Өрнектерді салыстыру. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Бөлшектер және пайыз

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Өрнектерді салыстыру

Оқу мақсаты:

4.2.1.5бөлімдері немесе алымдары бірдей жай бөлшектерді салыстыру, сан сәулесінде салыстыру

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

салыстыру

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Бөлшектің негізгі қасиетін біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

(Т)Сабаққа кіріспе тапсырма.Оқушыларды топтарға біріктіру. Шағын топтарға тапсырма тарату.Суретке қарап, есеп құрастыру:

Оқушыларға топ мүшелерін сайлауды, уақыттың шектеулі екендігін ескерту және топтық жұмысты бағалау критерийлерін беру. Орындап болған соң, әр топ өз жұмысымен таныстыру. Өзге топтар бағалау критерийлеріне сәйкес олардың әрқайсысының жұмысын бағалау. Осыдан соң бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу ережесіне шолу жасау. Мысалдар келтіру.

Сабақтың ортасы

(Ө)Шығарып көр а) Оқушылар тапсырманы жеке орындау. Нәтижесін жұптарда талдау. Оқушылардың түсінгендігін білу үшін олардан қандай қиындық туындағанын сұрау.

.

Оқушылар тапсырмаларды бөлшектер арқылы жазып, оларды қосады. Визуалдық қабылдауы басым оқушылар үшін тиімді бұл тапсырма басқа оқушылар үшін де пайдалы, олар суреттер арқылы бөлшектерді қосудың не мағына білдіретінін терең түсінеді.

б) Тапсырма мәтіні оқушыларға салауатты өмір салты туралы ой салады, есептеу мен ой қорыту арқылы тұжырымдаған ережені бекітеді.

Ақназар мен әкесі күнделікті таңғы жаттығу кезінде 3 2 км жүгіріп, ал 1 2 км қашықтықты жай жүріп өтеді. Олар барлығы қандай қашықтықты өтеді? Оқушылар жауапты ауызша айтсын. Міндетті түрде бірнеше оқушы айтып көрсе, эмоционалдық жағынан жеңіл қабылданады. Дұрыс жауап бермеген оқушылар өз ойын жеткізеді, өзінің қай тұста қателескенін ұғады.

Ойлан. Тапсырманы орындау үшін оқушылар мәтінді түсінуі керек, қосындысының ит, мысық, құстар барлық ем алушы жануарлар мен құстардың қанша бөлігін құрайтындығын білдіретінін түсінуі керек. Сонымен қатар, оқушыларға мәтін арқылы табиғатты қорғау — адами құндылықтар туралы ой салады.

(Ж)Орындап көр. Оқушылар келтірілген бөлшектерді қосады, нәтижесіндегі түсті шаршылармен белгіленген сандарды анықтау, оларды көрстеліген ретпен қойып, Ертіс өзенінің ұзындығын білу. Оқушылар жұпта орындау.

Есептер жазылған қима қағаздар

https://youtu.be/ut2Xjv-NpSA

Сабақтың соңы

Кері байланыс

Сабақтың рефлексиясы.

Сабақтың соңында «Бағдаршам» әдісімен оқушылардың жай-күйін анықтау. Олар «сабақтағы жетістіктерім көп болды» дегенді білдіретін жасыл түсті, «түсінбеген тұстар болды» десе, сары түсті, «сабақтағы өз әрекетіме көңілім толмады» десе, қызыл түсті таңдайды. Жолақша стикерлерді түстердің тұсына жапсырады.

«Бағдаршам» көздерінің түстері



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу