Егіннің түсімділігіне берілген есептерді шығару. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Қозғалысқа, егіннің түсімділігіне берілген есептер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Егіннің түсімділігіне берілген есептерді шығару

Оқу мақсаты:

4.5.1.2**

есептерді шығаруда егіннің түсімділігі, ауданы мен массасы шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану

4.5.1.1

есепті сызба, алгоритм, дөңгелек диаграмма, график түрінде модельдеу

Бағалау критерийлері

шамалар арасындағы тәуелділікті орнату және түсіндіру;

модель бойынша есепті құрастыру;

есептерді шешу алгоритмі кезеңдерін айту;

есептер мен олардың шешімдерін салыстыру;

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

үлес, бөлшек сан

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

сызба, график, схема, бағыт;

үштік шама, шамалар тәуелділігі;

егіннің түсімділігі, егін массасы;

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

шамалар арасындағы тәуелділікті біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

) Кіріспе тапсырма. Жеке лото.

Әр оқушыға таратпа қағаздардың жеке жиынын, екі тіктөртбұрышқа бөлінген үлкен таратпа қағаз, әр тіктөртбұрышта жауап жазылған және тіктөртбұрыштың өлшемдеріне сәйкес

келетін, онда есептер жазылған таратпа қағаздар дайындау.

Оқушылар тапсырманы орындайды және осы тапсырма жазылған таратпа қағазбен сәйкес ұяшықты жабады. Таратпа қағаздар бет жағымен кестеге қарай жабылады. Егер тапсырма дұрыс орындалса, онда тартпа қағазардың жабылған қарсы жақтары белгілі бір шартты

шифрды құрайды: егіндіктің суреті.

— Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

— Егіннің түсімділігін қалай табамыз?

— Ауданды қандай өлшем бірліктермен өрнектеуге болады?

№1-2-слайдтар

Таратпа қағаздар

Әр оқушыға таратпа қағаздардың жеке жиынын, екі тіктөртбұрышқа бөлінген үлкен таратпа қағаз, әр тіктөртбұрышта жауап жазылған және тіктөртбұрыштың өлшемдеріне сәйкес

келетін, онда есептер жазылған төрт таратпа қағаздар дайындау.

Сабақтың ортасы

Оқу мақсатымен таныстыру:

егіннің түсімділігіне берілген есептерді шығаруды үйренесің

(Ұ)Жапалақ қар. Оқушылар қар жапалақтарында жазылған километр квадратты өсу ретімен атайды, гектарға аударады. Содан кейін қорытынды жасап ережені

естерінде сақтайды.

Жауабы:

3 км2 = 300 га 64 км2 = 6400 га

7 км2 = 700 га 482 км2 = 48200 га

18 км2 = 1800 га 500 км2 = 50000 га

24 км2 = 2400 га 3000 км2 = 300 000 га

Шығарып көр. Тапсырманың мақсаты диаграмманы оқып, кесте арқылы есептер шығару дағдысын қалыптастыру.

(Т) а) Топтық жұмыс. Сұрақтар қою:

-Тапсырмада не белгілі?

-Қандай сұрақ қойылған?

-Тапсырманың сұрағына бірден жауап беруге бола ма, әлде жоқ па? Неліктен?

-Алдымен не істеу керек? Неліктен?

Орындауға уақыт белгілеу. Содан соң бір топтың өкіліне жауабын тақтаға жазып, шешімін түсіндіру. Басқа оқушыларға жазылған шешімді тексеруді ұсыну.

(Ұ) ә) Оқушылар диаграммаға және кестеге сүйене отырып, ұжыммен есептің шартын талдайды. Топта ақылдасуға және шешімін жазуға уақыт беру. Топ шешімдерін тақтаға жазу. Басқаларына өз тобының шешімін

тақтадағымен салыстырып, талдау жасау.

Жауабы:

1) 240 т = 2400 ц

2400 : 300 = 8 (га) — картоп «Табыс» ш/қ;

2) 250 т = 2500 ц

2500 : 625 = 4 (га) — сәбіз «Табыс» ш/қ;

3) 220 т = 2200 ц

2200 : 275 = 8 (га) — картоп «Достық» ш/қ;

4) 2600 : 520 = 5 (га) — сәбіз «Достық» ш/қ.

Қосымша сұрақтар:

Табыс және Достық шаруа қожалықтарында бар-

лығы қанша жер жұмсалды?

Қайсысы артық? Қаншаға?

8 + 4 = 12 (га) «Табыс» ш/қ;

8 + 5 = 13 (га) «Достық» ш/қ.

Жауабы: «Достық» ш/қ 1 гектарға артық

Жауабы:

ә) 1) 200 · 10 = 2000 (ц);

2) 150 · 10 = 1500 (ц);

3) 2000 – 1500 = 500 (ц);

4) 500 ц = 50000 кг.

Жауабы: құлпынай массасы биылғы жылы былтырғы жылға қарағанда 50 000 кг-ға артық болды.

(Т) Ойлан. Оқушылар тапсырманы топта талқылайды, қорытындыларын шығарады. Әр топтың өкіліне тақтаға жауабымен шығып, өз жауабын дәлелдеу. Оқушылардан сұраққа жауап беру үшін, нені білу керектігін сұрау.

Жауабы:

240 : 3 = 80 (м) — қоршаудың ұзындығы;

80 · 4 = 320 (м2) — жер телімінің ауданы.

(Ө)Қаптағы картоп. Тапсырма логикалық ойлау-

ды дамытуға бағытталған. Оқушылар тапсырманы өз бетінше орындайды.

Жауабы:

10 кг + 40 кг, 20 кг + 30 кг, 50 кг.

(Ө) Орындап көр. Тапсырманы өз беттерінше шешуді ұсыну. Содан соң екі оқушыны таңдап алып (дұрыс және қате жауабы бар), оларға тапсырманың жауабына қалай келгендерін басқа оқушыларға түсіндіруін сұрау. Содан соң басқа оқушыларға кімнің шешімі дұрыс, кімдікі бұрыс екендігі туралы шешім шығаруын және неліктен екендігін түсіндіруін ұсыну.

Жауабы:

900 · 400 = 360 000 м2 = 36 га — орамжапырақ

900 · 700 = 630 000 м2 = 63 га — жүгері

400 · 500 = 200 000 м2 = 20 га — қияр

300 · 500 = 150 000 м2 = 15 га — сәбіз

200 · 500 = 100 000 м2 = 10 га — қызылша

Қайтала

Теңдік тура болатындай етіп арифметикалық таңбаларды қояды.

Жауабы:

а) 60 · 20 – 200 = 1000;

ә) 800 : 20 + 40 = 80.

№3 слайд

№4 слайд

№ 5 слайд

№6 слайд

№ 6 слайд

№ 8 слайд

№ 9слайд

№ 10 слайд

Сабақтың соңы

Кері байланыс

Күн, ала бұлтты, бұлттың суреттерін алып, кері байланыс береді.

№11 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу