Шамалар арасындағы тәуелділік. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Қозғалысқа, егіннің түсімділігіне берілген есептер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Шамалар арасындағы тәуелділік

Оқу мақсаты:

4.5.1.2**

есептерді шығаруда егіннің түсімділігі, ауданы мен массасы шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану

4.5.1.1

есепті сызба, алгоритм, дөңгелек диаграмма, график түрінде модельдеу

Бағалау критерийлері

шамалар арасындағы тәуелділікті орнату және түсіндіру;

модель бойынша есепті құрастыру;

есептерді шешу алгоритмі кезеңдерін айту;

есептер мен олардың шешімдерін салыстыру;

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

үлес, бөлшек сан

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

сызба, график, схема, бағыт;

үштік шама, шамалар тәуелділігі;

егіннің түсімділігі, егін массасы;

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

шамалар арасындағы тәуелділікті біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Кіріспе тапсырма.

Сыныппен «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісін

қолдану арқылы ұжымдық жұмыс ұйымдастыру. Әр оқушыға нөмірлері жазылған ақ қағаздың парақтарын және оны кеудеге жабыстыруға арналған скотч тарату. Оқушылар өз парағын алып, оған өзінің атын, тегін жазады және оны кеудесіне бекітеді.

Оқушылар «бірінші, екінші» болып санайды. Топтардағы бірінші нөмірлер ішкі шеңбер, екіншілер — сыртқы құрады. Екі топтағы ішкі және сыртқы шеңбердің оқушылары жұптар құрады. Белгі беру арқылы оқушылар жұптар-

да бір-біріне таратпа қағаздарында жазылған сұрақтарын жарты дауыспен қояды (жолдасына көрсетпей).

Егер жауап дұрыс болатын болса, кеудесіне бекітілген параққа есептің шешуін жазады. Егер сұраққа қате жауап берілсе, онда параққа ештеңе жазылмайды. Бұл әрекет оқушылар өздерінің алғашқы орындарына қайта оралғанша қайталанады.

Кері байланыс ретінде сұрақтар қою:

— Барлығы неше дұрыс жауап болды?

— Барлығы неше қате жауап болды?

— Тапсырмаларды неліктен орындай алмады деп ойлайсың?

№1-2-слайдтар

Таратпа қағаздар

Сабақтың ортасы

Оқу мақсатымен таныстыру:

өнімділік массасын табуды үйренесің;

жаңа аудан бірліктерімен танысасың.

(Т) Сөйлемді аяқта. Бұл тапсырма егіннің түсімділігі формулаларын қайталап, бекітуге мүмкіндік береді. Оқушылар берілген сөйлемдерді аяқтап, тапсырманың

сұрақтарына жауап береді.

Кестемен жұмыс жүргізу.

Өнімділік · аудан = өнімділік массасы;

Өнімділік массасы : аудан = ?

Өнімділік массасы : өнімділік = ?

Өнімділік ауданы қандай бірліктермен өлшенеді?

Жиналған өнім қандай бірлікпен өлшенеді?

(Т)Өнімді жинап ал. Оқушылардың талдауын

тыңдау. Егер олар қателескен болса, онда тағыда ойлануды ұсыну. Математикалық тілде сөйлеу ережесіне және шамалардың өлшем бірліктерін дұрыс пайдаланғандарына назар аудару.

Жауабы:

а) 600 ар = 6 га; г) 52 га = 5200 ар;

ә) 9000 ар = 90 га; ғ) 712 га = 71200 ар;

б) 416 000 ар = 4160 га; д) 3 га = 300 ар;

в) 23700 ар = 237 га; е) 74 га = 7400 ар.

(Ж)Табиғат құбылысы. Аудан бірлік-

терін өсу ретімен орналастырады.

Ортақ тақырыпқа байланысты табиғат құбылыстарының қазақ халқының ауа райын болжау әдістері туралы қысқаша танымдық мәлімет беру.

Ағашта қырау болса, күн жылиды.

Қырау қалың түссе, кешікпей қар жауады деп күтіледі.

Түнде қырауланса, күндіз жауын жаумайтынның белгісі.

Жерге жұқа қырау түссе, күн жылынады.

(Т) Шығарып көр. Оқушылар есептердің шартын оқып шығару жолын шағын топта талдап, шешуін өз бетінше дәптеріне жазады. Барлық есепті шығарып болған соң, әр топтың өкілі басқа топқа барып жауаптарын салыстырады, шығару жолын түсіндіреді.

Жауабы:

240 · 3 = 720 (ц)

720 : 3 = 240 (ц/га)

720 : 240 = 3 (га)

(Ө) Ойлан. Тапсырманы жеке ойланып

шығаруды ұсыну, қиын болса жұпқа бірігіп талқылау. Сұраққа жауап беру үшін уақыт өлшем бірліктерін қайталау.

Сағат 14:00-дегі ауа райының мәліметі бойынша

бұлтты күндер келесі аптада да жалғасады.

82 сағаттан кейін күн ашылатынын күтуге бола ма?

Жауабы:

Жоқ. Себебі, түнгі сағат 12:00 болады.

(Ө) Орындап көр.

Оқушылар тапсырманың сызбасын ламинатталған параққа сызып орындайды.

Жұпта өзара тексереді..

№3 слайд

№4 слайд

№ 5 слайд

№ 6 слайд

№ 7 слайд

№ 8 слайд

№ 9 слайд

(Ө) Қайтала

Алдымен тіктөртбұрыш тәрізді гүлзардың ауданын, содан соң әр квадратына 9 шырайгүл отырғызылатыны белгілі болса, 500 шырайгүлдің көшетінің қанша жерге жететінін табу.

Жауабы:

Шешуі:80 · 55 : 9 = 4400 : 9 = 488 (шырайгүл)

Жауабы: гүлзарға 488 шырайгүл кетеді.

Сабақтағы материалды игерудің деңгейін оқушыларға берілген бағалау критерийлері бойынша өзара бағалауы арқылы тексеру, ол үшін оқушылар ауызша кері байланыс береді. Ал, эмоционалдық деңгейін білу үшін сабақ соңында «Бас бармақ» әдісін қолдану.

Белгілер: бас бармақ жоғары бағытталса, «жақсы», көлденең бағытталса, «қалыпты», төмен бағытталса, «алаңдаушылық» деген мағынаны білдіреді.

№10 слайд

№11 слайд

Кері байланыс



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу