін құрайды. Әр мәсіге бір кебістен келсе, атамызға қандай аяқ-киім түрін сатып алып беру керек?

Жауабы:

Мәсі алып беру керек. Себебі,

Бөлу алгоритмі жазылған кеспеқағаздар

№4 слайд

№5 слайд

№6 слайд

https://youtu.be/t9wmr0o5YNQ

№7 слайд

№8 слайд

№9 слайд

№10 слайд

Кері байланыс

Сабақ соңында «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен

оқушылар сабақтағы өз әрекетіне және сабақтың өтуі-

не бағалау жасау. Стикерлерге «өте ұнаған не-

месе өте жоғары деңгейдегі» өзінің екі әрекеті мен

«жақсартуға болатын» бір ұсыныс жазады.

№11 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу