Бөлшектің негізгі қасиеті. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Бөлшектер және пайыз | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||
Тақырыбы: | Бөлшектің негізгі қасиеті | |||||
Оқу мақсаты: | 4.1.1.6 бөлімдері немесе алымдары бірдей жай бөлшектерді салыстыру/ сан сәулесінде салыстыру, дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды ажырату 4.1.2.14аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру; | |||||
Ғылыми тіл |
| |||||
Құндылықтар | Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу | |||||
Пәнаралық байланыс | жаратылыстану | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Аралас сандарды түрлендіреді | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | (Ұ)Сабақты тең бөліктер жаттығуынан бастау. Оқушылар назарын суреттерге аудару, олармен әңгіме жүргізу. Сұрақтар қою: -Боялған бөліктер тең бе? — Иә. -бөлшектер тең бе, неге? — Тең. Себебі, боялған бөлік аудандары тең. -Бөлшектердің жазылуында байланыс бар ма? — Иә.Қандай? — Бөлшектердің алымдары мен бөлімдері 2-ге көбейтіліп тұр. Осыдан кейін оқушыларды ережемен таныстыру. | Есептерге сәйкес макеттер Ламинатталған парақтар | ||||
Сабақтың ортасы | (Ұ) Ойлан. Оқушылармен ереженің тұжырымын талқылау. Қандай сандарға көбейтуге немесе бөлуге болатынын сұрау. 0-ге көбейту немесе бөлу туралы сұрау. Оқушылар оның мүмкін еместігін аңғаруы керек. Себебін нөлге көбейтсе немесе бөлсе, бөлшек бөлімі нөл болып қалатынын айту. Анықтамада осы ескертпенің жетіспей тұрғандығын түсіндіру. (Ж) Шығарып көр. а) Тапсырма бекіту жаттығуы болып табылады. Оқушылар көрсетелген үлгі бойынша, қалған бөлшектерді қандай санға көбейткенде, не бөлгенде, теңдік орындалатынын ұғуы керек. Оқушылар қажетінше жұптасып орындау. ә) (Ө,қ) Тапсырма оқушыларға бұрыннан білетін бөлшек ұғымының мағынасын түсінуге және жаңа тақырып бойынша жіберілетін қатені ескеруге көмектесу. Оқушы жеке орындайды, бұл маңызды, себебі, өз нұсқасын айтуда бөлшектің негізгі қасиетін қолдана ала ма, жоқ па, білу.Суретте 1/ 6 бөлшегі көрсетілген. Оқушылар 1/ 3 деген пікірдің қателігін көреді және оған тең, бөлімі 3 болатын бөлшек жазу үшін алымын да, бөлімін де 2-ге бөлу керек екенін айту. Ол мүмкін емес, себебі, 1 саны 2-ге бөлінбейді. Жауабы: дұрыс емес. 1 6 . б) (Ө) Бұл тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тапсырма арқылы бөлшекті түрлендіру үшін бөлшектің негізгі қасиетін қолдануды үйренеді және табиғаттағы жойылып бара жатқан құстар жайлы мағлұмат алады. Тапсырманың орындалуын тексеру үшін, дұрыс жауапты салыстыру арқылы, өзара бағалау жасау. (Ж) Орындап көр. Оқушылар жұпта орындайды. Қағаздан қабырғасы 15 см болатын, екі шаршы сызыңдыру. Оның біреуін тең екіге бөлдіру, екіншісін тең төртке бөлдіру. Сен кесілген бірінші қағаздың 1/ 2 бөлігін алу. Парталасына кесілген екінші қағаздың 1 /4 алсын. Екеуіне алған қағаз қималарын салыстырту. Олардың қайсысы артық, кем немесе тең? Кинестетикалық қабылдауы жоғары оқушылар үшін жұмыс пайдалы болып табылады. Қағаздан қабырғасы 15 см болатын шаршы қию арқылы тапсырма ресурсын даярлайды. Осы арқылы олардың тең, не тең емес екенін анықтау, түсіндіру. Жауабы: тең. | Есептер жазылған қима қағаздар | ||||
Сабақтың соңы Кері байланыс | Сабақтың рефлексиясы. Сабақтағы білімді меңгеру деңгейін түсіну үшін сұрақтар қою: – Тең бөлшек деген сөзді қалай түсінесің? – Бөлшектер тең болу үшін біріншісінің алымын бір санға көбейту жеткілікті ме? – Бөлімін ғана бөлсе ше? – Түрлендіру үшін неге 0-ге бөлуге болмайды? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?