Бүтінді бөлігі бойынша табу. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Бөлшектер және пайыз № сабақ. Бүтінді бөлігі бойынша табу | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы | ||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||
Тақырыбы: | Бүтінді бөлігі бойынша табу | ||||||
Оқу мақсаты: | 4.5.1.3 бүтіннің бөлігін табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есеп құрастыру, шығару | ||||||
Бағалау критерийлері | Бүтіннің бөлігін табуға берілген есептерді талдайды, шығарады, кері есеп құрастырады. | ||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||
Құндылықтар | Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу | ||||||
Пәнаралық байланыс | жаратылыстану | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстырады, қосады, азайтады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | Сабаққа кіріспе тапсырма Тақырыппен таныстырмас бұрын бүтіннің бөлігін табу мысалдарын оқушылармен талдау. Оны шешу жолын түсіндіруін сұрау. Бұл мысалдарға кері есеп туралы не ойлайды екен? Бүгінгі сабақта бүтіннің бөлігін табуға кері есептер қарастырылатынын айту.
Бұл жаттығу оқушылар ой қорытуы үшін орындалады. Оны талдау арқылы бөлігі арқылы бүтінді табу ережесі қорытылады. Сыныппен талдау арқылы әртүрлі идеялар мен сұрақтарға жауап беруді ұйымдастыру. Барлық балапандар нешеу? Қанаттары теңбіл балапандар нешеу? Олар барлық балапандардың қанша бөлігін құрайды? Барлық балапандар санын өрнектеу үшін бөлігі бойынша санды табу ережесін қолдан. Қорытынды жаса: бөлігі бойынша санды қалай табуға болады? Жауабы: Барлық балапан саны 6; Қанаттары теңбілдерінің саны 2; бөлігін құрайды; Барлық балапандар санын өрнектеу үшін 2 • 6 : 2 = 6 орындалады; Шығарып көр Бұл тапсырмадан оқушы сурет арқылы бөлігі арқылы бүтінді табу ережесін ұғады. Оқушылар оларды жеке орындайды, жұмыс нәтижесі дұрыс жауаппен салыстыру арқылы тексеру. Ережені қолдануда қате жіберген оқушыларды қадағалау. Оларға жеке түсіндіру жұмысын жүргізу. а) Бөлігі бойынша бүтінді табу ережесін қолданып, әр суреттегі бүтін фигура қанша бөліктен тұратынын өрнектеп жаз. ә) Бөлігі бойынша бүтінді тап. б) Шаршының қабырғасы 10 см. Бөлігі бойынша бүтінді табу ережесін қолданып, шаршы периметрінің 40 см екенін көрсет. а) Жауабы: 3 • 9 : 3 = 9; 2 • 5 : 2 = 5; 1 • 6 : 1 = 6. ә) Жауабы: 16. Себебі, 4 • 4 : 1 = 16. б) Шешуі: 10 cм — бөлік, ол бүтіннің бөлігі болып тұр, өйткені, периметр төрт қабырғаның қосындысына тең. Сонда, 10 · 4 : 1 = 40, демек, бүтіннің 40 cм екенін көреміз. 2. Сүт зауыты. Тапсырма игерген дағдыларын қайталау мақсатында беру. Тапсырманы топта орындап, белгіленген уақыт біткеннен соң, топ өкілдері жауаптарымен таныстырады. Қате жіберген топтың жауабын талқылау. Сүт зауытына фермалардан күн сайын сүт жеткізіледі. Өңделген сүт өнімінің 3550 литрі мектептерге жіберіледі, бұл барлық өнімнің үштен бір бөлігін құрайды. Балабақшаларға 2130 литр, ал қалғанын дүкендерге сатылымға жібереді. Дүкендерге сатылымға қанша литр сүт жіберіледі? Жауабы: 3550 · 3 = 10650 (л) - барлық өңделген сүт; 10650 – (3550 + 2130) = 4970 (л) - дүкенге жіберілді. Ойлан. Тапсырма деңгейі жоғары. Оны орындау үшін оқушы мәтінді дұрыс түсінуі, шешу әдісін таңдауы, есептеуді дұрыс орындауы керек. Ол үшін шаршы ауданының шаршы қабырғасы квадратына теңдігін білуі керек, бөлігі арқылы бүтінді таба алуы және сұраққа жауап беру үшін натурал сандарды қосуы керек. Оқушылар тапсырманы орындау үшін, қалауынша, топ тарға бірігеді. Әр топта қабылеті жоғары оқушылардың болғаны дұрыс. Тақырыптың күрделігіне орай, оқушы лардың бір-бірін оқытуы жақсы нәтиже береді деп күтіледі. Әр топқа өз жұмысын таныстыру үшін «Қонақ бала» немесе «Джигсо» әдісін қолданыңыз. Бағалауды оқушылар өзара орындасын. Бағалау критерийлерімен таныстырыңыз. Бағалаушы оқушы сыныптасын бағалау- да: «Есеп шартын дұрыс түсінген бе?», «Шаршының ау- данын біле ме?», «Бөлігі бойынша бүтінді есептей ала ма?», «Үлкен шаршы ауданы дұрыс табылған ба?» деген сұрақтарға жауап береді. Жауабы: Шешуі: кіші шаршының ауданы 2 · 2 = 4 см2. Штрихталған бөлік ауданы 4 · 5 : 2 = 10 см2. Үлкен шаршының ауданы 4 + 10 = 14 см2 ә) Бұл тапсырманы орындауда оқушы, біріншіден, бөлігі бойынша бүтінді табуды немесе бүтіннің бөлігін табуға мәтін құрады, сонымен қатар, шығармашылдық танытады деп күтіледі. Барлық оқушының жауабын тыңдауда уақыт үнемдеу үшін, «Әткеншек» әдісін қолдану. «Сыртқы» және «Ішкі» қозғалмалы шең- бер жасау арқылы оқушылар бір-бірімен жауаптарын бөліседі. Өзіндік бағалауды ұсыныңыз. Оқушылардан кімнің жұмысын жоғары бағалайтынын сұрау. Орындап көр. Оқушылар жұптасып орындайды. Шеңберде ережені орындау мүмкін болмайтын бөлшектер кездеседі. Кездейсоқ таңдауы сол сандарға сәйкес келген оқушы жеңіледі. Бұл тапсырма оқушыда қызығушылық туғызады, бір-бірін бағалауда мұқият болуға мүмкіндік береді және өзара қателері болса, жоюына себеп болады деп күтіледі. | Бөлу алгоритмі жазылған кеспеқағаздар №4 слайд №5 слайд №6 слайд №7 слайд №8 слайд №9 слайд №10 слайд | |||||
Кері байланыс | Сабақ соңында, «Бағдаршам» әдісімен өзіндік бағалау жасауды ұсыну. Өзіңіз де сабаққа кері байланыс ретінде оқушылардың жетістігін атап өту. | №11 слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?