Есептерді әртүрлі әдіспен шығару. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Қозғалысқа, егіннің түсімділігіне берілген есептер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Есептерді әртүрлі әдіспен шығару

Оқу мақсаты:

4.5.1.9

бір-біріне кездесу және қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс/ артынан қуып жету, бір бағыттағы қалып қою қозғалысына берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдіспен шешу

Бағалау критерийлері

шамалар арасындағы тәуелділікті орнату және түсіндіру;

модель бойынша есепті құрастыру;

есептерді шешу алгоритмі кезеңдерін айту;

есептер мен олардың шешімдерін салыстыру;

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

бір-біріне кездесу;

қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс;

артынан қуып жету;

бір бағыттағы қалып қою қозғалысы

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

шамалар арасындағы тәуелділікті біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

) Кіріспе тапсырма.Әр топқа кесте тарату.

Қозғалыс формулаларын қайталау арқылы еске түсіру.

Әр топ құрастырған есептерін келесі топқа ұсынады.

Есептердің шығарылу жолы мен орындалу дұрыстығын тексеру.

Оқушылар есептерді шығарады (есептерге сәйкес макеттер тарату). Есептің шығару жолын түсіндіреді. Топтар бірін-бірі тексереді, бағалайды.

1. Арақашықтығы 630 км жолды жылдамдықтары 70 км/сағ және 90 км/сағ болатын екі автокөліктің қайсысы бұрын жүріп өтеді ? Межелі жерге қайсысы қанша уақыт бұрын жетеді ?

2. Архат пен Марат атпен жарысты. Архаттың атының жылдамдығы 20 м/сек, ал Мараттың атының жылдамдығы 18 м/сек. 10 секундтан кейін аттардың арақашықтығы неше метр болды? 10 минуттан кейін ше ? 1 сағаттан кейін ше?

3. Бір айлақтан екі кеме бір уақытта шығып, бір бағытта жол тартты. 4 сағаттан соң бірінші кеме айлақтан 120 км, ал екіншісі 140 км қашықтықта болды. Әр кеменің жылдамдығын тап. 1. Есеп құрастыр. Оқушылар тапсырманы топта талқылайды. Кесте бойынша есеп құрастырып, шешу жолдарын ұсынады. Есептің неше амалмен шыққанын, қандай арифметикалық амалдарды қолданғанын және неліктен екенін сұрау. Автокөлік бірінші қаладан екінші қалаға дейін 90 км/сағ жылдамдықпен 5 сағат жүрді, ал қайтар жолына 6 сағат жұмсады. Екі қаланың арақашықтығын және автокөліктің қайтар жолындағы жылдамдықты тап.

90 · 5 = 450 (км);

450 : 6 = 75 (км/сағ).

Жауабы: екі қаланық арақашықтығы 450 км, қайтар жолындағы жылдамдық 75 км/сағ.

Есептерге сәйкес макеттер

Сабақтың ортасы

(Т)Шығарып көр. Тапсырма қуып жетуге берілген есептерді арифметикалық әдіспен шығару дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар топтағы жұмысты жалғастырады. Есептердің шартымен танысқаннан кейін, топ болып есептердің шығару жоспарын құрады. Жоспар арқылы оқушылар есептердегі амалдарды айқындайды. Есептерді орындап болған соң топтар бірін-бірі тексереді, бағалайды.

Жауабы: а) 100 – 70 = 30 (м/мин); 450 : 30 = 15 (мин); 18 сағ 45 мин + 15 мин = 19 сағ.

Жауабы: 19 сағ.

ә) 1/2 км = 500 м; 100 · 10 = 1000 (м); 500 + 1000 = 1500 (м) — Аслан Дәулетті қуып жететін қашықтық; 1500 : 10 = 150 (м/мин) — Дәулеттің жылдамдығы; 150 – 100 = 50 (м/мин). Жауабы: 50 м/мин. 2. Спортшылар. Тапсырманы өз беттерінше шешуді ұсыныңыз. Жауабы: 8 – 6 = 2 (м/с); 10 : 2 = 5 (с). Жауабы: 2 сағ.

(Ж) Ойлан. Жұптық жұмыс ұйымдастыру. Саралау мақсатында жекелеген оқушыларға өз бетінше орындауды ұсын. Соңынан жұптар арасында өзара тексеру жүргізу. Жұптың және тапсырманы өз бетінше орындаған оқушыларды бағалау.

Жауабы: 5 · 76 = 380 км; (12 – 5 – 2 = 5 сағ; 780 – 380 = 400 км; 400 : 5 = 80 км/сағ.

Жауабы: 80 км/сағ

Есептер жазылған қима қағаздар

Сабақтың соңы

Кері байланыс

«Екі жұлдыз бен бір тілек» стратегиясы ойыны түрінде өткізу. Сары жапсырмалардағы оқушылар сабақта оларға ұнаған екі мезетті бекітеді, ал жасыл жапсырмадағы оқушылар өздерінің ойынша жұмысын жақсартуы мүмкін бір тілекті бекітеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу