Логикалық есептер. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Қозғалысқа, егіннің түсімділігіне берілген есептер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Логикалық есептер

Оқу мақсаты:

4.4.2.2

кеңістіктік ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық есептерді шығару

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

шамалар арасындағы тәуелділікті біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ойлан. Тапсырманы оқушылар топтарда орындасын. Алдын-ала топтарға біріктіру стратегиясын таңдап қойыңыз. Оны оқушыларыңыздың қабылеттеріне, қызығушылығына қарап немесе кездейсоқ ұйымдастырыңыз. Оқушылар әр суреттегі бейнеленген кеңістік денелерін таңдау арқылы дұрыс жауапты беруі керек. Топтар өз жауаптарын өздері таңдаған фигуралар арқылы таныстыруы керек. Топ атынан сөйлеушіні өзіңіз таңдаңыз, таңдау кезінде көмекті қажет ететін оқушыларды немесе ойлау жылдамдығы баяу, коммуникативтілік дағдылары жеткіліксіз оқушыларды тартыңыз. Сөйтіп, ол оқушылар үшін «жетістікке жету жағдайын» жасаңыз. Жауабы: пирамида, шар, қиық конус, цилиндр.

Есептерге сәйкес макеттер

текше жазбаларын

Сабақтың ортасы

(Ұ) Үй салайық. Бұл тапсырма сабақтағы білім өмірде қайда қолданыс табатынын аңғаруға мүмкіндік береді. Оқушылардан, сәулетші болуды мақсат етіп қоятын оқушылар бар ма екен, сұрау. Бұдан соң, оқушылар көзге елестету арқылы алдынан, жанынан және жоғарыдан қарағандағы пішіндерін бейнелеп көрсетуі керек. Оны дәптерге орындайды. Жұмыстарын өзара жұптасып, салыстырады. Жауаптар ортақ болмаған жағдайда әр жұптың талқылауын сынып болып, тыңдау, керегінше, басқа жұптар түзету енгізеді.

(Ж)Шығарып көр. Оқушылар қабылетіне, өз қалауына қарай тапсырманы орындау түрін таңдайды. Мүмкін, жеке немесе шағын топта орындауды таңдайды. Өзара салыстыру және тақтада дайын дұрыс суретін көрсету арқылы жауаптың дұрыстығына көз жеткізеді. Жауабы: жоғары жағында — сары дөңгелек, алдыңғы жағында — қызыл шаршы, оң жағында — жасыл үшбұрыш.

(Ж)Орындап көр. Бұл тапсырманы орындау оқушыларға қиын болуы мүмкін. Сондықтан, оларды жұптарға біріктіріп, ойларын айтуды ұсыну. Тақтаға олардың жауабында айтылған болжамды немесе нақты деп таныған сандарды жазу. Ішінара оқушылардан өз ойын негіздеуді, түсіндіруді сұрау. Кейін тапсырманы қағаздан қолдан жасау арқылы орындап, көзбен көру арқылы дұрыс жауапқа көз жетікізу. Жауабы: 128.

Есептер жазылған қима қағаздар

Сабақтың соңы

Кері байланыс

Сабақтың рефлексиясы.

Сабақ соңында оқушылармен кері байланысты ауызша орындауды ұйымдастыру. Ол үшін слайдқа «Сабақта үйренгенім …», «Сабақта орындай алмадым …» деген аяқталмаған сөйлемдерді көрсету. Оқушылар сөйлемді жалғастыру арқылы өз ойларын айтады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу